Открытый урок по казахскому языку на тему Мекен үстеуі

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Мекен үстеуі

Сабақтың мақсаты:

а)Білімдік - жаңа тақырып туралы теориялық білім беру және практикамен

ұштастыру.

ә)Тәрбиелік - оқушыларды,адамгершілік, қасиеттерге, имандылыққа,

еңбекқорлыққа баулу.

б)Дамытушылық - оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін,талдау

шеберліктерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,талдау,оқулықпен жұмыс,сұрақ-жауап,

СТО стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,суретті кеспе қағаздар,тест парақшалары,

бор,тақта,оқулық.

Сабақтың байланысы: пәнішілік,әдебиет,орыс тілі,ағылшын тілі,матаматика.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу,сабақта жоқ оқушыны белгілеу,сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушыларды топқа бөлу.

«Сәлемдесу» ойыны. Оқушылар бір шеңберге тұрады,бір-бірімен әр түрлі дене мүшелері арқылы амандасады:

  • тіземен,

  • қолмен,

  • арқамен,

  • иықпен,

  • баспен.

Топқа бөлу. Оқушыларға әр түрлі суреттер таратылады,суреттерді таңдау арқылы балалар өздері қандай жолмен (түс арқылы) бөлінетіндігін анықтау қажет.

ІІ Үйге тапсырманы сұрау

«Миға шабуыл»

  • Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

  • Үстеу дегеніміз не?

  • Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді?

  • Күрделі үстеулер қалай жасалады?

  • Үстеу жасалу жолына қарай нешеге бөлінеді?

  • Мезгіл үстеуі туралы не білеміз?

ІІІ Жаңа сабақ

  1. Түсіндіру:

Жаңа тақырып туралы теориялық түсінік беру және мысалдар келтіру.

  1. Оқулықпен жұмыс:

219 - жаттығу

3.Жұмбақтар жарысы (оқушыларға жұмбақ жасырылады,жұмбақтан әуелі мекен үстеуін табу қажет,содан соң жұмбақтың шешуін тауып,оны орыс,ағылшын тілдеріне аударады):



4.Тест тапсырмасын орындау(оқушыларға тест парақшасы таратылады,дұрыс жауаптарды белілеуге 5 минут уақыт беріледі,белгілеп болған соң интерактивті тақтаға дұрыс жауаптардын кілті көрсетіледі,сол бойынша оқушылар тексеріп шығу қажет):

1.Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табын ... дейміз.

а. Сын есім

ә. Есімдік

б. Үстеу

2. Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?


а. қандай? қалай? қашан?

ә. қалай? қашан? қайда?

б. қашан? қай? нелер?

3. Артық сөз тіркесін табыңдар:


а. төменгі баға

ә. төмен түсті

б. төмен тартты

4. Көп нүктенің орнына тиісті үстеуді жазыңдар:


Аңшылар ... жүрді

а. ілгері

ә. топтасып

б. бүгін

5. Дұрыс жауабын табыңдар:


Әсел қайдан келді?

а. алыстан

ә. кеше

б. тез

6. Артық сөзді табыңдар:


а. асықпай

ә. бірден

б. жолшыбай

7. Үстеуді көрсетіңдер:


а. туралы, сол

ә. жас, кәрі

б. зорға, әрең

8. Жауабын көрсетіндер:


Сабақты қалай оқиды?

а. асықпай

ә. ертең

б. кешқұрым

9. Үстеуді көрсетіңдер:

а. сыбырла

ә. қараңғы

б. әрі-бері

10. Артық сөзді табыңдар:


а. артта қалды

ә. жоғары ұшты

б. кешке келеді

Дұрыс жауаптар кілті:

  1. б

  2. ә

  3. а

  4. а

  5. а

  6. б

  7. б

  8. а

  9. б

  10. б

Топ басшысы өз тобындағы оқушылардың парақшаларын жинап,топтың сапалық деңгейін анықтайды,7 ұпайдан жоғары жинаған оқушылар санын 100-ге көбейтіп,топтағы жалпы оқушылар санына бөледі.

IV Сабақты бекіту

Постер қорғау

І топ Мекен үстеуі дегеніміз...

ІІ топ Мекен үстеуінің жасалу жолдары...

ІІІ топ Мекен үстеуінің мезгіл үстеуден айырмашылығы...

Кері байланыс жасау «Кемпірқосақ» әдісі арқылы

  • Жаңа тақырыпты түсіндің бе?

  • Қандай тапсырма орындау барысында қиындық тудырды?

  • Сабақ барысында қай сыныптасыңның жауабы ұнады?

  • Сабаққа қатысты қандай ұсыныс жасар едің?

  • Тапсырма орындауда кімнен көмек сұрадың?

  • Тапсырма орындауда өзің кімге көмектестің?

  • Сабақтың қай бөлімі ерекше ұнады?

V Үйге тапсырма беру:

- ереже жаттау;

- құрамында мекен үстеуі кездесетін мақал-мәтелдер жазып келу.

VI Оқушылардың білімдерін бағалау

VII Сабақты аяқтау



© 2010-2022