Разработка урока по казахскому языку на тему Өз Отанның азаматы

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 48 сабақ

Тақырыбы: «Өз Отанның азаматы»
Сабақтың мақсаты:
білімділік - «Өз Отанның азаматы» тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтай, пысықтай отырып, қорытындылау; грамматикалық тақырыпты «Біріккен және қос сөздер» тапсырмалар арқылы бекіту;

дамытушылық - азамат ұғымы, туған елі, Отаны туралы оқушының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту; ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, ойлану және танымдық қабілеттерін арттыру;
тәрбиелік - оқушының еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін тәрбиелеу, өздігінен жұмыс жасай білуге үйрену,оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік -психологиялық танымын, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойларына сіңіру, ұлттық дүниетанымын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа білім мен дағдыларды қалыптасу сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, талдау, қайталау, жинақтау.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, құқықтану
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, семантикалық карточкалар


І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Өз Отанның азаматы». Біздің мақсатымыз: «Өз Отанның азаматы» - лексикалық тақырыбына және «Біріккен және қос сөздер» - грамматикалық тақырыбы бойынша білімді тиянақтап, қорытындылаймыз, түрлі тапсырмалар, жаттығулар арқылы бекітеміз.

ІІІ. Үй жұмысын тексеру.

  1. Күрделі зат есімнің түрлерін атап шығындар / біріккен сөздер, қос сөздер және тіркес, қысқарган сөздер /

  2. Біріккен сөздер дегеніміз не? / Сыңарлары дыбыстық құрамын сақтай отырып, бір мағынаға

ие болатын сөздер. Слитные слова содержат 2 корневые морфемы (основы). Они

образуются сложением основ /

  1. Біріккен сөздер қандай сөз таптарымен бола алады? / Зат есім, сын есім, етістік, есімдік, үстеу ретінде бола алады. Эта группа слов представлена почти всеми частями речи /

  2. Қос сөздер дегеніміз не? / Екі сөзді бірге қосақтау, бір сөзді қайталау арқылы, я оның бір буынын қабаттастыру арқылы жасалатын сөздер. Присоединенные слова содержат 2 повторяющиеся корневые морфемы, при этом могут повторяться одни и те же основы, разные основы или фонетические варианты одной основы. /

  3. Қос сөздер қандай сөз таптар ретінде бола алады және қалай жазылады? / Зат есім, сын есім, етістік, есімдік, сан есім ретінде бола алады. Олар дефис арқылы жазылады. Присоединенные слова имеются у всех частей речи и они пишутся через дефис. /

ІV. Жаңа тақырыппен танысу.

№1 тапсырма: сөздікті оқып шығу, содан кейін мәтінді оқу, аудару.

«Өз Отанның азаматы

Өміріңнің алғашқы күннен бастап сен мемлекеттің қорғауындасың.

Сен - Қазақстан Республикасының балғын азаматысың! Сен Ата Заңымызда жазылған құқықтар мен бостандықтарды пайдалана аласың. Бірақ осы жерде өмір сүргенің үшін, отбасыда өскенің үшін ғана өзіңді осы елдің азаматымын деп айтуға болмайды.

«Азамат» ұғымының «адам» ұғымынан айырмашылығы неде?

Азамат - бұл ойлары мен іс-әрекеттері ең әуелі өз елінің, өз халқының игілігіне бағытталатын адам. Бұл белгілі бір құқықтар мен міндеттер жүктелген, мемлекетте қабылданған тәртіп ережелерін сақтайтын және заңды бұзбайтын адам.

Азамат - бұл елдің саяси және құқықтық өміріне қатысушы.

Азамат дегеніміз - өзін-өзі, басқа адамдарды, өзінің отандастарын сыйлайтын, қадір-қасиетін құрметтейтін адам. Мемлекет азаматын қорғауға міндетті, ал азамат өз мемлекеті мен оның заңдарын құрметтеуге міндетті.

Әркім азамат мемлекет заңдарын сақтауға және Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, өз Отаныңды қорғауға және табиғатқа қамқор болуға, басқа ұлттардың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын құрметтеуге және олардың құқықтарын бұзбауға міндет.

Сондай-ақ, азамат болу - бұл патриот болу, өз Отанын сыйлау, оның жетістіктерімен мақтану, өз елінің тарихын білу және батырларын мәңгі есте сақтау

деген сөз.»

СӨЗДІК:

  1. азамат - гражданин 7. міндет - обязанность

  2. қорғауда - под защитой 8. сақтау - сохранять

  3. құқық пен бостандық - право и свобода 9. бұзбау - не нарушать

  4. ұғым - понятие 10. қадір-қасиет - достоинство

  5. іс-әрекет - действие 11.әдет-ғұрып - обычай

  6. игілік - доброе дело 12. жетістіктер - достижения

Оқушылар жұмыс дәптерлеріңді ашып, күнін және сабақтың тақырыбын жазады.

