Урок казахского языка на тему Мектеп асханасы (5 класс)

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып : 5

Сабақтың тақырыбы: Мектептің асханасы
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға мектептің асханасы туралы білу, асханада тапсырыс беруді үйрену, жаңа сөздермен сөйлемдерді дұрыс құрастыра білуді үйрету.
ә) Тапсырмалар арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденпаздық қасиеттерін қалыптастыру, сөздерді дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға дағдылану.
б) Оқушылардың адамгершілікке, тазалыққа, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, әңгімелесу, практикалық
Жұмыс формалары: жекелей, жұптық
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,карточкалар
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Сәлемдесу.
ә) Балаларды түгендеу.
б) Тіл дамыту сұрақтары.
II. Үй тапсырмасын тексеру: қайталау
ІІІ. Кіріспе:
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын мұғалім мәтінді оқиды. Сол мәтінді талқылап, сабақтың тақырыбына шығу. Тыңдалым.
Мен Барвинов орта мектебінде оқимын. Біздің мектепте асхана бірінші қабатта орналасқан. Асханамыз үлкен, таза және әдемі. Аспаздар әр түрлі дәмді тамақ дайындайды. Асханада шырын, шай, кофе сатылады. Біз ас мәзірі бойынша тапсырыс береміз. Асханада тұшпара, манты, сорпа т.б. тағамдар сатылады. Түрлі салаттар дайындайды. Аспазшылар қызметі бізге өте ұнайды.
- Мынау мәтін не туралы?
- Нешінші мектепттің асханасы туралы?
- Асхана нешінші қабатта?
- Сонымен біз бүгін не туралы сөйлесеміз? Ендеше тақырыбымыз қандай? Тақырыбымыз - Мектептің асханасы.
Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын ашу.
- Балалар, біз бүгін сабаққа қандай мақсат қоямыз?
- Мақсаты - асханада тапсырыс беруді үйрену, жаңа сөздермен сөйлемдерді дұрыс құрастыра білу, диалог құрастыру.
ІV Сөздік жұмысы:
- Жаңа сөздермен танысайық. Сөздерді оқып, сөйлем құрастыру. Айтылым.
ас мәзірі - меню шырын - сок
тапсырыс - заказ тамақ - блюдо
ботқа - каша ыстық тамақ - второе блюдо
ас қасық - столовая ложка тұшпара - пельмени
аспаз - повар шанышқы - вилка тоқаш - булочка

Сыныпты екі топқа бөлу
Жаңа тақырыпты бекіту:
- Ал біздің мектептің асханамыз туралы тағы не білесіңдер?
- Асханада не бар?
1-тапсырма. Сурет бойынша сөйлем құрастырыңдар. (ауызша) Айтылым.
2-тапсырма. Сөйлемді орын тәртібімен дұрыс құраңдар.
1) Тамақтың, қолды, алдында, жуу керек.
2) Мектеп, бірінші, орналасқан, қабатта, асханасы.
3) Мен, жеймін, ботқа..
4) Дастарқанда, болады, бауырсақ, тұшпара.
Сергіту сәті: «Қара жорға»
3-тапсырма. Жазылым. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.
- Мектепте тамақтанасың ба?
- Асханада оқушылар неше рет тамақтанады?
- Сен қандай тамақ ішесің?
4-тапсырма. Дұрыс аудармасын табыңдар?
Таңғы ас готовить еду
Дәмді тағам ужин
Жіңішкелеп кесу вкусное блюдо
Асты дайындау завтрак
Кешкі ас мелко резать
V Қорытынды:
Сонымен біз бүгін қандай тақырыппен таныстық? Мақсатқа жеттік пе?
5 жолды өлен
1 Асхана Не туралы сөйлестік?
2 әдемі, үлкен Біздің асханамыз қандай?
3 тамақтанамыз, тапсырыс береміз, ішеміз Біз асханада не істейміз?
4 Маған мектеп асхананың тағамдары ұнайды.
5 Дәмхана

V І Бағалау:
VІІ Үй жұмысы: 3 мақал-мәтел жаттау

Қоштасу

© 2010-2022