Шығармашылық есеп Туған тілін және әдебиетін сүю арқылы халқын сүюге тәрбиелеу

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мен жүрек қалауыммен педагогикалық жолды таңдадым десем, анама, сол арқылы анама сүтімен санама сіңген қасиетті ана тіліме деген үлкен махаббат жетегімен қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдадым. Алдыма қойған осындай үлкен мақсат мені 1991 жылы ұстаздық өмірдің есігін аштырды. 1996 жылы Атырау қаласындағы Халел Досмұхамедов атындағы педагогикалық университтеті жоғарыда аталған мамандық бойынша бітірдім.

Менің ұстаздық жолым - Елімнің көк байрағын көкке тіреп, ғасырлар бойы аталар арман етіп, жанын пида еткен тәуелсіздік алу жылдарымен тұспа-тұс келді. Осы дүбірлі тарихи оқиғалар, Елдің ертеңіне шын жан - тәнімен, сана - сезімімен алаңдауыма бірден - бір себеп болды. Алдымда отырған әр түрлі жанұядан келіп отырған ел ертеңі - бүгінгі бүлдіршіндерге халқының қасиетін дарыту, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу нәтижесінде олардан елдің ертеңін сеніп тапсырар азамат қалыптастыру. Осы міндеттерді заман менен және менің әріптестерімнен талап етіп отыр. Олай болса, менің педогогикалық кредом немесе игі мақсатым - туған тілін және әдебиетін сүю арқылы халқын сүюге тәрбиелеу.

Мұғалім тәрбиелі, білімді және сол білімді бала жүрегіне еркін ұялататын кәсіби шебер болуы керек. Кәсіби біліктілікті шыңдайтын білім жетілдіру инститтуттарының ұйымдастырған курстардың маңызы зор. Сонымен бірге мұғалімдердің шығармашылық шеберліктерін шыңдауда олимпиадалар мен түрлі байқаулар, семинарлардың да берері көп. Өзара сабаққа қатысып, тәжірибе алмасу да мұғалімнің кәсіби шеберлігін шыңдайды.

Әріптестеріме көмегі тиер деген оймен жинақтаған өз тәжірибем туралы сөз қозғамақпын.

Мен 1999 жылы аудандық панорамалық сабақтар сайысына, 2000 жылы аудандық «Жыл мұғалімі - 2000» сайысына, 2005 жылы Ұлы жеңістің 60 жылдығына байланысты аудандық сыныптан тыс шаралар сайысына, 2006 жылы аудандық тілшілер олимпиадасына қатыстым. Алға қойған мақсатым - өзгелердің озық тәжірибесін үйрену, озат тәжірибені орынды пайдалану. Әр жылғы сайысқа әр түрлі кәсіптік деңгейде қатыстым, себебі әр сайыстан біраз мәлімет жинақтадым. Сырт көзбен өз мүмкіншілігімді бақыладым, сынадым, әлі де немен жұмыстануым керек екенін түсініп шықтым. Жоғарыда атап өткендей, бес жыл сайын ұйымдастырылып отырған курстарға қатысуым да біршама көмегін тигізді. Жаңа технологияның бірнеше түрлері туралы мәлімет алып, оны өз тәжірибемде қолдандым. «Заманына қарай адамы» демекші, техника, компьютер дамыған, жаңалығы мол заманда өмір сүріп жатқан жеткіншек - шәкіртті қарапайым, дәстүрлі сабақпен қызықтыра алмайсың. Сондықтан да жаңа технологиямен оқыту және тәрбиелеу үрдісін жетілдіріп, оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттыру керек.

2006 жылы маусым айында облыстық білім жетілдіру институтының ұйымдастыруымен он күндік курс өткен-ді. Сол курсқа білімін көтеру мақсатында жан - жақтан әріптестеріміз жиналып,тәжірибе алмасып, ой бөлісіп, толғандырып жүрген мәселелер туралы әңгімелестік.

Курстан мониторлық жүргізу әдістері, жаңаша оқытудағы бағыттар туралы, СТО технологиясы, интерактивтік технология, ғылыми жобаларды дайындау жолдары, нормативтік құжаттар түрлері, қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің жабдықталуы жайлы мағлұмат алдық.

Жаңа технология түрлерімен таныстық. өз тәжірибемде М.Ж.Жанпейісованың модульді оқыту технологиясын жиі қолданамын. Модульдеп оқыту технологиясы оқушының ойлау, есте сақтау, ұжымдасып ойлау және ұжымдасып жұмыс істеу қабілеттерін дамытады. Сол әдістердің бірнешеуіне тоқталайын.

  1. «Білім биржасы» ойыны.

