Ахмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақа

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ахмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаАхмет Байтұрсынұлы Өгіз бен бақаТаныстым: мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы. «Өгіз бен бақа»

Сабақ мақсаты:

  1. А.Байтұрсыновтың өмірі, шығармашылық жолымен таныстыру, тілші, әдебиетші, көсемсөз шебері, ақын және аудармашы екенін таныту, мысалдың мазмұнын меңгере отырып, идеясын ашу.

  2. Жас ұрпақты мақтаншақтық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты қасиеттерден бойларын аулақ ұстауға баулу.

  3. Мысал өлеңін композициялық құрылысын талдау, мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқу. Интербелсенді тақтада жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі: жаңа сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ -жауап, мәнерлеп, рөлге бөліп оқу, талдау жүргізу, интербелсенді тақтада жұмыс жүргізу.

Көрнекілігі: А.Байтұрсынұлы суреттері, флипчарт, оқушылардың шығармашылық жұмыстары;

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Армысыңдар, балалар,

Дайынбыз ба сабаққа?

Бар ма үйден дайындық,

Тапсырмаңыз дұрыс па?

Әдебиет - сөз өнері,

Сай келейік талапқа,

Оқымасақ, уайым жеп,

Тығылмаңыз қуысқа.

Ойымызды айтайық,

Білімімізді байқайық,

Мына отырған ұстаздар

Қалсын бір сәт марқайып,- деп ашық сабағымызды бастайық.

1 кезең Миға шабуыл

Сұрақтар оқылып, оған тез жауап қайтарылуы керек.

  1. Ә.Тәжібаев қай жылы, қай қалада дүниеге келген? (1909, Қызылорда)

  2. Толағай жанры жағынан қандай шығарма? (ерлік туралы аңыз)

  3. Ертегі - дастанға қандай оқиға арқау болған?

  4. Толағай қандай ерлігімен көзге түсті?

  5. Толағай бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадың? (жанашырлық, ерлік, батылдық, елге деген сүйіспеншілік)

  6. Толағай секілді ер болу қолынан келе ме? Алда-жалда жұрт күйзелсе сен не істер едін?

2 кезең Жаңа сабақ

«Тағылымдылық шығарма»

Әдебиет жанрлары



эпопея өлең трагедия

роман баллада комедия

повесть арнау өлең

поэма сонет

әңгіме

очерк

ертегі

мысал

батырлар жыры

лиро - эпостық жыр

аңыздар

Электронды оқулықпен жұмыс

Мысалдар

Ой - пікір астарлы беріледі, пернелеп көрсетіледі

Қоғамдағы, жеке адам бойындағы жағымсыз мінез -құлықтарды, кемшіліктерді әжуа - күлкі етеді

Жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды

Кейіпкерлері аңдар, құстар, хайуанаттар, өсімдіктер

Қара сөзбен де, өлеңмен де айтылады

Шағын көлемді, оқиғалы тағылымдық шығарма







Қазақ әдебиетінде мысал жанрын дамытушылар

Ш.Құдайбердіұлы

«Қасқыр, түлкі, бөдене»

С.Дөнентаев

«Ауырған арыстан»

А.Байтұрсынұлы.

«Өгіз бен бақа»

«Егіннің бастары»

«Аққу, шортан һам шаян»

Ы.Алтынсарин

«Қайырымды түлкі»

А.Құнанбайұлы.

«Шегіртке мен құмырсқа»

«Есек пен бұлбұл»

«Бақа мен өгіз»



С.Көбеев

«Иттің достығы»

«Қара бұлт»

«Көлбақа мен Юпитер»

А.Тоқмағанбетов

«Бидай мен қаңбақ»

Мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды. Бұлай көрсетуді аллегория дейді.

