Тілдер күніне арналған әзірлеме Тіл - тарихи шежірем

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тілдер күніне арналған әзірлеме Тіл - тарихи шежірем

Ақмола облысы

Бурабай ауданы


ҚР ДСӘДМ «Бурабай» республикалық оңалту орталығы РМҚК





Тілдер күніне арналған іс-шараның әзірлемесі:



Дайындады:

Ахметова Д.Б.

Ерубаева С.Қ

қазақ тілі мен әдебиеті

пәндерінің мұғалімдері


Бурабай к.

2015 ж





ТІЛ - ТАРИХИ ШЕЖІРЕМ

Дина 1-жүргізуші : Армысыздар, бүгінгі кештің қонақтары! Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді , қонақжай қазақ елінің «Тіл мерекесімен» шын жүректен құттықтаймыз!!!

Аделия 2-жүргізуші: Ежелден қазақ елі ойын-тойлы демекші, биылғы жыл мерейтолар жылы. Қазақстан Республикасының халықтарының Тілдер мерекесі мерейтойлар жылымен байланысты:

(кезек кезекпен)

  1. Қазақ хандығының 550 жылдығы,

  2. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы,

  3. Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 20 жылдығы,

  4. Ата заңымыздың 20 жылдығы

  5. Қазақтың Ұлы ақыны - Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жылдығы.

1-жүргізуші: " ТІЛ - ТАРИХИ ШЕЖІРЕМ" тақырыбындағы тіл мерекесіне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!

(Әнұран орындалады)

2-жүргізуші:

Менің тілім біреу-ақ,

Сөйлейтін де, жазатын.

Тауып қойған тілеуі-ақ,

Қазақ деген өз атын.

Дариядай пейілі

Тілі, ділі, жыры да.

1-жүргізуші: Тіл әрбір адамға қымбат болса, ұлт үшін де қымбат. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың жыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады.

Өлең "Ана тілі" оқитын 5-сынып оқушылары Сәкен, Рауан.

«Ана тілім»

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршіліктен тілдесем,

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім,

Егер сені білмесем.

Ана тілім -

Дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қасіретім, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

Ана тілім-

Алтын ұям, құндығым,

Ақ бесіте әлдиіңді тыңдадым.

Сенің жазың, сенің әнің айтарым,

Санап сөніп,

Байлағанша тіл - жағым!

«Ана тілі»

Ана тілім-әрекетім азығы,

Бар ғаламды тануымның қазығы,

Ой-санамның өсуінің куәсі,

Ғасырлардың кейінгіге әз үні.

Ана тілім-бәрін сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!

Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінем.

О, адамдар, қадіріне жетіңдер,

Ана тілің-анаң, сыйлап өтіңдер.

2-жүргізуші:

Қазағым тіліңменен жана берші.

Әуендетіп, әніме сала берші.

Мәңгі даңқың түспесін-қазақ тілі.

Көкейімде жатталып қала берші.

ән "Жаса қазағым" орындайтын 8-сынып оқушысы Ардақ

1-жүргізуші: Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл - 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.

Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.

2-жүргізуші: Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданды, ал 1995 Қазақстан Республикасының жаңа Ата заңында қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды.

1-жүргізуші: Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісіе кеткеніміз жөн сияқты.

2-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер

Ерболат 1-оқушы: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген.

Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

Әли 2-оқушы: А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.

Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.

Арыстан 3-оқушы: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.

Кибернетика "атасы" деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.

Жеңіс 4-оқушы: Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.

Мерей 5-оқушы: Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % - француз тілінен, ал 1% неміс тілінен аударылады.

1-жүргізуші: Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет.

