9-сынып оқушыларымен өткен Абай өлеңдерінің мәнітақырыбы

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9-сынып оқушыларымен өткен Абай өлеңдерінің мәнітақырыбы9-сынып оқушыларымен өткен Абай өлеңдерінің мәнітақырыбы9-сынып оқушыларымен өткен Абай өлеңдерінің мәнітақырыбы9-сынып оқушыларымен өткен Абай өлеңдерінің мәнітақырыбы9-сынып оқушыларымен өткен Абай өлеңдерінің мәнітақырыбы9-сынып оқушыларымен өткен Абай өлеңдерінің мәнітақырыбы9-сынып оқушыларымен өткен Абай өлеңдерінің мәнітақырыбы9-сынып оқушыларымен өткен Абай өлеңдерінің мәнітақырыбы9-сынып оқушыларымен өткен Абай өлеңдерінің мәнітақырыбыҚазақ тілі сабағында интербелсенді оқыту әдісін қолдану

ОҚО Түлкібас ауданы «Алғабас»жалпы орта мектебі

Пән мұғалімі:Сейсембаева Гүлжазира Оспанбековна

Пәні:қазақ тілі сыныбы:9

Мақсаты:

1.Дағды мен білімге қол жеткізу;

2.Бірін-бірі тыңдап,өзара пікір алмасу.

3.Шығармашылық жұмыспен айналысу,сөздік қорын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

*Топта жұптық жұмыс жасай біледі, сөйлеу мәдениеті,сөздік қоры жетіледі. *Берілген тапсырма барысында саралайды, салыстырады,қорытынды жасай біледі;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Топқа бөлу.(әндер бойынша топтасу) «Атамекен», «Сарыжайлау», «Армандастар», «Жан досым»

Күту ағашына өз ойлары жазылған қағаздарды ілу(бүгінгі сабақтан не күтесің,не білгің келеді?)

1.Сабағымызды сөз,сөз тіркестерін жазудан бастаймыз.1 минут ішінде кім қанша сөз тіркесін жазады? Тәтті, ашық,ащы,әдемі,қатты деген сөздер әр топқа таратылады.Әр топтан 1-2 оқушы оқып береді.

есік көйлек

Ашық мінез Әдемі қыз

түс көлік

киім сөмке

үй

2.Берілген сөздерді қатыстыра отырып,өлең жазу( «Буриме» тәсілі)

... ... салтанатты сәніменен,

... , оюланған мәніменен.

... ... түрлі құстар,

... ... хошын әніменен.

Оқығысы келетін оқушылар оқып береді.Бір-бірін көтермелеп қошемет көрсетіп отыруға болады.Бұл өлең жолдары орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Балықшы мен балық туралы»ертегісінен алынған үзінді.Ертегі есімізде болса, алтын балықтан кемпір нені талап ететін еді? Кемпір байлықты, билікті. мансапты,тақты бақытым деп санайды.

3.Видеоролик(ертегіден үзінді) әр топтан бір оқушыдан өз ойларын ортаға салады,қорытынды жасайды

4. Енді бүгін біздің ой қозғағалы отырған тақырыбымыз осы бақыт сөзі. Бақытты әркім әр түрлі түсінеді.Ал сендер қалай ойлайсыңдар?Ойлана отырып, өздеріңнің ой- көзқарастарыңды эссе етіп жазыңдар.

-- топ ішінде бір-біріне оқып береді;

-- әр топтан сыныпқа оқып береді(ұжымдық)

Ханайбас: «Біздің отбасымызда алты адам бар.Мен ертерек есейіп,ата-анама көмектескім келеді.Жұмыс істеп қаражат тауып,ата-анама,іні-қарындастарыма екі қабатты зәулім үй салып берер едім.Мен үшін бұл үлкен бақыт болар еді.» Арайлым: «Менің өмірге адам болып келгенімнің өзі-бақыт.Біз үшін өмір сүріп жүрген ата-анамның дені сау болса, жоғары оқу орнында оқитын ағаларымның алға қойған мақсаттары орындалса, мен үшін бақыт осы деп есептеймін.»

Енді осы жазғандарыңды сынып бөлмесіндегі қалаған жерлеріңе іліп қоюларыңа болады.Үзіліс кезінде бір-біріміздің жазғанымызды оқып,ой бөлісе аламыз.

5. Ой сергіту сәті. Таратылған сөздерден сол топқа қатысы жоқ сөздерді табу керек. Мысалы, алмақ-қалам,ояуб-бояу,азғақ-қағаз,ақмта-тамақ,шызғсы- сызғыш,ерптәд-дәптер бұл мектеп құралдарына тамақ сөзінің қатысы жоқ.

6.Енді үй тапсырмасына кезек береміз.Үйде күнделікті бізді ойландыратын «Мектеп формасы қажет пе?» деген тақырыпқа эссе жазу тапсырылған болатын.

Енді өз ойларыңды ортаға салыңдар.Бірнеше оқушы оқып береді.Бір-бірімізді сынап,қарсы пікір айтуға болмайды.Тек қана тыңдаймыз.

Сонымен бірге өздеріңді күнделікті өмірде толғандыратын,мазалайтын бірнеше сұрақтар жазып келу керек болатынбыз.Соның біразын оқып көрейік.

Мысалы,1.Орта буын оқушыларына неге би кеші болмайды?

2.Неге өзіміз қалаған оқушымен отырмаймыз?

3.Мұғалімдер сабақ оқымай келген күні неге бізге кешіріммен қарамайды?

4.Бұзық балалар қайдан шығады?

Осындай тақырыптағы бірнеше сұрақтар оқылады.

7.Өткен сабақта жазған АДАМ тақырыбындағы эсселеріңді бағаладым.Сабаққа қатысқан барлық оқушы бағаланады.Талаптарды толық орындаған оқушыға «бестік» бағасы қойылады. Барлық оқушы бағаланды,соның ішінде Ақдәулет, Асланды да жақсы оқитын оқушылармен бірге атауға болады,өйткені грамматикалық қателері болғанымен, ойларын жеткізіп жаза білген.

Алихан: «Мен адам болып дүниеге келдім.Қазақта ұл бала дүниеге келсе, ерекше қуанады,өйткені қыздар сияқты басқа жаққа кетіп қалмайды. Шаңырақтың иесі болып қалады, ұрпағымызды жалғастырады деп есептеген. Мен ұлмын , қызбын демей кез-келгеніміз адам деген атқа лайық болуымыз керек.» Жаңылсын: «Адам болып дүниеге келген соң, әрбір күніңді мағыналы өткізу керек.Тек өзіңнің қара басыңды ғана ойламай, жаныңдағыларға да көңіл бөлген жөн.Қажет кезде қол ұшын беру керек.Адамның адамдығы сонда деймін.»

8.Сабағымызды әр оқушы өз есіміндегі дыбыстарына сын есімдер жазумен аяқтайық.

Арайлым-ақылды,реңді,ажарлы,ибалы,лебізді,ықыласты,мейірімді.

Бағдат-бақытты,адал,ғұмырлы,даңқты,ақылды,талантты.

9.Енді Күту ағашындағы өз жемістеріңді жинап алыңдар және сол өздерің жазған сұрақтарыңа бүгінгі сабақтан жауап таба алдыңдар ма,өздерің жауап беруге тырысыңдар.

Бір-екі оқушыға оқытуға болады.

Мысалы,Мөлдірдің жауабы: «Мен бүгінгі сабаққа қызыға қатыстым,сонымен бірге жақсы баға да алдым».Арман: «Мен топ жетекшісі болдым,тобымыз өте жақсы қатысты.»

© 2010-2022