Әде мі кілем шелер

    Алматы облысы Қаратал ауданы М. Горький атындағы МДШО   Тәрбиеші: Ж.Н. Қадырбаева     Білім саласы: Таным. Ұйымдастыру оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.   Сабақтың тақырыбы:«Әдемі кілемшелер»    Сабақтың  мақсаты:Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, бөліктерден кілемше жасауға үйрету. Түстерді ажыратуды, қарым - қатынас, ... Сергіту сәті: «Бала, бала, балапан» әні: Бір серігіп алсаңдар одан әрі жалғастыру. Балалар, ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен. Пішіндермен бірге бізге мынадай тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар әдемі кілемшелер шығады екен.   Үлестірме материалдармен жұмыс. Балалар, геометриялық пішіндерді ажырата отырып, дұрыс орналастырайық! Қараңдаршы, балалар, қандай әдемі кілемшелер жасадыңдар. Ал осы кілемдегі оюлар қандай пішіннен құралған (үшбұрыш, төрбұрыш, дөңге...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:





































Алматы облысы

Қаратал ауданы

М. Горький атындағы МДШО

Тәрбиеші: Ж.Н. қадырбаева

Тобы: II - сәбилер

Білім саласы: Таным.

Ұйымдастыру оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың тақырыбы: «Әдемі кілемшелер»

Сабақтың мақсаты: Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, бөліктерден кілемше жасауға үйрету. Түстерді ажыратуды, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру. Балалардың қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: суреттер, кілем, шар, геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, үлестірмелі материалдар пайдаланылады.

Ұйымдастырушылық- оятушылық

- Саламатсыздар ма, балалар!

- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!

Біз әдепті баламыз

Айтқан тілді аламыз

Алдыменен қонақпен

Амандасып аламыз.

Сәлеметсіздерме қонақтар!


- Балалар, мынау ненің суреті? (күннің)


Жылулық шеңбер:

- Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн

жасайықшы.
- Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.

- Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?

-Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.

- Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!

- Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!

- Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!

Көздерін, құлақтарын уқалайды.

Шапалақтайды.

- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырып.

- Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық

оқу - іс әрекеті.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.

- Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын

-Мына шарларды ала келдім.

- Бір жылда неше мезгіл бар?

- Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем, жаз, күз)

-Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.

-Мына шардың түсі қандай?(ақ)

- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?

-Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)

Жасыл шарды көрсету.

-Бұл түс шөптердің түсі сияқты.

- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..

Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)

Қызыл шарды көрсету.

- Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?

-Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)

Сары шарды көрсету

-Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)

- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.

Жер беті сары кілемге ұқсайды.

- Балалар, түстерді білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін

білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады.

Бір бала шығып шарларды жарады, ақ шардың ішінен Тіктөртбұрыш, жасыл щардың ішінен төртбұрыш, қызыл шардың ішінен үшбұрыш, сары шардың ішінен дөңгелек пішіндер шығады.

Мынау түрлі - түсті пішіндерді қараңдаршы. Оларды қалай атаймыз.

Балалар: Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.

Дидактикалық ойын: «Ұқсасын тап» тәрбиеші әртүлі пішіндегі заттарды үстел үстіне қойып, қай пішінге ұқсайтынын табуды ұсынады.

Жұмбақ шешу:

Тәрбиеші: Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек)

Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, бірден білер құлақ асқан сөзіме.

(үшбұрыш)

Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға)

Сергіту сәті:

«Бала, бала, балапан» әні: Бір серігіп алсаңдар одан әрі жалғастыру.

Балалар, ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен. Пішіндермен бірге бізге мынадай тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар әдемі кілемшелер шығады екен.

Үлестірме материалдармен жұмыс.

Балалар, геометриялық пішіндерді ажырата отырып,

дұрыс орналастырайық!

Қараңдаршы, балалар, қандай әдемі кілемшелер жасадыңдар. Ал осы

кілемдегі оюлар қандай пішіннен құралған (үшбұрыш, төрбұрыш, дөңгелек)

Рефлексивті - түзетушілік
Қорытынды: Түстерді ажырата отырып, жыл мезгілдері жайлы білімдеріңді бекіттік. Геометриялық пішіндерді кілемшеге орналастырдық.

Жұмбақтар шештік. Балалар, келесі оқу іс - әрекетінде осы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз.

- Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы, сау саламат болайық.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Түстерді айырады, жыл мезгілдерін біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Геометриялық пішіндерді ажыратуды және кілемшеге дұрыс орналастыруды.
Меңгерген іскерліктері мен дағдылары: Ұқыптылықты, мейірімділікті, есте сақтау, ойлау қабілеттері, дамыта отырып, геометриалық бөліктерден кілемше жасауға үйрету.









© 2010-2022