План урока на тему: Нәтиже сабақ (9 класс)

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Санай біл» тарауы бойынша өтілген материалдарды

пысықтау, бекіту.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, қазақша сөйлеу

дағдысын жетілдіру.

Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Бос уақытында пайдалы істермен айналысу жайлы

тәрбиелік әңгіме жүргізу.

Сабақтың түрі: Ойын түріндегі қайталау сабағы.

Сабақтың көрнекіліктері: Слайдтар, сағаттың макеті, доп, қиықша қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 40-бет, 1-жаттығу. Сурет бойынша

сөйлемдер құрау

ІІІ. Негізгі кезең:

Балалар біз сендермен «Санай біл» тарауы бойынша «Қанша?», «Неше?», «Нешінші?», «Қаншада?», «Сағат неше?» тақырыптарын өткенбіз. Олай болса қызықты тапсырмаларды орындау арқылы осы тақырыптарды пысықтайық.

1 «Нешінші?» -ыншы, -інші, -ншы, -нші

Отырған бетте орындарыңнан ретімен санаймыз (бірінші, екінші...)

2 «Сен неше жастасың?» деген сұрақты мұғалім допты лақтыра отырып

оқушылардан сұрап шығады.

3 «Сөзжұмбақ» (слайд арқылы көрсетіледі) дәптерге жазбаша орындалады.

Т10, 100ім, 1лік, с2р, к3ік, 5ік, 6н, қ10

4 «Сағат неше?» мұғалім сағаттың макеті арқылы уақытты көрсетеді, оқушылар

жауап береді.

ІV. Сабақты бекіту:

Бұл бөлімде тарау бойынша қорытынды ретінде «Тапқырларға тапсырма»

сайысы өткізіледі. Сыныптан 6 оқушы шығады, сұраққа дұрыс жауап берген

оқушыға қиықша қағаз таратылады. Ұпай саны қиықша бойынша есептеледі.

1 Слайдтан жыл мезгілдерін дұрыс табу керек. (Слайд №3-10)

2 «Адасқан әріптер» Әр оқушы бір сөзден оқиды (Слайд №11-12)

3 «Полиглот» (Слайд №13-15)

4 «Кімнің жұмысы қайда?» (Слайд № 16)

5 "Тапқыр болсаң,тауып көр" (Слайд № 17-21)

6 «Ойынға әркімнің ақ бар таласы» көрермендермен ойын. (Слайд №22-24)

V. Сабақты қорытындылау:

Оқушылардың жинаған ұпайларын санау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру:

31 - 41 беттердегі сөздіктерді қайталау

Қазақ тілі пәні бойынша өткізілген «Тапқырларға тапсырма» сайысы.

Мақсаты:

• Оқушылардың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

• Қазақ тілін оқуға ынталандыру.

• Оқушылардың логикалық ойлауы мен өзіндік түйін жасау, ой қорыту

дағдыларын дамыту.

• Оқушыларды өз беттерімен ізденіп, оқуға тәрбиелеу.

• Қазақ тілі бойынша алған білімдерін қайталау, жинақтау.

Көрнекілігі: Слайд, жұлдызшалар, тақтайшалар.

Барысы: Жүргізуші:

... Ұл - қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Білер қазақ баласы:

«Сәлем - сөздің анасы» - демекші Армысыздар құрметті көрермендер, ойынға қатысушылар.

Бүгінгі «Тапқырларға тапсырма» сайысын мынандай ұранмен бастағанды жөн көрдік: Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден - ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сайыстың бөлімдері: Слайд № 2

1 Ойнайық та, ойлайық

2 Адасқан әріптер

3 Көп тіл білу - кемеңгерлік

4 Кімнің жұмысы қайда?

5 Тапқыр болсаң тауып көр

6 Ұшқыр ой

7 Ойынға әркімнің ақ бар таласы

(көрермендермен ойын)

І кезең «Ойнайық та, ойлайық»

Тапсырма жыл мезгілдерінен болады. Әр слайд шығар алдында бір жыл мезгілі туралы өлең шумағы оқылады. Қай мезгіл екенін оқушылар табу керек. Слайд № 4-5

Ауыл алды ақша қар,

Ақша қарда топ бала.

