Туған жерім-керегем тақырыбындағы өлең

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Туған жерім - керегем

Ата мекен, туған елім, айбарым,

Жадыраттың кең даланың аймағын

Тынысы мен тірлігін жарастырып,

Көкте ұстар туған отан байрағым.


Далаңда өстім кең көсіліп керіле,

Тұнық болдым сенің таңғы деміңе

Бір сезімім саған құмар, әйтеуір,

Не жетер деп сенің туған еліңе?


Шырылдадым, бұл жерде мен шыңғырдым,

Көлеңкеңде біраз істі тындырдым

Жазыңа күйіп,қысыңда жүрдік сырғанап,

От жағарға жидық ағаш жыңғылын.


Жайылымға мал қостық таңды атыра,

Түс те болды күн маңдайдан батыра

Тіршілігі шіркіннің бітпейтұғын,

Әкетеді түнді демде тағы да.


Осында оқып, бітірдік мектеп аясын,

Жолын іздеп, қаладық еңбек саясын

Өзіңнен алшақ жүрсемдағы жырақта,

Ұмытпадым елімнің туған даласын.


Сен маған бітіспес ұран боласың,

Желдей ұшып, құстай жерге қонасың

Мендік саған сағынышым сарқылмас,

Таусылса да өзің отын жағасың.


Дархан далам, кең өрісті жұмақ нұрым,

Айтылар тек өзіңе ұзақ жырым

Асып жығар белесіңе жеткіздің,

Өтіп кетті бірақ менің бал күнім.


Еркеледім жер төсіңнен гүл алып,

Ішімдегі шерді айттым сырланып

Туған жерге сағынышты туғызған,

Алғыс айтам Аллама мен шын да нық.


Білмесем сені қайтер едім өмірде,

Пайда болар құса ғана көңілде

Тыныстауға ауа бердің мына маған,

Ең алғаш жарық көзін көргенде.


Суыңнан іштім, салыстырып басқамен,

Оны жасап сандалыппын босқа мен

Бөтен жердің суы шөлді қандырмай,

Төңкерсем де болмады ауыл суындай.


Бақыттымын, туған жерім бар менің,

Еркіндік пен татулық тек білгенім

Ел - жұртым - ау! Қуаныңдар осындайда,

Кейін маған кеш айттың деп жүрмегін.



© 2010-2022