Сонымен, «Азамат» сөзін айтқанда, ойларына не келеді, не елестейді?

№2 тапсырма: тақтада «КЛАСТЕР» құрастыру (күтілетін жауап): ережелерді сақтау; заңды бұзбайтын адам; адамдарды сыйлайды; қадір-қасиетін құрметтейді; мемлекетті қорғайды; патриот.

Оқушылар дәптермен жұмыс істейді.

№3 тапсырма: Мәтіннен біріккен және қос сөздерді теріп, тақтадағы кестені толтыру.

БІРІККЕН СӨЗ

ҚОС СӨЗ

отбасы

іс-әрекет

әркім

өзін-өзі

қадір-қасиет

салт-дәстүр

әдет-ғұрып

№4 тапсырма: әр оқушы ауызша оқиды және біріккен немесе қос сөздерді тақтадағы кестеге жазады, оның сөз табын айтып береді.

  1. Кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ. (Абай) - қос сөз, есімдік

  2. Мен - қазақпын, жаралған сүйек-еттен,

Менде ар бар, менде ой бар жан тебіренткен. (Б. Момышұлы) - қос сөз, зат есім

  1. Қазақ тілінде «таза адам» деген сөз - үсті-басының тазалығымен бірге,

ар-ұятының тазалығын да көрсетіп тұрады. (Ғ. Мүсірепов) - қос сөз, зат есімдер

  1. Адам мақсатқа, ең алдымен, өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді. (Әл - Фараби) -

қос сөз, есімдік

  1. Мінез-құлық - әркім өзінің түрін көрсететін айна. (Гете) - қос сөз, зат есім

  2. Қазақ хандығына 550 жыл толғанына байланысты баспасөзде бірталай мақалалар жарияланды. - біріккен сөз, зат есім және үстеу

  3. Әркім өз тілінде сөйлеуге, анасынан туа үйренген тілмен сөйлеуге тырысуы керек. - біріккен сөз, есімдік

  4. Көпсөзділік - ақылсыздықтың белгісі. - біріккен сөз, зат есім

  5. Адам өз атамекенін әрдайым сүйеді, қадірлейді. - біріккен сөз, зат есім және үстеу

№5 тапсырма: семантикалық картамен жұмыс жасау.

Бір-бірін тексеру / 0 қате - «5», 1 қате - «4», 2 қате - «3», 3 және үштен көп - «2» /.

Мысалдар

Күрделі сөздердің түрлері

біріккен сөздер

қос сөздер

1

қыстыгүні

+


2

Талдықорған

+


3

бала-шаға


+

4

аққу

+


5

Екібастұз

+


6

ойдан-қырдан


+

7

Ұлытау

+


8

әп-әдемі


+

9

жып-жылтыр


+

10

Ақмарал

+


11

қап-қара


+

12

Айнұр

+


Сергіту сәті /минутка здоровья/- басымызды айналдырамыз, қолдарымызды ашып жабамыз.

V. Бекіту.

№6 тапсырма: терме диктант - біріккен және қос сөздерді теріп жазу.

Бір-бірін тексеру /0 қате - «5», 1 қате - «4», 2 қате - «3», 3 және үштен көп - «2»/.

Үй, жау, биік-биік, ешқандай, су, ән, ата-ана, ешбір, Айгүл, жер, бор, үлкен-үлкен, ешкім,

ел, Отан, азамат.

№7 тапсырма: қорытынды ретінде тест жұмысын орындату.

Бір-бірін тексеру /0 қате - «5», 1 қате - «4», 2 қате - «3», 3 және үштен көп - «2»/.

1. Күрделі сөз дегеніміз не?

А) 2 немесе одан да көп түбірден жасалған сөз.

Ә) 1 түбірден жасалған сөз.

Б) қысқарган сөздер

2. Күрделі сөзді табыңдар

А) Көшеде шам жанып тұр.

Ә) Ақбөкен - қызыл кітапқа енген жануар .

Б) Түн қысқа, күн ұзақ..

3. Біріккен сөздер дегеніміз не?

А) Қаратпа сөз.

Ә) 2 түбірден жасалған сөз.

Б) 1 түбірден жасалған сөз.

4. Біріккен сөздерді тап.

А) темір, кілт

Ә) қыз-жігіт, ата-ана

Б) ақсақал, аппақ

5. Біріккен сөзді тап

А) Айша

Ә) Жұмыс

Б) Сарыағаш


Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы - жастардікі» дейді. Елді, жерді сүюді, қадірлеуді, өмірлік мақсат етейік.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстанның ертеңі өз қолдарыңда. Туған елдеріңді, өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан - жақты білімді болу - сендердің міндеттерің.


VІ. Үйге тапсырма: 5 сөйемнен біріккен және қос сөздерге құрастырып келу.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Рефлексия.


© 2010-2022