2-жүргізуші:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар

1-жүргізуші: Ортаға орыс тілде оқитын оқушыларды шақырамыз

Рамазан 1.Армысың, қонақтары, әсем жері
Бір минут уақыт бөліп бері қара
Өздеріңе шындықты айту үшін
Келіп тұр орыс сынып оқушылар.
Владимир 2. Барлық ұлттың тұрады өкілдері
Бәрі еркін кеуделі, сері
Ұлт бірлігін сақтаған сарбаз елім
Кім жырламас көрікті жерің?
Роллан 3. Жүз бала бір оңалту орталығында сыйып жүрміз
Қазақша ұлттық киім киіп жүрміз
Бәріміз ағып тұрмыз қазақшаға
Осы тілді меңгеріп «ұйып» жүрміз
Дина 4.Бәріне ұйытқы болып жүрген бала
Көкше таулы жерінен
Қазақ тілін үйренсе екен барлығы
Ниетін үзбейді үмітінен.
Максим 5.Максим менің атым
он үште ғана жасым
Қостанайда тұрамын
Көркінен қуат аламын.
Шешем менің өте жақсы
Әкем-пісіруші.
Қазақ тілін олар да
Бізбен бірге үйренер.
Тілді жақсы ұғамын
Қазақ тілі сабағына барамын
орыс болса да ұлтым
Қазақ -менің халқым.

1-жүргізуші:

Сен ақынсың, дауылпаз күй, жыршысың,

Үкіліген сал-серісің, мықтысың.

Дала үні, "Ана тілі" төрінде

Күмбірлейді сен сөйлеген әділ сын.

2-жүргізуші:

күй «Ерке салқым» орындайтын 6-сынып оқушысы Арыстан

1-жүргізуші:

өзбек биі орындайтын 11-сынып оқушысы Наргиз

2-жүргізуші:

Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,

Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім.

1-жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 170 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!


2-жүргізуші:

Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай -лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. Абай туралы ойшыл адамдардың ұлағатты сөздерге құлақ асайық.

(Абай туралы ойшыл адамдардың ұлағатты сөздер)

Н.Ә. Назарбаев - Нұрила 5-сынып

Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандаған белгілі. ... Адамға адамның баласының бәрін дос санады. "Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос" деген сөздері - шын мәнінде ұлт болып ұюымыздың негізгі шарты. ... Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті.

А. Байтұрсынұлы - Ілияс 5-сынып

Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ.

М. Жұмабаев - Нариман 5-сынып

Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанның,

Әлемнің құлағынан әні кетпес.

Ж. Жабаев - Зияда 5-сынып

Мынау тұрған Абайдың суреті ме?

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,

Қарсы келер Абайдың кім бетіне.

М.Әуезов - Жандарбек 5-сынып

Абай деген - терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек, сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым.

1-жүргізуші:

Жақсы ғой білсе шіркін ана тілін,

Дәл басып іште жатқан жүрек қылын

Абайдың бір өлеңін жатқа білсе,

Арманым болмас еді-ау менің бүгін

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» оқитын 8-сынып оқушысы Әсем

өлең «өлең сөздің патшасы сөз сарысы»

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Әуелі хаят, хәдис - сөздің басы,
Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.

Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.
Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?

2-жүргізуші:

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Оның тәтті оранған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар» - деп жырлаған Абай Құнанбаев. Біз де жүректі тербейтіндей әндерін тыңдап, көңілімізге әсемдік орнатайық.

ән « Көзімнің қарасы» орындайтын 8-сынып оқушысы Ардақ

Көзімнің қарасы
Көңілімнің санасы
Бітпейді іштегі
Ғашықтық жарасы

Қазақтың данасы
Жасы үлкен ағасы
"Бар" демес сендей бір
Адамның баласы

Жылайын, жырлайын
Ағызып көз майын
Айтуға келегнде
Қалқама сөз дайын

Жүректен козғайын
Әдептен озбайын
Өзі де білмей ме
Көп сөйлеп созбайын

1-жүргізуші:

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы.

2-жүргізуші:

Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.