Соғып жатыр аққала,

Жалқауы жоқ жұмысқа.

(қыс)

Слайд № 6-7

Тапталады табанға,

Судыр - судыр жапырақ.

Өрттей сары бояуға,

Малынғандай атырап.

(күз)

Слайд № 8-9

Көктен тартып күн нұрын,

Жерден тартып жылылық.

Әнін тыңдап бұлбұлдың.

Бәйшешектер тұр күліп.

(көктем)

Слайд № 10-11

Күн жайдары алақай,

Жатыр жайнап даламыз.

Жүр, қанеки, балақай,

Шомылуға барамыз.

(жаз)

ІІ кезең «Адасқан әріптер».

Әріптердің орындары ауыстырылған бірнеше сөздер беріледі. Сөздерді дұрыс оқу қажет.

к,е,м,п,т,е - (школа, класс)

ш,е,н,е?- (который, сколько)

і,м,д,і,с,к,ө - (растение, тетрадь)

н,қ,а,ы - (писатель, поэт)

кіенкүділ - (оценка, дневник)

а,к,н,і,а,т,х,а,п - (чай, библиотека)

ІІІ кезең «Көп тіл білу - кемеңгерлік».

Экраннан көрсетілген суреттерді қазақша, орысша айту керек.

Слайд № 14-15-16

Елтаңба, ту, аққу, сағат, гүл, доп, қоян, жылқы, жолбарыс, түйенің суреттері көрсетіледі.

ІV кезең «Кімнің жұмысы қайда?»

Экраннан мамандардың суреттері көрсетіледі. Оның кім екенін, қайда жұмыс істейтінін дұрыс айтулары керек.

Слайд № 17

(мұғалім, дәрігер шахтер, даяшы, ұшқыш, шаштараз, аспаздың суреттері)

V кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Знай - біл, Совесть - ар,

Язык - ... Есть - ...

Берег - жаға, Прибавь - қос,

Оценка - ... Друг - ...

Расческа - тарақ, Вода - су,

Урок - ... Флаг - ...

Белка - тиін, Шаг - қадам,

Одежда - ... Человек - ...

VІ кезең «Ұшқыр ой». Берілген сұрақтарға жылдам жауап беру

Слайд № 23-33

Сұрақтар:

1 Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

( 42 әріп )

2 Гректің "тетро" - "төрт бүктелген" деген сөзінен қандай оқу құралының

атауы шыққан ?

(Тетрадь - дәптер)

3 Күнделікке не жазамыз ?

(Сабақ кестесін)

4 Күз айларын атаңыз.

Қыркүйек

Қазан

Қараша

5 "Косуля" жануарының қазақша атауы қандай?

(Елік)

6 "Физическое воспитание" пәнінің қазақша аудармасы қалай болады?

(Дене тәрбиесі)

7 Қазақстанның астанасы қай қала?

(Астана)

8 Бір сағатта неше минут бар?

(60 минут)

9 Қазақ тіліне тән дыбыстарды атаңыз.

( ә,ө,і,ұ,ү,қ,ң,ғ,һ)

10 Қазақстан Республикасының президенті кім?

(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

VІІ кезең "Ойынға әркімнің ақ бар таласы" (көрермендермен ойын)

Берілген буындардан сөздер құрау керек.

Слайд № 34-36

Қорытындылау: Жеңімпаздарды марапаттау.

Жүргізуші:

Құрметті оқушылар, сайысымызды аяқтай келе қазақ тілінің кемелденіп, көркейе беруіне ат салысыңдар, қазақ тілін оқыңдар дей отырып, сөзімді мына жолдармен аяқтағым келіп тұр:

Барам десең болашаққа

Тіліңді таза сақта....

Тіліңді биіктет,

Өзгеге сүйікті ет!



© 2010-2022