Бұл ойынды жаңа тақырыпты бекіткенде, қорытындылағанда қолданған тиімді. Тақтаға конверт жапсырылған плакат ілінеді. Конвертте әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар бар. Әрбір оқушы өз деңгейіне қарай тапсырманы таңдап алып, жауап береді. Оқушыны акциямен бағалаймын. Мұғалім банктегі акцияны әр түрлі түспен бояп, баланың берген жауабына қарай таратып береді. Мысалы: «5» - қызыл, «4» - баға - жасыл, «3» - сары.

  1. «Брейн - Ринг» ойыны .

Сыныпты 5 оқушыдан топ - топқа бөлеміз. Оның төртеуі ойыншы, ал біреуі жүргізуші. Әр топ дөңгелек үстел басына жайғасады. Үстел үстіне карточкалар қойылады. Карточкаларда үш деңгейлік тапсырмалар берілген. А,Ә,Б,Т тобының жүргізушілері көк, қызыл, сары фишкамен бағалап отырады. Мысалы: «Көсемше» тақырыбын қайталау сабағында мынадай тапсырмалар бердім:

І. Қайталау сұрақтары.

ІІ. Талдау жұмысы.

ІІІ. Шығармашылық жұмыс.

Бұл сабақта тысқары қалған, бағаланбаған оқушы болған жоқ, түгел дерлік сұраққа жауап беріп, берілген тақырыпқа шығарма жазды.

Сонымен бірге «Кубизм» стратегиясы, «Топтастыру» стратегиясы, «Еркін жазу» стратегиясы, Венн диаграммасы күнделікті сабақта қолданып жүрген әдістерім.

Осылай түрлендіріп өткізілген әрбір сабақтан кейін оқушы келесі сабақты асыға күтеді. «Келесі сабақта не ойнаймыз, нені өтеміз?» деген сұрақтар қояды. Әрине, бұл бір қадам болса да мұғалімнің жетістігі.

Игі мақсатымды жүзеге асырудың механизімін іздеу мен үшін көп ізденіс болды. Мақсат айқын, бірақ оны жүзеге асыратын механизмді табу - шын қиналыс осы еді. Мемлекеттік бағдарламаны орындата отырып, оларға сауатты жазудың әліппесін, әрбір дауыс, дыбыс, әріп емлелерін туған әдебиеттен үзінді әңгімелерді оқытып, жаттатып, оқулықты талдатып, оқыған ережесін қайталап сұрап, өлең жолдарын жатқа айтқызып оқытып жүрдім, бірақ жоғарыда айтқан биік мақсатқа сара жолмен емес, шашыраған жолмен келе жатқанымды сезіп жүрдім. Осы ой маған тыным таптырмай, ақыры биік мақсатты орындау үшін, яғни халқын сүю үшін - ол әуелі туған тілін қадірлеуі керек, туған әдебиетіне шын ғашық болуы керек екендігін мойындадым. Ал тілді құрметтеу үшін - өзі ойын дәл жеткізе алатын, бай ана тілін еркін меңгере алатын болуы керек. Еркін сөйлеп, әрбір дыбысты дұрыс шығарып, өзіне арналған әңгімені зейінмен тыңдай білгенде ғана ол диктант мәтініндегі әрбір сөздің мағынасын ұғады, ал мағынасын ұққан сөздің жазылу ережесі есте тез және мәңгіге сақталады. Міне, бұл менің ашқан, өзім үшін ашқан жаңалығым болды, әрине маған дейін көптеген ғалымдар жан - жақты дәлелдеп берген теория екені белгілі, бірақ соны өз тәжірибеммен өзім тұжырымдаған соң, менің өзіме қымбат.

Ал оқушы сөз мағынасын түсіну үшін жүйелі ойлап білуі және ойын еркін жеткізе алуы керек екен. Міне, осындай өз тұжырымдарым менің алдыма игі мақсатымды нақтылып, саралап қойып берді.

  1. Еркін ойлауға дағдыландыру;

  2. Ойын сөйлеу арқылы жеткізе білу;

  3. Сөз мағынасын түсіне отырып сауатты жазу.

