Урок казахского языкаМои обязанности в семье

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасындағы міндеттерім.Етіс.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жаңа тақырыпты оқушылардың бар білімімен байланыстырып, жүйелік байланыстар тудыру. Оқытудың ұтымды жолдары мен әдістерін сабақта пайдалана отырып, ауызекі сөйлеуге, өз ойын жеткізе білуге,
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Үлкен - кішіні сыйлау, оларды құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқу,сұрақ-жауап,тыңдау,жазу
Сабақтың көрнекілігі:карточка,оқулық,дәптер,сөздік,ватман.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу.
Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгінгі сабағымыз ерекше жағдайда өтеді, өйткені бізге құрметті қонақтар келіп отыр! Сондықтан сендер- барлық күштерінді жинап, өз білімдерінді көрсетуге тырысыңдар.

Сабақтың тақырыбын,мақсатын айту. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің отбасындағы міндеттерім» деп аталады.

Сабағымыздың мақсаты: осы тақырып бойынша сөздік қорымызды молайта отырып, тіл ұстартамыз,міндет деген не, қандай міндеттер болады.

2. Лексикалық минут.

Сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге жылы тілектер айтайық.

1.Мен саған жақсылық тілеймін.

2. Мен саған зор денсаулық тілеймін.

3. Мен саған сәттілік тілеймін.

4. Мен саған қуаныш тілеймін.

5. Мен саған бақыт тілеймін.

6.Бекзат,сен бүгін бес ал.

7.Анна,бүгін сенің күнің жақсы өтсің.

Біздің сабаққа мектептің мүғалімдері келіп отыр.Оларға қандай тілек айтамыз?Құрметті мұғалімдер,сізге зор денсаулық,сәттілік,бақыт,қуаныш тілейміз.

Жақсы балалар,мен де сендерге сәттілік тілеймін.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.(мәтінді мазмұндау)

Отансүйгіштік,қайырымдылық әр адам үшін ең жогары қасиет.Өз Отанын,өз халқын сүймейтін , елдің қөрғаны бола алмайды.Отаншылдық өз отбасынан үйінен басталады.Ата-анасын,жерін,қаласын құрметтесе,сол адам отаншыл бодады.Қайырымды отбасы мүшелері өзара сыйластықта өмір сүреді,өзгені құрметтейді.

Сабақтың тақырыбын,мақсатын айту.

Сабақтың ұраны:
"Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады"
Н. Ә. Назарбаев.


ІІІ. Оқушыларға «Міндет» сөзін қалай түсінесіңдер деген сұрақ қоямын. Міндет деген сөзді әр топ алып өз білгенінше алып шығады.

Міндет деген не?Обязанность.Балалар, сіздердің қандай міңдеттеріңіз бар?Сендер мектепте кімсіңдер?Оқушылар.Оқушылардың міндеттері не?жақсы оқу, білім алу Тағы қандай міндет болу керек?Мұғалімдерді тыңдау,сабаққа кешікпеу,мұғалімдерді сыйлау,құрметтеу,үй жұмысын орындау,тәртіпті болу.

Үлкен кісілердің,ата-аналардың міндеттері бар ма? Бар.Мысалы:Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу.Өмірде әр адамның міндеті бар. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысайық

Сөздік : гүлзар-клумба субұрқақ-фонтан

Айнала-вокруг

Шаруа-хозяйство

Қоқыс-мусор

Қиын жұмыс-трудная работа

Шаңды сүрту-вытереть пыль

Қолғабыс-помощь Жаңа сөздерді хормен қайталайық
ІV.Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді мұқият оқып шығу. Мәтін не туралы?
1топ Отбасындағы міндет. 2топ-Мәтіннің негізгі ойы қай сөйлемдерде берілгенін табу.

Әңгіменің авторы.Әңгіменің кейіпкерлері. Тақырыбы.

3топ-Сұрақтарға жауап беру.

Қыздың отбасы қандай болды?

Қандай үйде тұрған?

Отбасының ауласы қандай болған?

Анасы тазалықты қалай бағалаған?

Шағын отбасында кімдер болған?

Олардың міндеті?

VІІ. Грамматика.
Етіс.Ережені еске түсіру
VІІІ.Тест.

Сабақты бекіту.Сабақтың тақырыбы қандай ?Міндет деген не?

Отбасында қандай міндет болады?

Сенің қандай міндетін бар?


IV. Үй тапсырмасы: «Менің отбасындағы міндеттерім» тақырыбына шағын шығарма жазып келу.

V. Бағалау. Қол шапалақтау арқылы қандай топ қалай жұмыс істегенін көрсетейік.

1-ші топ; 2-ші топ; 3-ші топ. Рақмет, барлықтарың жақсы жұмыс істедіңдер.

VI. Рефлексия.

Менің сабақта алған әсерім. (балалар стикерлеріне жазып оқиды, тақтадағы ағашқа іледі


Қоштасу:


Орнымыздан тұрайық

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы деп,

Сәу саламат болайық.



© 2010-2022