Урок на тему Бешпенттің ою-өрнектерін өңдеу

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок на тему Бешпенттің ою-өрнектерін өңдеуУрок на тему Бешпенттің ою-өрнектерін өңдеуУрок на тему Бешпенттің ою-өрнектерін өңдеуУрок на тему Бешпенттің ою-өрнектерін өңдеуУрок на тему Бешпенттің ою-өрнектерін өңдеуУрок на тему Бешпенттің ою-өрнектерін өңдеуҚызылорда облыстық білім басқармасы

Қармақшы аграрлы - техникалық колледжі








Тақырыбы: Бешпенттің ою-өрнектерін өңдеу










Өндірістік оқу шебері: Л.Тоқмамбетова



2014-2015 оқу жылы

«Бекітемін»

Директордың оқу- өндірістік

жұмыстары жөніндегі орынбасары:

______________ Ж.Сейталиев

Өткізілген күні: 9.12.2014

Сабақ жоспары №


Оқу тобы: №167, ІІІ курс

Мамандығы: «Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу»

Сабақтың тақырыбы: Бешпенттің ою - өрнектерін өңдеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды бешпенттің алдыңғы өңіріне салынатын оюлармен таныстыру және оны өңдеу жолдарын үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды іскерлікке, ұқыптылыққа бастаған ісін тиянақты орындай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың берілген тапсырмаларды орындаудағы ептілігін, алған білімін өз бетінше қолдана білуге қалыптастыру.

Сабақтың оқу-материалдық жабдықталуы:

Интерактивті тақта, кеспе қағаздар,

тігін машинасы LS 2125 кл, LW -200 кл,

маталар, ине-жіптер, бор, қайшы, үтік

технологиялық нұсқау картасы

Оқу өндірістік базасы: «Тігін шеберханасы»

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. 830- 835

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.

ә) Жұмыс орындарын сабаққа дайындау

б) Арнаулы жұмыс киімдеріне назар аудару.

ІІ. Кіріспе нұсқау. 835- 925

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

  2. Өткен сабақ материалдарынан оқушылардың білімін тексеру

Кеспе қағаздары арқылы студенттерге сұрақтар беру

  1. Бешпентті қандай матадан тігеді?

  2. Бешпенттің бөлшектерін ата ?

  3. Бүкпелердің түрлерін ата ?

  4. Бүкпе және бедерлі тігіс дегеніміз не ?

3. Оқу материалдарынан оқушыларға нұсқау беру. 925- 1010


  1. Оюлардың түрлерімен таныстыру

Ассоциация әдісі

Кесте машинасымен өңдеу

Дайын жапсырмалы оюмен өңдеу оюларды бисермен өңдеу

Ою-өрнекті өңдеу тәсілдері


Оюдың жиегін тесьмамен өңдеу аппликация мен өңдеу


  1. Бешпенттің алдыңғы өңіріне оюдың орнын белгілеу

  2. Матаның өң бетіне қатырма жапсыру

  3. Арнайы матаға оюды сызып түсіру

  4. Өңірге ою салынған матаны көктеу

  5. Арнаулы машинада оюдың жиегін торлау

  6. Көктеу жібін алып тастау

  7. Оюдың жиегін қайшымен қию

  8. Дайын оюды ылғалды жылулық өңдеуден өткізу

5. Кіріспе нұсқаудың материалдарын бекіту

  1. Ою - өрнектің түрлерін ата?

  2. Аппликация дегеніміз не?

  3. Қатырма не үшін қажет?

  4. ЫЖӨ-ден өткізу жұмыстарын ата?

ІҮ. Оқушылардың өндірістік жұмыстары және ағымдағы нұсқау. 1015- 1320


  1. Оқушыларға технологиялық нұсқау картаны беріп, жұмыс орындарына бөлу.

  2. Оқушылардың жұмыс орнының дайындығын және басталуын қадағалау.

  3. Оқушылардың жаттығу жұмыстары

    • Алдыңғы өңірге түсетін оюдың орнын белгілеу

    • Ою түсетін матаның өң бетіне қатырма жапсыру

    • Матаның оң бетіне оюды сызып түсіру

    • Алдыңғы өңірге оюды көктеу

    • Арнаулы машинада жиегін торлау

    • ЫЖӨ -ден өткізу

  4. Жабдықтармен дұрыс ұқыпты жұмыс жасауын қадағалау.

  5. Жұмыс жасау әдістерінің дұрыстығын тексеру.

  6. Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау деңгейін тексеру мақсатында,

жұмыс орындарын аралау.

Ү. Қорытынды нұсқау. 1320- 1335

  1. Орындалған жұмыстарды қабылдау.

  2. Жіберілген қателіктерді ескерту, жою, түзету.

  3. Оқушының білімін бағалау.

  4. Үйге тапсырма беру. Қазақтың ұлттық киімдері және қол өнері тарихы

3-тарау № 59-63 беттер




Өндірістік оқу шебері: Л.Тоқмамбетова

© 2010-2022