• Преподавателю
  • Другое
  • «Кеңес әскерінің Ауған жеріндегі соғыстан шығарылғанына 26-жыл толуына орай өткізілген ардагерлермен кездесу кешінің бағдарламасы»

«Кеңес әскерінің Ауған жеріндегі соғыстан шығарылғанына 26-жыл толуына орай өткізілген ардагерлермен кездесу кешінің бағдарламасы»

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Ескелді ауданы әкімдігінің

Байысов атындағы орта мектебі МДШО КММ











От шарпыған жастықтың бір парасы

Қан тамады жазылмай жан жарасы . . .



«Кеңес әскерінің Ауған жеріндегі соғыстан шығарылғанына

26-жыл толуына орай өткізілген

ардагерлермен кездесу кешінің бағдарламасы»








АӘД пәнінің ұйымдастырушы мұғалімі

Аймұхамед Дінмұхамедұлы










Алдабергенов ауылы

2015 жыл.






Тақырыбы: От шарпыған жастықтың бір парасы

Қан тамады жазылмай жан жарасы . . .

Мақсаты: а/ Оқушылардың бойына патриоттық сезім ұялату, ерлікке, Отаншылдыққа,

елжандылыққа, аталар ерлігін мақтан тұтуға баулу.

ә/ Ел қорғауды үйрете отырып, патриоттық тәрбие беру.

б/ Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26-жыл толған күнін атап өту.

Қажетсіз соғыстың қасіреті жайлы мәліметтер беру.

Әдісі: еске алу сабағы

Көрнекіліктері: слайдтар, бейнесюжеттер, кітап көрмесі, қабырға газеттері, буклет, альбомдар,

нақыл сөздер ілу т.т.

м: 1. « Отан үшін отқа түс - күймейсің »,

2. « Батыр майданда шынығады,

Болат қайнауда шынығады »,

3. « Отан от басынан басталады ». т.т.

Орны: мәжіліс залы, кабинеттерде өткізуге болады.

Пән аралық байланыстары: география, тарих


Шараның барысы:

Кіріспе бөлімі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні ойналады.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, ардагер қонақтар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз Ауған жеріндегі соғыстың аяқталғанына 26-жыл толуына байланысты өтіліп отыр.

Өздеріңізге белгілі бұл соғысқа қатысып қайтқан жерлестеріміз бар.

«Ер есімі-ел есінде»- деп дана халқымыз айтпақшы, жерлестеріміз туралы, тарих туралы біле жүру ешқашан артық болмайды. Өйткені ол сенің - Отаныңның, туған ауылыңның тарихы.

Ортамызда сол жылдардың куәсі - ардагер ағаларың келіп отыр. Олар . . . . . .

(ардагерлермен таныстыру барысында, оларды әскери атақтарымен, мемлекеттік марапаттауларымен атап өткен дұрыс.)



Жүргізуші: Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас,

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып

Ерлерді ұмытса да, жер ұмытпас

Арқаның селі, желі, шөбі, белі -

Ерлерді ұмытса да ел ұмытпас,- деп М.Жұмабаев жырлағандай сол соғыста қаза болған, кейіннен арамыздан қайтпасқа кеткен ағаларымызды 1-минут үнсіздікпен еске алайық.

Жүргізуші: Он жылға созылған Ауған соғысы, оның зардабы туралы білгенімізді ортаға

салайық.

1-оқушы: 1979 ж. 25- желтоқсанынан, 1989 ж. 15-ақпанына дейінгі аралықта өткен Ауған

еліндегі соғыста 22 269 қазақстандық жауынгер қатысқан. Оның 898-і құрбан

болды. 21-жауынгер із-тұзсыз хабарсыз жоғалды. Мүгедек болып оралғандар

262 адам.

\

2-оқушы: Бұл соғыс Кеңес әскерінің басқыншылық соғысы болды. Сайдың тасындай

іріктелген жігіттерімізді «сендер соғысып жатқан жоқсыңдар, әскери жаттығуда

жүрсіңдер»- деп алдады. Бұл қанды қырғын Ұлы Отан соғысынан кем түспеді.

3-оқушы: Климат жағдайы өзгеше, ауа-райы тым ыстық, таулы-қыратты, соғыс жүргізу

тәсілі толық зерттелмеген қиын заманда талай боздақтар душмандардың қолына

түсіп азапталды, миналарға ұрынды, оққа ұшып беймәлім соғыстың құрбаны болды.

4-оқушы: Қаза болғандардың құрметіне Қазақстанның 11 қаласында, аудандардың

40-елді мекендерінде ескерткіштер орнатылды. 2005 ж. 29 шілдеде Ауған соғысы

ардагерлері ұйымдарын біріктіру құрылтайы өтті. Ардагерлер қауымдастығы құрылды,

оның төрағалығына генерал-лейтенант Б.Е.Ертаев сайланды.(Халық Қаһарманы, депутат)

Жүргізуші: Сен құрметте оны,

Түсіндің бе, қарағым?!

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын.

Ауған соғысында қаза болғандарға, ардагерлерге алғыс айта отырып, Ауған жерінде, майданда жазылған өлең-жырлардан үзінділер оқиық.

1-оқушы: Қан кешкен он жыл

Ерлікпен өткен «тозақтан»

Баласы елдің құтқарар әр кез азаптан

Атылған оқтар,жаралы достар, айқай-шу

Есінде әлі кешегі Ауғанстанның.



