Эссе Менің инновациялық сабағым

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Менің шығармашылық есебім»

Амиркенова Самал Турмысовна

Павлодар қаласы Ақтоғай ауданы

Н.Алшынов атындағы Жалаулы орта мектебі

Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған - жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырдағы адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі - үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ- бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр. Себебі заман талабына сай білім беру -бүгінгі күннің талабы. Сондықтан да баланы жақсы оқыту, белсенділігін арттыру үшін мұғалім өзі көп білуі, көп ізденуі, үнемі білімін жетілдіріп, жаңашыл педагогтердің еңбектерімен үнемі танысып үздіксіз даму үстінде болуы керек. Мен биылғы 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курысын аяқтадым.

«Тарих сабағында 7 модулді ықпалдастыра отырып сабақтың тиімділігін арттыру» атты өз білімімді жетілдіру тақырыбы бойынша жұмыс жасаймын.

Мақсатым:Оқушылардың өздігінен ғылыми зеріттіу жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру.

Міндетім: Жаңа технологиялардың оқыту құралдары мен әдістерінің тиімді түрлерін анықтаймын және қолданамын.

Өзімнің кәсіптік қызметімдегі жетістіктеріме тоқталсам: «Үздіксіз білім берудің өзекті мәселелері», «Тәуелсіз Қазақстан: тарихы, бүгінгі және болашағы» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, «технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру» атты мақалам «үздіксіз білім берудің өзекті мәселелері» жинағына

енгізілді /2011/. «Ұлттық тарихтың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысып сертификатқа ие болдым. /2013жыл/ Облыстық Педагогикалық Альманах журналында «оқушылардың өзін-өзі реттеуі туралы мақалам жарық көрді. /2015ж / Облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру курсында деңгейлік курс бойынша шеберлік сыныбын көрсетіп АО «НЦПК Өрлеу» орталығының анықтамасына ие болдым. /2015жыл/. Павлодар облысы білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы өткізген «Өлкетану бойынша үздік арнайы курс» конкурсына қатысып Алғыс хатқа ие болдым. /2013жыл/. «Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәнә», «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері», «Туған жер -алтын бесік» атты бағдарламалар жазып, арнайы курстарға пікірлер алдым. «Нұр Отан» ХДП Ақтоғай аудандық филиалының төрағасының мадақтамасына ие болдым./2012жыл/. Ақтоғай ауданының білім бөлімі ММ-нің Бастығының Құрмет грамотасына ие болдым./2012жыл/. «Ең үздік тренинг» көрсетіп 1 дәрежелі дипломға ие болдым. /2015 жыл/.

Оқушыларымның жетістігі: Оқушылардың облыстық ғылыми жарысында оқушым 3 дәрежелі дипломмен марапатталды /2012жыл/. Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі ұйымдастырған конкурсқа қатысқан оқушым 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. /2015жыл/. Оқушылардың аудандық пән олимпиадасында оқушым тарих пәнінен 3 орын иегері./2012жыл/.

Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздарың еншісінде екені айтпаса да белгілі. Қазіргі заман талабына сай тұлға тәрбиелеу үшін барымызды саламыз. Өз білгенімізді шәкірт бойына сіңіріп, алғыр, зерек, белсенді оқушы тәрбиелеу үшін еңбектеніп, жаңашылдыққа бейімделіп, үздіксіз ізденіс үстінде боламыз.



















© 2010-2022