Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ

Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ

ІҮ модуль. Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Модуль бойынша алған білімдеріне қорытынды жасау, білім сапасын анықтау.

Дамытушылық. Модуль бойынша алған білімдерін саралау, кем тұстарын анықтап, толықтыру, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік. Сауатты жазуға, ұқыпты жазуға, көркем жазуға баулумен қатар берілген сұраққа толық сөйлеммен дұрыс жауап бере білуге, оқушылар өзара бірін бірі тыңдай білуге,сыйластық пен түсінісушілікке баулу.

Сабақтың түрі: Қайталау, нәтиже сабағы.

Сабақтың әдіс тәсілі: Қайталау, сұрақ жауап

Сабақтың көрнекілігі: - Үй жануарлары мен аңдарға байланысты әр түрлі қима суреттер,

- «Қошақаным қайда екен?» әнінің сөзі слайдтан,

- Пілдің суреті.

Сабақтың барысы: Мұғалім оқушылармен амандасу, оларды түгендеп , жан жақты сабаққа дайындаймын.

Сабақтың мақсатымен таныстырамын .Модуль бойынша өткен білімдерімізді қайталап қорытындылауға байланысты тапсырмалар орындауларын хабарлау. Тапсырмалармен жұмыс.

Сөздерді тақтадан дұрыс оқып, олардың аудармасын жазу:

Түйе ит

Жылқы мысық

Сиыр ет

Қой қашып кетті

ешкі төл

Берілген суреттер бойынша бес түлік малдың төлдерін атап беру.

Мысалы:

Мынау жылқы. Жылқының төлі құлын.

Мынау түйе. Түйенің төлі бота.

Мынау сиыр. Сиырдың төлі бұзау.

Мынау қой. Қойдың төлі қозы.

Мынау ешкі. Ешкінің төлі лақ.

Ал, балалар, мыналар нелер? - деп ит пен мысықтың суреттерін көрсете отырып, бұларды үй жануарлары деп атайтынын түсіндірумен қатар қазақ тілінде бұларға тек қана не? - деген сұрақ қойылатынын орыс тілімен .салыстыра отырып, қайталап түсіндіріп беремін.

Тақтаға:

Менің....

Сенің...

Сіздің...

Оның... - сөздеріне күшік, мысық сөздерін дұрыс тіркеп жазуды тапсырамын. Кеспе түрде мысығым, күшігім, мысығың. күшігі, мысығы, күшігің, күшігіңіз сөздерін бала өзі алып сәйкестендіретіндей етіп, қағазға жазып әзірлеп қоямын.

Оқушы дәптерлеріне жаздыру.

Менің мысығым. Менің күшігім. Сенің мысығың. Сенің күшігің. Сіздің мысығыңыз. Оның күшігі.Оның мысығы.

Мұғалім тақтаға төмендегі сөздерді жазып қойып үй жануарлары мен аңдарға екі топ ретінде бөліп жаздырады. Екі немесе бірнеше оқушы тақтаға шақырылады да тақтаға бормен жазып береді.

Піл, жылқы, аю, қоян,қой, қасқыр, ешкі, түйе, арыстан, сиыр.

Үй жануарлары Аңдар

_________________ ____________________

_________________ ____________________

_________________ ____________________

_________________ ____________________

Шағын сөздік диктант жаздыру.

Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, бота, қасқыр, қоян, аю, түлкі.

Берілген суреттердің атауларын атап , оларға сөйлем құру. Мысалы: Бота түйенің төлі. Құлын жылқының төлі. Қасқыр аң. Қоянның құлағы ұзын. т.б.

Сергіту сәті: «Қошақаным қайда екен» әнін қайталау. Әуенімен үйренгендерін қайталап пысықтаймыз.

Жазда атамның аулына

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнап жүгіріп.

Үйге тапсырма беру: Өзіңнің күшігің мен мысығың туралы әңгімелеп беруге дайындалып келіп айтып беруге тырысу.

Өткен сабақтарды қайталау.

Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау, келесі сабаққа жағымды жағдаяттар жасау.



© 2010-2022