Қазақ әдебиетінде мысал жанры ұлы Абайдан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы, Сәбит Дөнентаев секілді ақындар Абай дәстүрін ілгері оздырды. Бұлар орыстың ұлы мысалшысы И. А. Крыловтың туындыларына қазақтың шапанын жауып, қалпағын кигізді. Сондықтан Абай мен Ахмет мысалдары аудармадан гөрі қазақтың өз топырағында жаратылған шығарма кейпінде көрінеді

3 кезең Әдебиет танытқыш

Зар заман саңлақтарының ішінен біз ерекше тоқталатынымыз тұтас буынның төл басы, кешегі Ыбырай, Абай, Шоқан ізін әрі жалғастырушы

  • Ірі ғалым,

  • Тілші,

  • Әдебиет зерттеушісі,

  • Тюрколог,

  • Дарынды ақын,

  • Аудармашы,

  • Қоғам қайраткері,

  • Педагог.

Шежіре тарату

Таңбай

Көбек Бөстек Жансары Сабалақ Кәйден Рахмет Саталақ Тінібек Баршын Жатай Мөс Шошақ

Байтұрсын

Ахмет Мәшен Қали Кәкіш

1873 жылы 18қаңтарда Қостанай облысы, Торғай атырабы Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.

1882 - 1884 жылы ауыл мектебінде хат таниды.

1885 жылы 12 қазанда әкесі Байтұрсын, інісі Ақтас Сібірге 15 жылға жер аударылады. Ахметтің шешесі - Күңіш Құлыбекқызы.

1886 - 1891 жылы Торғай қаласы екі сыныпты орыс - қазақ училище

1891 -1895 жылы Орынбор мұғалімдер мектебінде оқиды.

1895 жылы Ақтөбе Қостанайда мұғалім болады. Үйленеді. Жұбайы - Әулиекөлдегі орман қорықшысының қызы - Александра Ивановна. (төлқұжатын ауыстырып, Бәдрисафа Мұхамедсадыққызы Байтұрсынкеліні делінген)

1896 - 1907 жылдары Қарқаралыға келеді. 2 сыныптық училещенің меңгерушісі болады.

Қарқаралыда жүріп, «Қырық мысал» еңбегін жазады. 1907 жылы Петербург қаласында кітап болып шығады. Аққа қара жағу оңай. «Қырық мысал» қоғамға жат шығарма ретінде көрсетіледі. Айыппен Семейге жер аударылған, сегіз айдан соң түрмеден шығады.

1929 жылы қайта қамауға алынады. Өзін архангельск облысына, зайыбы Бәдресафамен, қызы Шолпан Томскге жер аударылады.

1934 жылы қамаудан босайды.

1937 жылы қайта ұсталады.

1938 жылы атылды.

Ахмет айыбы - елінің ардағы, көсемі, демек - ұлтшыл!

4 кезең Мысалмен айтқан көп ойлар

Электронды оқулықпен жұмыс

«Өгіз бен бақа» мысалын тыңдау.

Сұрақ - тапсырмалармен жұмыс

  1. Ақын мысал өлеңінде не жайында сөз еткен?

  2. Ақын бақа арқылы өмірдегі қандай адамдарды бейнелеген?

  3. Шығарманы рөльдергеге бөліп оқы

Сөздік жұмысы

Сарша тамыз - өте ыстық

Бек - өте

Шырақ - айналайын

Жырақ - алыс

Пормың - формаң, пішінін

  1. Бақа мен өгіздің айырмашылығы мен екеуіне ортақ қасиеттерді Венн диаграммасы арқылы көрсет.



Венн диаграммасы

Өгіз ортақ Бақа













Адам мінезін меңзеп тұр. Көрсеқызарлық, мақтаншақтық, ақымақтық - жағымсыз мінездер.

Идеясы - алланың берген бағына, несібесіне тәубә ету.

Өлеңнен қандай ой түйеміз. «Әлін білмес әлек»

5 кезең Қорытындылау

Абай атамыз:

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның, білсеңіз,- демекші, адам бойында қандай жаман, керіғар, бойымызды аулақ ұстауға қажет қандай мінез құлықтар бар? Кәне, топтастырайық!





Адамгершіліктің дұшпандары



6 кезең Үйге тапсырма

Жоспар құру

Абайдың "Бақа мен өгіз" мысалын оқу

7 кезең Бағалау



© 2010-2022