• Преподавателю
  • Другое
  • Қорғаныстағы сарбаз, жаумен тікелей қақтығысқа түспей қорғану кезінде ату позициясын (оқ ататын орынды) таңдау және орналасу

Қорғаныстағы сарбаз, жаумен тікелей қақтығысқа түспей қорғану кезінде ату позициясын (оқ ататын орынды) таңдау және орналасу

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Қорғаныстағы сарбаз, жаумен тікелей қақтығысқа түспей қорғану кезінде ату позициясын (оқ ататын орынды) таңдау және орналасу.

10 сыныпқа арналған алғашқы әскери даярлық

пәнінің сабақ жоспары


Сабақ тақырыбы: Қорғаныстағы сарбаз, жаумен тікелей қақтығысқа

түспей қорғану кезінде ату позициясын (оқ ататын

орынды) таңдау және орналасу. Жатып атуға арналған

оқпананы жабдықтау және жасыру

АӘД пәні оқытушы-ұйыдастырушысы: А.Ы.Молдабеков



Қорғаныстағы сарбаз, жаумен тікелей қақтығысқа түспей қорғану кезінде ату позициясын (оқ ататын орынды) таңдау және орналасу.


2015-2016 оқу жылы

«Бекітемін» Мектеп-гимназия директоры

__________Ө.Р.Табынчаев

«_____»____________2016жыл


Алғашқы әскери дайындық пәні

САБАҚ ЖОСПАРЫ №30


Сабақтың тақырыбы: Қорғаныстағы сарбаз, жаумен тікелей қақтығысқа

түспей қорғану кезінде ату позициясын (оқ ататын

орынды) таңдау және орналасу. Жатып атуға арналған

оқпананы жабдықтау және жасыру

Сабақтың мақсаты: Қорғаныстағы сарбаздың іс - әрекеті,орлануы жайлы

жалпы мағлұмат беру.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: БӘД кабинеті

Өткізілетін күні: 10 «А» сыныбы ______________ 2016жыл

Көрнекілік құралдар: Плакаттар, АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 минут.

  • жауынгер командирден тапсырма алған соң нені білуі керек?

  • ұрысқа дайындалар кезінде жауынгер нені тексереді?

  • «Шабуылға дайындал!» пәрмені берілген кездегі жауынгердің іс-әрекетін айтып беріңдер.

  • «Шабуылға алға!» пәрмені бойынша жауынгердің әрекетін айтыңдар.

  • ядролық жарылыс кезіндегі жауынгердің іс-әрекетін айтып беріңдер.

  • төмен биікте ұшатын ұшақтар мен тікұшақтарға жауынгердің қолданатын атыс тәсілдерін атаңдар.

б) Негізгі бөлім - 25 минут.

Қорғаныстағы жауынгер.

Жауынгер қорғаныста өз бөлімшесінің құрамында қимыл жасайды. Оның негізгі міндеті - өз қаруын, жергілікті жерді, оқпана мен орларды, сондай - ақ инженерлік бөгеттерді тиімді пайдалана отырып, басқа сарбаздармен бірлесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскері мен танкілерін мүмкіндігінше көбірек жойып, олардың шабуылдарына тойтарыс беріп, бөлімше бекінген бекіністі ұстап тұру. Жауынгер қорғаныста өзінің орнын тек командирдің бұйрығымен ғана тастап кете алады.

Қорғаныстағы жауынгер қарсыластың қайда тұрғанын және қандай қимылға бет бұрғанын, бағдарларды, бөлімшелер мен взводтардың міндеттерін, көршілердің қайда екенін және олардың атысты қай бағытта жүргізіп жатқанын білуі тиіс. Сонымен бірге хабарлау мен нысананы көрсету белгілерін, қай кезде өз бетінше немесе командир пәрменімен атыс бастауы, бөлімше командирінің орнын білуі қажет.

Бөлімше командирінен тапсырма алған соң, жауынгер оны анықтап алып, берілген жерде өз алдындағы жерді көруі және командир нұсқаған бағытта алыс қашықтықтан қарсыласқа қарсы көздеу атыстарын жүргізе алатындай болып орналасуы қажет. Содан кейін жатып ату үшін оқпана қазады. Егер жағдай мүмкіндік берсе тізеден ату үшін оқпананы 60см-ге дейін, ал тұрып ату үшін 110см-ге дейін тереңдетеді.

Орлану жауынгердің кіші күрегімен жүзеге асырылады. Ол қарсылас оғының астында жатып ату үшін бір адамдық оқпана қазудан басталады.

Оқпана топырақтан қазылған, ұзындығы - 170см, ені - 60см, тереңдігі - 30см ордан және 30см-ге дейінгі биіктіктегі қалқадан тұрады. Топырақ қалқа мен ор арасынан ені 20 - 40см болатын алаңқай қалдырылады. Атқылау секторында топырақ қалқаның биіктігі 10см-ге дейін азайтылады.

