Топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг тақырыбы: Топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесі.

Жалпы мақсаты: Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы ынтымақтаса жұмыс істеу ережесін құру. Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрету. Шағын топтағы жұмыс моделін құру.

Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 83-85 беттер

Күтілетін нәтиже: Тапсырмаларды орындау барысында шағын топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін игереді. Топтық жұмыс арқылы табысты оқытуға қол жеткізеді, топпен ынтымақтаса жұмыс жасаудың заман қажеттілігі екенін ұғынады.

Түйінді идеялар: Топтық жұмыс арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.

Сабақта қолданылатын материалдар: А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам.

Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер.

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу.

(5 мин)

«Оның есесіне мен...» тренингін ұйымдастыру

Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.

І тапсырма.Шағын топқа бөлу

(8 мин)

1.Цифрлар арқылы топқа бөлу

2.Топтарға стикер таратылады. Стикерге өздерінің көңіл-күйлерін смайлик арқылы бейнелеу тапсырылады.

3.Топта жұмыс істеу үшін белгілі бір ережеге сәйкес жұмыс істеу керектігін түсіндіру.

Шағын топтарға топ ережесін құру және флипчартқа жазып, таныстырып шығуды тапсыру.

Цифрларды таңдау арқылы үш топқа бөлінеді.

Топтың әрбір мүшесі өз көңіл-күйін смайлик арқылы бейнелейді.

Бірлесе отырып, топ ережесін құрады және ережемен таныстырады.

ІІ тапсырма

( 8 мин)

Қазақстаннан шығатын газет-журналдардың атын жылдам жазып шығу.

Ассоциация әдісін қолдану

1.Жеке орындау.

2.Шағын топта орындау

3.Жұмысымен таныстыру.

Белгіленген уақыт ішінде А-4 парағына Қазақстаннан шығатын газет-журнал атын әрбір топ мүшесі жеке, кейін топта талқылап, бірлесе жазып шығады.

Бірлесе орындаған жұмыстарымен таныстырады.

ІІІ тапсырма.

(15 мин)

  1. Топтық жұмыс:

Егер мектептен газет шығатын болса, ол қандай болуы керек? Газет атын қалай қояр едіңіздер?

Әр топқа өз ойын флипчартқа жазу немесе постер арқылы бейнелеу тапсырылады.

  1. Қорғау

  1. Қорғау жұмысы бойынша сұрақ қою.

Жұмыстарын өзара бағалау.

Әр топ «Мектеп газеті» туралы өз ойларын флипчартқа дайындайды және қорғайды.

Бір-бірін тыңдап, қорғау жұмыстарына бйланысты сұрақтар қояды.

Жұмыстарын «екі жұлдыз бір тілек» арқылы өзара бағалайды.

Сергіту сәтін өткізу. Проигрыватель Windows Media «Макарено» биі

Интерактивті тақтадан көрсетілген «Макарено» биіне билейді.

IV тапсырма

( 15мин)



Рөлге түсу әр топқа 5 мин

Рөлдік ойын.

«Редактор, мұғалім және оқушы» тақырыбында сценарий құрастыру және рөлге түсу.

Ынтымақтастықта жұмыс істеу.

Жауапкершілікті сезіну.

Берілген тақырып бойынша сценарий құрастырып, рөлге түседі.

V.Қорытындылау

«Бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру» дегеніміз не? Флипчартқа 1 сурет және 5 сөз жазып беру және қорғау.

Берілген тақырып бойынша флипчартқа 1 сурет, 5 сөз жазып, идеяларын қорғайды.

VІ.Ақпарлама

(5 мин)

Топтық жұмыс туралы Power point арқылы қысқаша мәлімет беру.

Фильм қаздар

Топтық жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулықтағы мәліметпен танысады.

VІІ. Рефлексия.

(3 мин)

Бастапқыда өз көңіл күйлерін бейнелеген стикер артына сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу не бейнелеу тапсырылады.

Саусақ арқылы білдіру

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын смайлик арқылы бейнелейді не жазады.

«жоғары» «орта» «төмен» белгісімен түсінген,түсінбеген, белгілерін көрсету.



© 2010-2022