Ол үшін әрбір шәкірт жүрегіне жол тауып, олармен сырлас бола білу. Оқушының ойын ояту үшін 5 сынып оқушыларымен алғашқы танысу сабағымды «Мен бастауышта оқып жүргенде ...» деген шағын шығармамен бастадым. Ең аз дегенде үш сөйлем жазуды міндеттедім. Сол үш сөйлемді жаза алмаған оқушылар көп болды. Келесі сабақта сол оқушыларды топ - топқа бөліп, сабақ соңында осы шығарманы ауызша жалғастырмақ болдым. Ауызша жалғастырғаныма да бес - алты оқушы ере алды. Міне, ой еркіндігінің жоқтығы. Біреулер ештеңе ойлап таба алмаса, енді біреулер бұлай жазсам мұғалім ұрсады деп қорқады, сондықтан егемендік алған елдің еркін ойлы азаматын даярлау үшін оны еркін ойлауға дағдыландыруым керек болды. Қорқақ ұлдан елге қандай қайыры бар? Осылайша мен жоғарыда аталған мақсатты жүзеге асырудың жолын таптым. Ол - оқушының жаңғыртушылық қабілетінен бас тарту. Жаңғырта білу де үлкен талант, естігеніңді, көргеніңді айна - қатесіз мұғалімге, мұғалімнің өзіндей қылып айтып беріп, бестік баға алу көп жағдайда оқушының өзіндік әрекетін тежейді екен. Үлкен талант иесі бола тұрып , оңай табыс жолына түсіп, тек қана көшірмемен айналысқан суретші біртіндеп қалай өшсе, өз бетімен ғылымды иегрмей, тек мұғалімнің айтқанын сол күйінде қайталап беріп, оңай бестік алған оқушының бойындағы табиғи шығармашылық, еркін ой, өзіндік әрекет дағдысы да бірте - бірте жойылып, нәтижесінде тек біреудің ойын ғана қайталағыштар өсіп шығады. Және оны даярлайтын көп жағдайда, біздер, ұстаздар қауымы.

Оқушының еркін ойын дамытуды мақсат қылғандықтан, әдеби шығарманы оқып, мазмұнын айтып болғаннан кейін сол шығармадағы басты кейіпкер орнына өзін қойдырып ой туындатамын.

Әрбір аптаның алғашқы сабағы «Менің демалыс күнім» деген шағын шығармамен аяқтап отырамын. Ата - аналар жиналыстарында балаларының шығармаларымен әр ата - ана жеке танысады, озықтары дауысталып оқылады, ал кейбір оқушының шығармасын құпия ұстауға тура келеді, кейде оқушы шығарма арқылы менімен, сынып жетекшісімен сырласады. Оқушының ой еркіндігін дамыту жұмыстарын тек әдебиет сабақтарында емес, тіл сабақтарында да жүргіземін. Сондай сабақтарымның бірі «Сандарға тіл бітсе» тақырыбындағы сайыс сабағы. Сабақ мақсаты - оқушылардың сан есім тарауынан меңгерген білім деңгейі халқымыздың ұлттық ойындары мен қалыптасқан адамгершілік қағидаларға тәрбиелей отырып байқау. Себебі, ойын процесі кезінде әр оқушыда еркіндік пайда болады. Іс- қимыл еркіндігі ой еркіндігін тудырады. Осы жарыс сабағым сұрақ - жауап әдісінен бөлек, оқушының ой еркіндігі, сөз бостандығын дәріптей отырып, мақсатқа жетуге болатынын көрсетті.

Әрине, алда талдай жылдар бар, ол жылдар мен үшін ізденіс жылдары болмақ.




















Қазақ тілі мен әдебиетті оқытудағы мақсатым.

Педогогикадағы жаңа бағыттың бастауы:


Көк байрағын көкке тіреген

Егеменді Ел болуымызШығармашылық есеп Туған тілін және әдебиетін сүю арқылы халқын сүюге тәрбиелеу


«Ертеңгі ел тізгінін қолына алар азаматтар бүгін мектеп партасында отыр»

«Қазақстан - 2030»

Елбасы міндеттейді:

Шығармашылық есеп Туған тілін және әдебиетін сүю арқылы халқын сүюге тәрбиелеу

Менің мақсатымды айқындайды:

Туған тілін және әдебиетін сүю арқылы халқын сүюге тәрбиелеу.

Шығармашылық есеп Туған тілін және әдебиетін сүю арқылы халқын сүюге тәрбиелеу

Игі мақсатты жүзеге асыру жолдары

Шығармашылық есеп Туған тілін және әдебиетін сүю арқылы халқын сүюге тәрбиелеуШығармашылық есеп Туған тілін және әдебиетін сүю арқылы халқын сүюге тәрбиелеуШығармашылық есеп Туған тілін және әдебиетін сүю арқылы халқын сүюге тәрбиелеу

Әрбір сабаққа шығармашылықпен дайындалу

Мемлекеттік стандарт деңгейін бақылаудың түрін пайдалану


Жаңа технологияларды тәжірибеме енгізу

Шығармашылық есеп Туған тілін және әдебиетін сүю арқылы халқын сүюге тәрбиелеуШығармашылық есеп Туған тілін және әдебиетін сүю арқылы халқын сүюге тәрбиелеуШығармашылық есеп Туған тілін және әдебиетін сүю арқылы халқын сүюге тәрбиелеу

М.Жанпейісованың Интерактивті тақтамен жұмыс Сатылай

модульдеп оқыту әдісі жасауды меңгеру және комплексті

іс - тәжірибеде қолдану. талдау


© 2010-2022