Аңырақай шайқасы

Аңырақайшайқасы ЖоңғарлардыңҚазақхандығынашапқыншылығыоқиғалары Күн-айы 1729 (1730) Болған жері Аңырақай Нәтижесі Аңырақайшайқасындағыжеңісжоңғарсоғысындабетбұрысжасаған, қазақхалқыныңрухынкөтеріп, болашаққадегенсенімінбекітті Соғысушыжақтары Қазақхандығы Жоңғарлар Қолбасшылары Әбілқайыр хан,Жолбарыс хан,Қанжығалы, Бөгенбай,ҚаракерейҚабанбай, ? Аңырақай шайқасы(1729ж., кей деректерде1730ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азатты...
Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аңырақай шайқасы





Аңырақай шайқасы



Аңырақай шайқасы

Жоңғарлардың Қазақ хандығына шапқыншылығы оқиғалары



Күн-айы

1729 (1730)

Болған жері

Аңырақай

Нәтижесі

Аңырақай шайқасындағы жеңіс жоңғар соғысында бетбұрыс жасаған, қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті

Соғысушы жақтары

Қазақ хандығы

Жоңғарлар

Қолбасшылары

Әбілқайыр хан,
Жолбарыс хан,
Қанжығалы, Бөгенбай,
Қаракерей Қабанбай,

?

Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) - біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылы бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды.







Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр хан. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті.Кіші жүзді Тама Есет,Шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы Шапырашты Наурызбай да қатысқан.

Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.

Қазақтар бұл соғысты әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың соңында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолынЫрғыз арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолы Сәмеке хан соңынан солтүстікке бет алды. Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті.

Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы, Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей



© 2010-2022