Ашық сабақ Жиреншенің хан сынағына түскені

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5- сынып

Қазақ әдебиеті

Сабақ тақырыбы

Жиреншенің хан сынағына түскені

Сілтеме

Оқулық. Нұсқаулық

Жалпы мақсаты

Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыру, сыни тұрғыдан ойлай отырып негізгі идеяны ашу.

Оқыту нәтижесі

Сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады. Мәтіннің негізгі идеясын ашады.

Негізгі мақсаты

-Өз бетінше ізденуге бағыттау

-Сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру

-Бір-бірінің пікірін тыңдауға үйрету

-Формативті бағалауды меңгерту

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті.

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

Шаттық шеңберін құру. Түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөлу.

Топқа бөлінеді.Түрлі-түсті қағаздарына қарай бөлінеді.


Білу

Үй тапсырмасын сұрау. Карточка жасау

  1. Ханның жарлығы.

  2. Домбырашының ханға баласының өлгені туралы жеткізуі

  3. Күйдің құдіреті

Топпен бағалау

Түсіну

Жаңа сабақ. 1.Жиренше шешен де, Қарашаш та өмірде болған адамдар.Оларды әз Жәнібек ханның тұсында, соның арғы-бергі уақыттарында, XV-XVI ғасырларда өмір сүрген деп білеміз. Өйткені Жиренше мен Қарашаш туралы аңыздарда көбінесе Жәнібек хан бірге айтылады. Олар туралы ел арасында көптеген аңыз әңгімелер бар. Аңыз әңгімелердің ертегіден айырмашылығының өзі- аңыз кейіпкерлерінің тарихта болған адамдар екендігі.

2. Жиренше туралы аңыз әңгіме бойынша Жиреншеге мінездеме беріңдер, оның мына қасиеттерін ескеру керек: біріншіден, Жиренше әрқашан әділдікті, шындықты айтады; екіншіден кісімен ақылдасуды ұмытпайды, үшіншіден, сөзді тауып айтады; төртіншіден, хан екен деп жағымпазданбайды, өзін еркін ұстап, ханмен тең дәрежеде сөйлеседі.

Мәтінді тізбектей оқу

Қолдану

Оқулықпен жұмыс.

1-топ: Жиреншенің Қарашашпен ақылдасып әрекет жасауына өзің қандай баға бересің.

2-топ: Жиреншенің жолмен де емес, жолсызбен де емес күйде жүріп келе жатқанын ханның «хайуанша» деген сөзі арқылы ашып айт.

3-топ: Жиреншеге хан неге қиын тапсырмалар берді деп ойлайсың? Топтық жұмыс.


Іс-әрекетін талдайды. Топты бағалау.



Сергіту сәті

«Қызыл өрік» биі

Сергіту сәтін жасайды.

Талдау

1-топ: Қарашаш мінездеме береді

2-топ: Жиреншеге мінездеме береді

3-топ: Ханға мінездеме береді.

Топтық бағалау

Жинақтау

Шешен сөзін постерге қорғайды

Постер қорғайды

Топпен бағалау

Бағалау

Өз-өзін бағалау


Рефлексия

«Екі жұлдыз бір тілек»

Кері байланыс жазады.



© 2010-2022