САБАҚ ЖОСПАРЫ 2 СЫНЫП ЕҢБЕК БӘРІН ЖЕҢБЕК

Оқушыларға «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, еңбек ету қызығушылықтарын дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында 2 сыныпқа өткізген ашық сабағымды ұсынып отырмын. Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқа да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін қажетті заттармен толтыру, денсаулығын сақтау б...
Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта білім беретін мемлекеттік мекемесі.

Ашық сабақ

Тақырыбы: « Еңбек бәрін жеңбек »

Өткізген: Өзін - өзі тану пән мұғалімі

Қайрбаева Бибісұлу.



2013-2014

Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;

  • Еңбек ету қызығушылықтарын дамыту;

  • Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: сюжетті суреттер, оқулық. Мултимедия, жапырақтар, әр түрлі фигуралар.

Шаттық шеңбері:

Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, амандасу. Ән айту

Болайықшы осындай

Сөзі мен әнін жазған А. Меңжанова

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Қ-сы

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы, досым - ай

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған,

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

Әңгімелесу

  • Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсың?

  • Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

  • Өздерің еңбектің қай түрімен айналысқанды ұнатасыңдар?

  • Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?

Дұрыс айтасыңдар! Ауа, су, тағам. Ауа, су - табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні - нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқа да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін қажетті заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді. Мысалға осы өзіміздің мектебімізден алатын болсақ көптеген ұстаздарымыз да еңбектің арқасында көптеген жетістіктерге жетіп жүр. Айжамал апай, Салиха апай, Рахима апай.

Тапсырма

Оқулықтағы суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау, әңгімелеу.

Мәтінмен жұмыс

Оқулықта берілген Б. Әбіловтың «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» деген мысал әңгімесін оқып беру, сұрақ қою арқылы талқылау.

  • Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?

  • Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?

  • «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» дегенді қалай түсінесіңдер?

Тапсырма:

Еріншек балаға хат.

Ойын жаттығу

Күн мен Жаңбыр

(Музыйка ойналады, балалар би қимылдарын жасайды.)

«Жаңбар жауды» дегенде үйлеріне кіреді ( орындыққа отырады)

«Күн шықты» дегенде балалар ортаға билеп шығады.

Күн қандай тамаша!

Күн жарқырап тұр!

Барлығымыз көңілді билейік.

Қараңдар, жаңбыр жауды!

Барлығымыз үйге қарай жүгірейік.

Дәйексөз

Еңбек - қуаныш,

Жалқаулық - айырылмас азап.

Абай

Шығармашылық жұмыс

Әртүрлі фигуралардан ақ қағазға гүлдің, үйдің, машинаның т.б құрап жапсыру. Өз еңбектерін көрсету.

Сахналау

Ө. Тұрманжановтың Қайдан келдің, бауырсақ? атты өлеңді рөлге бөліп оқыту.

- Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?

Жүректен жүрекке

Қолдарындағы жапырақтарға тілек жазып ортадағы талға ілу.



© 2010-2022