Сабақ жоспары Қысқы ойындар (3 сынып)

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ:№84 Күні:12.02.16 ж Сыныбы: 3 Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Қысқы ойындар

Мақсаты:
Білімділігі:
Оқушылардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту. Сұраққа нақты жауап беріп, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.
Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету
Дамытушылығы: Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Бір - біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, жұмбақ шешу, тапсырмалар орындау ән айту.
Көрнекілік:Қыс суреттері, аққала, қағаз, , ойын суреттері.
Пәнаралық қатынас:Орыс тілі,бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру
- Балалар бүгін бізде ерекше күн. Қане орнымыздан тұрып апайларға амандасып алайық.
Шаттық шеңбері
Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларым сіздерге сәлем!
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Миға шабуыл жасау әдісі арқылы үйде жаттап келген сөздіктерін сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

Жаңа сөздер

Сырғанақ-горка

Шана-сани

Ойын-игра

Шаңғы-лыжи

Аққала-снеговик

ІҮ.Сабақты пысықтау

Жұмбақ шешу:
Көзіңе көрінбейді,
Тоңдырып қызартады.
Күні - түні ерінбейді,
Өзенге мұз қатады. (Аяз)
- Балалар аяз жылдың қай мезгілінде болады?
- Қыс мезгілінде болады.
- Қыс мезгілі қандай болады?
- Салқын болады, беті - қолымыз тоңады. Қар жауады, боран болады.
- Қыста біздер қалай киінеміз?
- Жылы киімдерімізді киеміз.
- Қандай қысқы ойындарды білеміз?
- Аққала соғамыз, шанамен сырғанаймыз, шаңғы, коньки тебеміз. Хоккей ойнаймыз.

Суреттер көрсетіледі

- Дұрыс айтасыңдар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс та келіп жетті. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз денемізді шыңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанап ойнап, аққала жасаймыз.
Аққала тапсырмасын орындау арқылы кескін қағаздан аққала құрау .
Аққаланың тапсырмалары:
1 тапсырма:Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
2 тапсырма:Қыс туралы тақпақ айту.
- Ал, ендеше балалар қыс туралы тақпақ білсек айта қояйық.
Оқушы:Сырғанаққа мығымбыз
Шыныққанбыз, шымырмыз
Таудан төмен сырғанап
Біз тебеміз сырғанақ.
Оқушы:Аулаға қар үйгізді,
Бетті аязға сүйгізді.
Тоңбасын деп теректер
Қырау ішік кигізді.
Оқушы:Біз батыр баламыз,
Жылы үй - қорамыз.
Ақ ұлпа қарыңнан
Аққала саламыз.
Оқушы:Келді - дағы қыс
Дала аппақ түс
Қос аяқта шаңғымыз
Дөңге шықтық бәріміз.
Оқушы:Ағаштардың жапырағын
Ашулы жел тонайды.
Ақ жамылған атырабым
Қар борайды, борайды.
3 тапсырмасы:Сергіту сәті
Жаттығу жасау

4 - тапсырмасы:"Не артық ? " дидактикалық ойыны.
Тақтаға әр мезгілдің киімдері ілінеді, осы киімдердің ішінен артық киімдерді табу керек.Табылған артық киімдерді қай мезгілде киетінің айту керек

Аққала,қыс,аяз.

Екі оқушы тақтаға шығып орындайды

6-тапсырма: Сөйлемді толықтырып жаз .

Қыс

Қыс айлары:(декабрь,январь,февраль).Қыста күн (холодно )болады.(Снег )жауады.(Зимой )жылы киім керек.Олар:(шуба,шапка,сапоги ).Қыста мен жылы (одеваюсь.)

Ү. Сабақты қорытындылау

Оқушыларға қағаздан жасалған қар үлестіріледі.Оқушылар үлестірілген қарларға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып,аққаланы безендіреді

Бағалау:Оқушылардың берген жауаптарына қарай бағалары қойылады

ҮІ. Үйге:

«Қыста өте қызықты »тақырыбында әңгіме жазып келу

© 2010-2022