Сабақтың тақырыбы: Абай - ұлы тұлға ( 9 сынып)

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қожағұлова Гүлзипа Нұрқалиқызы

№ 7 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жамбыл облысы Меркі ауданы

5 сынып

Тақырыбы: Абай - ұлы тұлға

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды халқымыздың біртуар перзенті Абай өмірімен таныстыру. Білім мен ғылымға баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың Ұлы Абай шығармаларымен жұмыс істеу арқылы өлеңге, әнге, өнерге деген әуестігін, шығармашылық қабілеттерін, көркемсөз шеберліктерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды Ұлы тұлғаның өнегелі де өсиетті сөз маржандары арқылы отансүйгіштікке, имандылыққа, білімді, өнерлі болуға, тілімізді, дінімізді қадірлей білуге тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Мөлдір

Абай ата- қазағымның тірегі.

Халқымыздың соғып тұрған жүрегі.

Төгетұғын сәулесі мен шуағын,

Маңдайдағы жарқыраған күн еді.

Өтіп кеттің өмірден,қалды үнің,

Сен өлгенмен,мәңгі өлмес өлеңің бар.

Ұғындырған осынау жас қадірін,

Ұрпағыңа қалдырған өсиетің,

Танытқандай қазақтың қасиетін.

«Жас жүрек соғар Абай» деп,

Ұрпағың тұр алдыңда бас иетін.

Абай - туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақын.

2-жүргізуші: Қуаныш

«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» дегендей, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз Абай атамыздың жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін өнегелі де асыл сөздеріне, даналық ойларына және өмірдерегіне шолу жасаймыз.

1-оқушы: Нұргүл

Мұхтар Әуезов: «Қазақ әдебиетіне Абай кіргізген жаңалықтар көп. Абай-қазақтағы суретті сұлу сөздің атасы,терең сырлы, кең мағыналы кестелі өлеңнің атасы. Қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген-Абай»

Мейіржан «Өзгеге, көңілім, тоярсың»

2-оқушы:Қаблан

Ә.Бөкейханов: «Абай -қазақ халқының мақтанышы. Абай сияқты халықтың рухани шығармашылығын осыншама жоғары сатыға көтерген қазақ ақыны әлі кездескен жоқ. Абай - данышпан, философ».

3-оқушы:Арай

Қуат алам Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазғанмын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден.

«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін»,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін

М.Мақатаев


1-жүргізуші:Мөлдір


Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім.

Мыңмен жалғыз алыстым,кінә қойма,- деп осы бір төрт жолға бүкіл өмірін сыйғызып кеткен Абай.

Ахат «Оспанға»

Дидар «Әбдірахман өліміне»

2-жүргізуші: Қуаныш

Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында дүниеге келген. Туған жылы - жылан.Ибраһим деген атын бұзып, Абай деп қойған шешесі екен. Әкесі Құнанбай, шешесі Ұлжан, руы - Тобықты. Абайдың жеті атасы: Әйтек, Олжай, Айдос, Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай, Абай.Жас кезінен әңгімеге, өлеңге әуес болды. Ертегі, аңыздарды да зейін қойып тыңдай білген. Әсіресе әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі, аңыздардың Абай үшін маңызы зор болды.

Көрініс: «Ақын қонақтар»

Қаблан «Білімдіден шыққан сөз»

4-оқушы: Аяжан

Жастайынан халық ауыз әдебиетіне сусындап өскен Абай ақындық жолға бет бұрады. Абайдың өлеңдері жас ұрпақты еңбекке, өнер-білімге ұмтылуды үндейді.Алғашқы жазған өлеңі «Жасымда ғылым бар деп ескермедім »

5-оқушы:Арай

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

6-оқушы: Айгерім

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң,арқалан,

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та,бар, қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар.

Қашқанға да қуғанға

Әділет, шапқат кімде бар.

Сол жарасар туғанға.

Қуаныш: Абай өзінің өлеңдерін таза халық тілінде жазды. Өлеңге басқа тілдерден орынсыз сөздер енгізуге қарсы болды.

Абайдың бізге жеткен үш күйі бар: «Май түні», Торыжорға, Абайдың желдірмесі.Абай ата - ақын, жазушы, философ, сазгер, аудармашы, данышпан, көсем, табиғат жыршысы, табиғат досы, қамқоршысы, суретшісі. Абай әндерін бала да,үлкен де, жеке дауыста да, трио, квартет те, хормен де сүйіп орындайды.

Ән: «Желсіз түнде жарық ай»(Хор)

Көрініс: «Абай мен Әбіш»

Абай-Кабылан

Әбіш-Ахат

7- оқушы:Қарақат

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар.

Әнді сүйсең,менше сүй.

Дүние ойдан шығады,

Өзімді-өзім ұмытып.

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып.

Мұғалім: Абай да жас болды. Өмірге, табиғатқа,әдемілікке, тазалыққа жаны құштар болды. Махаббатты да жоғары бағалай білді.Мысалы,қыс,көктем,жаз,күз мезгілдеріне арналған өлеңдері.

Әйгерім «Қыс»

Әсем «Жаз»

Айдана «Күз»

Мөлдір: 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық, ойшылдық және көбінесе адамгершілікке өсиет, толғауға арналған .

Аяжан «Он тоғызыншы қара сөз»

Көрініс «Он жетінші қара сөз»

Қайрат-Ахат

Жүрек-Аяжан

Ақыл-Арай

Ғылым-Динара

9-оқушы: Әділет

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт,дел-сал ғып,

Түн басады маужырап.

Шың шығармас жол-дағы,

Сыбдырламас жапырақ.

Тыншығарсың сен-дағы,

Сабыр қылсақ азырақ.

10 - оқушы: Нұргүл

Жастайынан халық жағына шығып,олардың зар, мұңын ұға білген Абай қазақ халқының болашағы үшін күресті. Ел арасындағы дау-жанжалдардың әділ жолын көрсетіп, адам бойында кездесетін жаман мінез - құлықтарды ақыл, парасаттылығымен шеше білген.

Динара «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

Айдана «Ғылым таппай мақтанба»

Эльмира «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»

Мұғалім: Міне,балалар, бүгін Абай атамыз жөнінде біраз мағлұмат алдық деп ойлаймын.Абай атамыз туралы «Абай» кинофильмі түсірілген.Онда Абайдың ролін Болат Әбдіманов ағамыз ойнайды.Алматы қаласында Абай атындағы опера-балет театры,Абай атындағы көшелер,музейлер,Абай ескерткіші,жоғарғы оқу орындары,мектептер,қала аттары бар. Бұл дегеніміз халқымыздың Абай еңбегін бағалап,мәңгі есте сақтайтындығымыздың куәсі. Енді сабағымызды қорытындылайық. (Слайд бойынша сөйлеу.)

Қазіргі ақындар Абай мектебінен өткен. Абай салып кеткен ізбен келеді. Оның дәлелі мінекей, бүгін Абай өміріне,шығармашылығына шолу жасадық.

Нұргүл «Қазаққа ой қалдырған»

Қорытынды: Абай жолы - халық жолы. Абай атамыз- қашан да келешектің өлмес, өшпес күн шуағы. Әрқашан да жас жүрегіміз Абай деп соғар. Сабағымызды Елбасымыздың мына сөзімен аяқтағым келіп отыр:

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»


© 2010-2022