2-оқушы: Есінде елдің

Жазықсыз сансыз құрбандар:

Төлебай, Сұлтан, Жайлаубай . . . тағы Талғаттар.

Жеті жүз алпыс бір қазақ кетті мерт болып

«Ел үшін кетті», «Жер үшін кетті!»-алдаулар

3-оқушы: Гүл ұстап келді

Бір адам жұтып қайғыны.

Елжіреп, толқып сезімнің шалқар айдыны

Ескерткіш, Гүлдер. . . Жылап көріскен адамдар

Он бесінші ақпан . . . .

Қуанышты күн әлде қайғылы?!


4-оқушы: «Отаным» деп от ішінде өлгендер,

Түсіме еніп, мазамды ала бермеңдер.

Бүгін менің кеудемде тұр жарқырап

Тірі болса солар тағатын ордендер.

5-оқушы: Ол бір күндер қуанышсыз, шаттықсыз

Отан үшін мың күнәға баттық біз

Өлтірем деп ойламастан өзгені

Өзгелерді өлмеу үшін аттық біз.

6-оқушы: Тағдырымды оқ өтіне байлаған,

Қан майданнан аман қайттым қайнаған.

Қалды солай тау-тасында Ауғанның,

Қанша ғұмыр жауқазындай жайнаған.

7-оқушы: Жалт ете қап жалғыз оқ жаудан ұшқан,

Сен құлаған көлбетіп тауда алыстан.

Елестейсің көзіме қасірет боп,

Қайғым да сен мәңгілік - Ауғаныстан !

8-оқушы: Жүрегі қайсар,

Қайтпайтын мың сан жаудан да,

Отаны сеніп бұйрық бергенде қалған ба?

Батырлар, қанжардай өткір ұландар,

Көрсетті ерлік тау-тасы ажал Ауғанда!



9-оқушы: Қасіретін көзбен көрген жалғанның,

Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң.

Алдарыңда басымды ием тағзым ғып,

Соғысында қан кешкендер Ауғанның!


Мұғалім: Қазақ даласында талай батыр туып, талай жауды жеңіп, ерлік көрсеткен.

Сендер де ержүрек, батыл, ақылды, білімді болып өссін деп ұлағатты нақыл

сөздер қалдырған.

Жүргізуші: Олай болса хат қоржынынан нақыл сөздерді алып, мағынасына назар аударып,

талдайық.


Ерлік - елдің қасиеті

Жүректілік - жігіттің қасиеті.


Командир - аға, солдат - іні.


Ежелден ел тілегі - ер тірегі,

Адал ұл ер боп туса - ел тірегі.


Қара бет боп қашқанша,

Қайрат көрсетіп өлген артық!





Өз қадірін білмеген - ер қадірін білмейді,

Ер қадірін білмеген - ел қадірін білмейді.

Мұғалім: Ресми деректер бойынша бұл соғыста Кеңес әскерінің 15000 астам солдаты мен

офицерлері опат болған көрінеді. 35000 адам ауыр жарақат алған. КСРО

мемлекетіне 5 млрд сом зиян келтірген.( бұл қазіргі бағаммен 5 млрд долларға

парапар ақша). « Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі»- деген сөз рас, өйткені

аман-есен оралған ағаларың арамызда отыр. Ауған соғысына ауылымыздан ________

адам қатысып қайтты. Олар . . . . . . . .

Халқымыз қашан да қаһарман ұлдарын пана тұтқан. Қазақ баласы қашан да

азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпаған. Ендеше ардагер ағаларымызды

құрметтейік, қадірлейік ағайын!

Бұдан соң кезек құттықтау сөздерге беріледі. 1 . . . .2. . . . .3 . . . .




Келесі кезекте оқушылар ардагерлерге өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, жауаптарын тыңдайды.

Мысалы: 1. Сізбен бірге қанша қазақ жауынгері болды?

2. Соғысқа бара жатқаныңызды туған-туыстар білді ме?

3. Ауғандықтарды қандай халық деп есептейсіз?

4. Ауған соғысы туралы фильмдер шындыққа жанаса ма?

5. Сізбен бірге аттанған жігіттерден опат болғандар болды ма?

6. Ауғаныстанға кірер алдында арнайы дайындықтан өттіңіздер ме?

7. Үкіметтен қандай көмек көріп жатырсыздар ?

8. Ол жақта қазақтар көп деп естиміз, сіз соларды көрдіңіз бе? т.т.

Бұдан соң қонақтарға естелік сыйлықтар тапсырылады.

Мұғалім: Құрметті батыр ағалар!

Сіздерді Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғана 26-жыл толуына байланысты аталып жатқан мерекемен құттықтаймыз! Сіздерді Отан алдындағы борышын адал атқарған абзал азамат, еліміздің патриот жауынгерлері ретінде жоғары бағалаймыз. Мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық бақыт тілейміз.

Ерлік елдің туы.

Ердің қуаты қару болса,

Елдің қуаты батырлары.

Ендеше Ауған ардагерлерін қадірлеп, құрметтеп, рух жасампаздығымен жаңартайық!

Тәрбиелік шарамызға атсалысып қатысқандарыңызға, ден қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Қош-сау болыңыздар!

Соңында сурет, өлеңдер байқауының қорытындысын шығарып, марапаттау, сол сияқты оқушылар күшімен дайындалған шағын концерт қойып беруге болады.

© 2010-2022