Орлануды бастамас бұрын жауынгер әуелі атыс үшін орын таңдап алады, содан кейін қаруын өзінің оң жағына қоюы тиіс, бұл кез келген уақытта атыс жүргізу үшін ыңғайлы болады. Бұдан кейін жауынгер сол бүйіріне аударылып, күректі сыртқы қабынан шығарып, екі қолымен сапты ұстап, өзіне қарай ұрып, жердің жоғарғы қабатын ашуы тиіс алдынан және екі бүйірден ордың шекараларын белгілеп алуы қажет. содан кейін өзінен ары сыртқа ұра отырып, жердің шым қыртысын алып, оны алға немесе екі жаққа тастап, қазуға кірісуі қажет. Оқпана қазу кезінде жерді күрекпен қиғаш қазу керек, ал топырақты ең алдымен алға, сосын екі жаққа тастау қажет, бұл кезде 1 - 1,5м болатын топырақ қалқа пайда болады, ол жауынгерді қарсылас оғынан сақтауды қамтамасыз етеді.

Оқпана шұңқырдың алдыңғы бөлігінде қажетті тереңдік жасап алғаннан кейін жауынгер артқа жылжып, қажетті ұзындыққа дейін шұңқыр қазуды жалғастыра береді, бұл шұңқыр жауынгердің денесі мен аяқтарын тасалайтындай болуы тиіс. Оқпана жергілікті жердегі шым қыртысымен, шөптермен, ал қыста қарменен бүркемеленеді. Зақымданған жерде орлану жеке қорғаныс құралдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін ең әуелі жердің жоғарғы зақымданған қабаты алынып, жел жаққа жайлап тасталынады. Бұл кезде мүмкіндігінше өзін және жолдастарын шаңдатпау үшін шаң көтермеу керек

Оқпана қазу және жабдықтау кезінде, сондай-ақ ұрыс барысында, жауынгер үздіксіз қарсыласқа, жергілікті жерге бақылау жасайды және өз байқағанын командирге баяндап отырады.

Қарсылас шабуылға шығар алдында атыс дайындығын жүргізеді, кейде ядролық соққы жасауы да мүмкін. Ядролық жарылыс жарығын байқаған сәтте оқпананың түбіне бетті жерге қаратып, дереу жатуы қажет, ал ядролық соққы толқыны өткеннен кейін қарсылас шабуылын тойтаруға дайындалу қажет. Қарсыластың атыс дайындығы басталған кезде егер жауынгер бақылаушы болып тағайындалмаса, онда ол командир пәрменімен бөлім мен взвод бекінісінде жабдықталған жертөледе, тесікте немесе оқпана түбінде тасаланып, шабуылға тойтарыс беру үшін тез орнына ие болуға дайын болуы керек.

Қарсылас шабуылға шыққан кезде жауынгер ұрысқа дайындалады. Қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне командирдің пәрмені бойынша, ал қарсылас өз қаруының нақты атыс қашықтығына жақын келгенде өз бетімен оқ атады.

Егер оқпанаға танкілер жақындаса, жауынгер оны 15-20м қашықтыққа келгенше күтеді де, ыңғайлы сәтте танкінің шынжыр табаны астына гранатты лақтырады. Егер танкіге, оқ тимей оқпанаға тақап келсе, сарбаз секіріп шығып, оның неғұрлым осал бөлігіне гранатаны лақтырады. Танкіні зақымдағаннан кейін жауынгер өз қаруынан атып, танк соңынан келе жатқан жаяу әскерді жояды. Зақымдалған танк экипажын шынжыр табанды жөндеуі немесе машинаны тастап кетуі кезінде автоматтан ату арқылы жояды.

Қарсыластың жаяу әскері оқпанаға 30-40м жақындаған кезде, жауынгер оларға қарсы гранаттар лақтырып, оларды өз қаруынан атып жояды. Егер қарсыластың жекелеген жауынгерлері қорғаныстың алдыңғы шебіне шықса, жауынгер оларды атыспен, гранатпен, сондай-ақ сүңгімен және дүмбімен жояды. Көршілер бекінісіне жақындаған қарсыластың жаяу әскерін жауынгер қапталдан және тылдан атыс жүргізу арқылы жояды.

в) Қорытынды бөлім - 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • қорғаныстағы жауынгердің негізгі міндеттері қандай?

  • қорғаныстағы жауынгер нені білуі керек?

  • ядролық қаруды қолдану және қарсыластың атыс дайындығы басталуы кезіндегі жауынгердің іс - әрекеті туралы айтыңдар.

  • қарсыластың жаяу әскері мен танкілері қалай жойылады?

Алғашқы әскери дайындық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы: А.Молдабеков





© 2010-2022