Дені саудың - жаны сау

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дені саудың - жаны сау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету.Олардың зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыру.Шылым шегу, нашақорлық, СПИД тәрізді жаман аурулар туралы ой қозғау, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.

2.Дамытушылығы: Оқушылардың жеке басының гигиеналық тазалығын сақтауын қалыптастыру, зиянды заттың организмге тигізетін әсерін, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту.

3.Тәрбиелігі: Оқушыларды денсаулықты сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.Құқықтық, адамгершілік тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ..

Сабақтың әдісі: Танымдық ойындар.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, сурет, сұрақ-жауап парақтары, денсаулық жайлы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер.

Қолданылған әдебиеттер:

1."Валеология","Дене тәрбесі","Спорт" журналы.

3."Денсаулық" журналы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 7ә сыныбынан 12 оқушы қатысады.

Екі топқа бөлінеді.

Сайыс сабағының барысы:

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында "Дені саудың-жаны сау" тақырыбындағы "Сиқырлы қазан" сайысына қош келдіңіздер!

Ал, келіңдер, келіңдер,

Біріңе бірін еріңдер

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер!

(Ойынға қатысушылар ортаға шығады)

Біліміңді саралап,

Төрелігін айтатын.

Әділ баға беретін,

Әділ қазы алқасын

Шақырайық ортаға.

(Әділ қазылар алқасын орындарына шақыру)

Сайысымыздың шарттарымен танысайық.

І."Салем берем халқыма"

( Топ атымен танысу)

ІІ."Кім көп біледі?"(Мақал-мәтелдің жалғасын тап ойыны)

ІІІ. Кім тапқыр? Ойыны(жұмбақ шешу)

ІV.Ол кім? Ол не?(Танымдық ойын)

V. Өз өнері.

(Би, ән, көркем сөз, әңгіме)

VI. Достық деген не? (Өз пікірлері)

Адам бейнесін бейнелеп айту.

Жүргізуші:

Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын,

Қосатұғын күрең атын, боз атын.

Басталады бүгінгі сайысымыз,

Шықсын шәкірт шыңдарға қол соғатын.

І."Салем берем халқыма" Таныстыру

1) Ұраны; 2) Төсбелгі; 3) Газет; 4) Тобымен.

1-топ. "Салауат"

1) Ұраны: Біз салауатты өмір сүреміз!

2) Төсбелгі; 3) Газет;

4) Тобымен:"Салауат"

Іс-әрекет, жақсы әдет

Игеріңдер әрбірің,

Оған мінез қосылса

Гүлденеді тағдырың.

Салауатты мақсатын өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу

Сақтанып өз-өзіңе ие болғын,

Салауатты ақылмен істе жұмыс.

Біз салауатты өмір сүреміз!

2-топ: "Денсаулық"

1) Ұраны: "Бірінші байлық-денсаулық"

2) Төсбелгі: Жасыл түсті көк шөп, табиғат бейнесі.

3) Газет;

4) Тобымен: "Денсаулық"

Денсаулық ол шыныққан

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық ол келуін

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

Жүргізуші:

ІІ. Кім көп біледі? (Мақал-мәтелдің жалғасын тап ойыны).

Ұлылардың ұрпағымыз кешегі

Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі.

Кім көп біледі? Сайысына қатысып,

Жалғасы мен жауабын кім табады?

( 2 топ мақал-мәтелдің жалғасын табады)

1-топ: "Салауат" тобы

1) Дана көптен шығады.....................

(Дәрі шөптен шығады)

2) Бірінші байлық.......(денсаулық)

3) Ауырып ем іздегенше,..............

(Ауырмаудың жолын ізде)

4) Арақ ішіп,.....шеккен,(темекі)

Денсаулықтың түбіне жеткен.

2-топ: "Денсаулық" тобы

1) Шынықсаң .... боларсың(шымыр)

2) Денсаулық .... байлық(зор)

3) ..... адамның арқауы(ас)

4) ..... денсаулық кепілі(тазалық)

Жүргізуші: ІІІ.Кім тапқыр? (Сұрақ-жауап, жұмбақ шешу).

Басталады «Кім тапқыр?»-деген сайысың

Бұл сайыста озып шығар қайсысың?

Жылдамдығың, алғырлығың сыналар,

Қане шәкірт көрінеді қай ісің.

Жүргізуші:-Ал жұмбақтың жауабын табыңдар.

І-топ."Салауат" тобы

Оны күткен адамдар

Ұзақ өмір сүреді.

Қадірін білген жарандар

Байлығы осы деседі. (Денсаулық)

Әр айда мен аламын

Он жаңа айды

Он жаңа айды алсам да ол жамайды. (Тырнақ)

Жанды мотор сынбайды,

Күні-түні тынбайды.

Кейде оның жүрісін,

Дәрігерлер тындайды. (Жүрек)

ІІ-топ. "Денсаулық" тобы.

Үй-ішінде отыз екі батыр,

Кіргендерді отап жатыр. (Тіс)

Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер. (Қол)

Қатар-қатар тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. (Тіл мен тіс)

Таудың екі жағынан,

Екі қалқан жабысқан.

Жақын барсаң маңына,

Сезе қояр дабыстан. (Екі құлақ)

Жүргізуші: "Ол кім? Ол не?" ойыны (Танымдық ойын)

Ал, шәкірттер алды-артын оңдасын,

Шешілмеген сұрақтары қалмасын.

"Ол кім?" , "Ол не?" бөлімінде

Жауаптары тыңдалсын.

1.Қуаныш сезімін бейнелеп беріңіздер.

Күлкі бұлшық еті

Дені саудың - жаны сау

2. а) Адамдар арасындағы байланыс, қарым-қатынас;

ә) Бір-бірімен сырласу, әңгімелесу.

Дені саудың - жаны сау

3.Ызалану, ашулану сезімін бейнелеңіздер:

Дені саудың - жаны сау

(Бәйтерек, ағаш)

Дені саудың - жаны сау

4.Ашуланып, жылау сезімін бейнелеңіздер:

Дені саудың - жаны сау

Жүргізуші:

Бұл өмірде не керек?

Дұрыс жүріп, дұрыс сөйлеу керек.

Ішімдік ішпей, шылым шекпей

Денімізді шынықтыру керек.

Ерте тұрып кеш жатып,

Есірткіге еліктемей

Ерінбей еңбек ету керек,

Бәрінен де салауатты өмір керек.

Денсаулықты сақта, түзу өсесің,

Күнәдән пәк жаннат өмір кешесін.

Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,

Харамменен тәніңді улап не етесің?

Жаман әдет көп шектірер қасірет

Сақта өзіңді, жақсылыққа жетесің-дей келе бүгінгі "Дені саудың-жаны сау" атты танымдық сайысымызды аяқтаймыз.

© 2010-2022