- Преподавателю
- Другое
- 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мен және менің анашым» атты ашық тәрбие сағаты
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мен және менің анашым» атты ашық тәрбие сағаты
Раздел | Другое |
Класс | 5 класс |
Тип | Статьи |
Автор | Кунанбаева А.А. |
Дата | 30.01.2016 |
Формат | doc |
Изображения | Нет |
«Мен және менің анашым»
Мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау.Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту.
Көрнекілігі: "Қыз-елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық" (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
Барысы:
Мұғалім сөзі:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Ана- барлық өмірдің бастауы Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам ,Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,
Аяулы аналар!!!
1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
2-жүргізуші
Жанұямыз-сәніміз,
Отбасымыз-әніміз.
Біз бастадық сайысты,
Қош келіпсіз бәріңіз!
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, жарысқа қатысушы жанұялар және олардың жан-күйерлері, бүгінгі өткелі отырған "Мен және менің анашым" атты сайысқа қош келдіңіздер!
2-жүргізуші
Асыл іс көп халықта,
Іле жүрсең құлаққа.
Ізденген жетер мұратқа,
Ізденуден жалықпа - демекші, ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы жанұяларды шақырамыз.
1-жүргізуші
Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай еш жалықпай,
Айтқанына көндік деп,
Әділқазы алқасын сайлап алған жөн болар
Мұғалім әділқазылар алқасымен таныстырады.
2-жүргізуші
Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.
1. Таныстыру
2. Шебер қолдар
3. Сұрақ - жауап
4. Салт- дәстүр көрсету
5. Ептілер
6. Өнер көрсету
1-жүргізуші
Көп сөйлеп жөн- жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді, халқым, рұқсат етсеңіздер.
"Мен және менің анам" сайысын бастайық біз.
2-жүргізуші
Жалын болып жанайық,
Әсем әнге салайық.
Сайыскерлер күтіп тұр
Соларменен бір танысып алайық!-
деп, сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық.
1-Бөлім Әр отбасы өздерін таныстырады.
Әділқазылар алқасы бағаларын берсін
2-бөлім
1-жүргізуші.
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз-
( Шығармашылық қолөнер сайысы.)
3-бөлім
Сұрақ-жауап
4-бөлім
2-жүргізуші.
Әдет-ғұрып, салт -дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық..
(Салт дәстүр көрсету)
5-бөлім
1-жүргізуші
Күміс белбеу белімде
Жалт- жұлт етеді көрдің бе?
Тең келмейсің менімен
Түсіңдер менің соңыма
Келесі сайысымыз «Ептілер » сайысы
(бір ыдыстағы суды екінші ыдысқа төкпей құюы керек)
6-бөлім
2-жүргізуші
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі , ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға,
Арулар оянбай-ақ жан салыпты.
Ендігі тамашалайтындарыңыз өнер сайысы.
1-жүргізуші
Өнер-білім серігің, адам-атың,
Болашаққа сеніммен бара алатын.
Осыменен сайыс та тәмам болды,
Бәрің аман болыңдар, жамағатым!
Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.
Хор : Құттықтаймын мама.