План урока по казахскому языку на тему Кужаттар. Дыбыстар

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Құжат ұғымы, топтастыру, қойылатын

талаптар. Әріптер мен дыбыстар.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Құжат ұғымы, топтастыру, қойылатын талаптар бойынша мәтін оқу, фонетиканы пысықтау, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

Дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;

Тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тест

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, тест парақтары, қиықшылар,

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.

Күтілетін нәтиже: фонетиканы меңгеру, өзі жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен амандасу.

- Кезекшінің мәліметі. Т.б.

ІІ. Жаңа сабақ. Дыбыс және әріптерді еске түсіру. Айтылу ережелерін түсіндіру: Қазақ тілінде 42 әріп бар.

Дауысты дыбыстар : 15

Дауыссыз дыбыстар : 25

Белгілер: 2 (ь,ъ)

Күнделікті қолданыстағы сөздер: (тақтаға тірек схема арқылы сауатты жазу)

Жыл айлары: қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан.

Жыл мезгілдері: қыс, көктем, жаз, күз.

Апта атаулары: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Сәлемдесу: сәлеметсіз бе, амансыз ба, есенсіз бе?

Қоштасу: сау болыңыз, қош болыңыз, кездескенше, аман болыңыз.

Мәтінмен жұмыс. Құжат ұғымы, топтастыру, қойылатын талаптар.

Іс қағаздарын жүргізудің басты өзегі - құжат.

Құжат деп қандай да бір зат туралы ақпаратты тіркеуге, беруге және сақтауға қызмет ететіннің барлығын атаймыз. Басқаша айтқанда, құжат - ақпараты бар материалдық тасымалдаушы. Мұндай тасымалдаушы ретінде қағаз, компьютер дискісі, фото және кинопленка және т.б. қызмет етуі мүмкін. Іс құжаты әкімшілік (басқару) ақпаратты белгілеу үшін қызмет етеді.

Кез-келген мекеме мен кәсіпорында құжаттардың, құжат айналымы жүйесін дұрыс ұйымдастырудың маңызы аса зор. Құжаттардың негізінде басқару шешімдері қабылданады, даулы мәселелер шешіледі. Қандай ұйымда болмасын, сауатты жасалып, заңды күшке ие болған құжат қана табысты жұмыстың кепілі болады.

«Құжат» ұғымы өзінің даму жолында айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Латын сөзі doceo алғашында «үйретемін», «хабарлаймын» деген мағынаны берген. Кейіннен туындаған, сөздің тар мағынасында алатын болсақ «айғақ, дәлел», «куәлік» мағынасын беретін documentum түрі ғылыми және практикалық қызмет саласының көпшілігінде ұзақ уақыт пайдалануда тұрақтап қалған.

Орыс тілінде «документ», яғни «құжат» ұғымы 17- ғасырда пайда болды. І Петр оны «письменное свидетельство», демек, «жазбаша куәлік» ретінде аударып, сол арқылы құжаттың құқықтық мәнін белгіледі. «Хаттамаларға қол қою туралы» деген Жарлық шығарған.

Құжаттың жалпы қызметтері:

1) әлеуметтік;

2) ақпараттық;

3) қарым-қатынастық;

4) мәдени;


Құжаттың арнайы қызметтері:

1) құқықтық;

2) дәрістік;

3) танымдық.

4) басқарушылық;

5) мемориалдық;

6) есептік.

7) эстетикалық;

8) релаксациялық.

ІV. Сабақты қорытындылау.

Тест сұрақтары.

1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

А) 41 Ә) 40 Б) 42 В) 45

2. Жіңішкелік белгісі мен айыру белгісі дыбыстарға жатады ма?

А) иә Ә) жоқ

3. Буынның түрлерін жаз:

... ... ...

4. Сөздердің аудармасын табыңдар: аты-жөні,мекен-жай, ермек, танысу

Знакомство -

Хобби -

Имя, фамилия -

Адрес -

5. Сөздердің аудармасын жазыңдар.

- Сәлеметсіз бе! -

- Қайырлы күн ! -

- Сау бол! -

- Көріскенше -

V. Сабақты бекіту. Мәтін бойынша сұрақтар қою.

VІ.Үйге тапсырма. Мәтіндерді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту.

VІІ. Бағалау бөлімі. Тест жұмысы бойынша және сабаққа қатысулары бойынша бағалау.

© 2010-2022