қойылым Абайдың 17 қара сөзі

Автор - Нұрсұлтан 9-сынып оқушысы

Қайрат - Мария 10-сынып оқушысы

Ақыл - Артем 8-сынып оқушысы

Жүрек - Мағжан 10-сынып оқушысы

Ғылым - Сұлтан 10-сынып оқушысы

ОН ЖЕТІНШІ СӨЗ

Автор: Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты:

«Ей, ғылым, өзің білесің, дүниеде ешнәрсе менсіз нәтижеге жетпейді; Ғылым, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай ізденіп, үйреніп, орнына келтірмек - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды.

Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, көрсеқызар жеңілдіктен құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
Автор: Ақыл айтыпты:

«Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.
Автор: Онан соң жүрек айтыпты:

«Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ.

Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
Автор: Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:
- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.
-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.
- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, - депті.

Автор: Сонымен, Абай атамыз "Қазақта қара сөзге дес бермедім - деп еш мақтансыз-ақ өзінің кім екнін ашып көрсетті. Ал нағыз адам болу үшін "Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста сонда толық боласың елден бөлек" - деп жан-жақты жетілген адам тәрбиелеудің ең биік нысанасын көрсетіп кетті.

2-жүргізуші:

Өлең деген әр сөздің ұнасымы,

Сөз қосарлық орайлы жарасымы

Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе,

Оған кімнің ұнасар таласуы, - деп

Абай атамыз айтқандай тілді құрметтеген әрбір адамға қойылар

Талап осындай болмақ

ән "Астана" орындайтын 11-сынып оқушысы Назерке

1-жүргізуші:

Дала үніндей «Ана» тілім домбыра

Бабалардан қалған асыл сый мұра

Сен тұрғанда күмбірлеген күй шертіп

Жырлай берем, жырлай берем, халқыма

күй « Секіртпе» орындайтын 6-сынып оқушысы Арыстан

қазақ биі орындайтын 8-сынып оқушылары Әсем, Әсел.

1-жүргізуші:

Тудың ба дүниеге қазақ баласы,

Ғұмыр кеш өмір бойы қазақ болып,

Парызың тәрбиелеу ұрпағыңды,

Жүрмесің әркімдерге мазақ болып.

2-жүргізуші:

Осы елге азаматсың сыйла елді түлеткен,

Қазақ тілін үйрен баршаң мемлекеттік тіл еткен

Өз ұлтыңды, өз тіліңді еш уақытта ұмытпа,

Қазақ тілін білуіңді қажет санап міндеттен.

сөз кезегі ағылшын тіліне береміз

(ең соңында қатысқан оқушылар ортаға шығады)

1-жүргізуші: Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де болмақ. Сондықтан әрқайсымыз өз ұлтымыздың тілін, осы тілі арқылы бүкіл әлемге танытпақпыз, тіл арқылы басқа да салт- дәстүрлерді, әдет - ғұрыптарды, тарихын, мәдениетін, әдебиетін үйренеміз. Сондықтан әр азамат өз ұлтының қамқоршысы, жаршысы, қорғаны болары сөзсіз.

2-жүргізуші: Мемлекеттік тілдің мәдениетін көтеру, өз елін, жерін, Отанын, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін " ТІЛ - ТАРИХИ ШЕЖІРЕМ" тақырыбындағы тіл мерекесіне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз!

(әнді бәрі бірге айтады)

ән "Атамекен"

Атамекен

Сөзі жазған: Қ. Мырза Әли

Әнін жазған: Е. Хасанғалиев

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалды -

Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы:

Қайда жүрсің атамекен,

Көкейінде жатады екен.

Күннің өзі ұясына,

Қимай оны батады екен. 2 рет

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Асқар тауын аспаныммен таласқан,

Қазағымның мәртебесі деп білем.

Қайырмасы:

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Күннің нұрын, айдың әппақ сәулесін,

Қазағымның махаббаты деп білем.

Қайырмасы:

© 2010-2022