Сабақ жоспары Бесікке салу, сүйінші

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы (лексикалық): Бесікке салу, сүйінші сұрау
Сабақтың мақсаты:
а) тақырып бойынша ұғымдарын кеңейту, қатысымдық негізінде оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерінің дамуына жағдай жасау;
ә) жаңа сөздер, ұғымдар үйрену арқылы тіл байлығын арттыру және сауатты жазу дағдысын дамытуға жағдай туғызу;
б) тілді меңгерту мен алған білімдерін өмірде қолдана алатын сапалы тұлға оқытып, тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Жұмыс түрлері: жекеше, топтық
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер,оқулық
Ұйымдастыру кезеңі: Қатыспаған оқушыларды анықтау
Тіл кеңестігін қалыптастыру үшін сұрақ-жауап әдісін қолдану арқылы диалог жүргізу:
Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты ұштастыруда істелетін іс-әрекеттер, жұмыс түрлері: сұрақ-жауап жүргізу Негізгі бөлім
І. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. Ой шақыру.Презентация арқылы тақырыпқа шығу.
1.Қазақ халқының қандай салт- дәстүрлерін білесіңдер?
2.Бала тәрбиесіне байланысты қандай салт-дәстүрлер бар?
ІІ. Тілдік бірлік
• аластау-изгонять
• бөлеу-укладывать в колыбель
• қолбау-баланың қолын байлайтын лента
• аяқбау-баланың аяғын байлайтын лента
Оқылым. Тыңдалым.
Бесікке салу
Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп, сыйлайды. Ең алдымен бесікке салушы әйел бесіктің өзін жын-шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып, бөлейді. Қолбау, белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады. Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесіктегі сәбидің бойы, қол-аяғы түзу болады. Сондай-ақ бесік баланы суық пен ыстықтан қорғайды.

Сүйінші - қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Өте қуанышты хабарды жеткізуші адам ол үйге «Сүйінші, сүйінші!», - деп кіреді. Дүниеге жас нәресте келуін, келін түскенді, алыстағы сағынған адамның келгендігін, жоғары атақ, үлкен сыйлық берілуін, т.б. қуанышты сәттерді алғаш хабарлаушы сүйінші сұрайды. сүйіншіге бағалы зат немесе ақша береді.
Жазылым. Грамматикалық , лексиклалық бірліктерді игеру.

Топтық жұмыс

1 топ- сүйінші

2 топ- бесікке салу

1. Мәтіннен зат есімдерді табады, түрлерін ажыратады. 2.Мәтіннен Күрделі сөздерді табу,түрлерін анықтау.

Шығармашылық жұмыс.Топтарға суреттер беріледі. Постерге суреттерді орналастыру арқылы дәстүрлер туралы баяндайды.

Бекіту:

Жұппен жұмыс.
Екі топ сұрақ-жауап әдісі арқылы бір- біріне сұрақтар қойып тілдеседі.
Бағалау: Бағалау парағы арқылы топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.

Грамматикалық тапсырма

Постермен жұмыс

Сұрақ-жауап





© 2010-2022