Ашық сабақ Қызға-нәзіктік, Ұлға-батылдық жарасады

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: № 45 Мерзімі: 10.12.15 № 18 сабақ

Тақырып: Қызға - нәзіктік,

Ұлға - батылдық.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: шыдамдылық, кішіпейілділік, жігерлілік.

Мұғалім: Акбидаева.К.Т. Сынып - 5 «В» Оқушылар саны - 22

Сабақтың мақсаты: адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі, сұлулықтың мәні туралы түсінік беру

Міндеттері:

  • оқушыларды қыздың нәзіктігін, ұлдың батылдығын ажырата алуға үйрету;

  • оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге үйрету;

  • нәзіктілік, батыл болуға тәрбиелеу ;

Ресурстар:

(құралдар, белсенді тақта мәліметтер)

Презентация

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы, баяу музыка қойылады.

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Мұғалімдерге арналған оқулық

Мұқажанова Р.А, Омарова Г.А,

Р.Мұратханова

Алматы «Бөбек»

  1. Дәйексөз

«Үйінде ұл-қызы бардың,
көгінде сөнбес жұлдызы бар»
(халық мақалы)

  • Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • «неге сөнбес жұлдызға теңейміз?».

деген тәрізді сұрақтар қою арқылы адами қарым-қатынас, жақсы мінез-құлықтың қоршаған әлемге ықпалы туралы оймен қорытынды жасаймын.

Мақал-мәтелдер жинағы

Әңгімелеу .

Елдің иесі сендерсіңдер, қарақтарым!

Қ. Қайсенов

Айналайын балаларым, сендерді көргенде өзімнің балалық шағымды еріксіз еске түсіремін. Көз алдыма тай-құлындай тебісіп бірге өскен достарым келеді. Біз де сендер секілді ойынның қызығына тоймаушы едік. Жүгіреміз, жарысамыз, күресеміз, алысамыз. Шыжыған шілденің ми қайнатқан ыстығында өзеннен шықпаймыз. Бәрі қызық, бәрі тамаша. Сонда қол-аяғымыздың тілім-тілімі шығып ашығанын да сезбейтінбіз...

Міне, ұл-қыздарым, бәрің менің немере, шөберелерім сияқтысыңдар. Сондықтан да өте алыстап кеткен балалық шағымды сағына еске алып, сабақ болсын деп ауызға алып отырмын.

Балалық, дәурен өтеді де кетеді. Бірақ, қызығы да, қуанышы да, тіпті ауыртпалығы да аз болмайтын балғын шақтың әсері жадыңіда мәңгі қалады. Өз басым бүгінде сексеннің ен ортасынан ассам да, алаңсыз кездің әдемі әсері санамда сайрап тұр. Ата-ана тәрбиесінің күші шығар, бойыма турашылық, бір сөзділік, қиянат көрсе өршеленіп кететін өршіл мінез, батылдық сияқты қасиеттер молынан енді. Соның бәрі дерлік жан дүниеме балалық шағымда ұялатады. Тек қана жақсы адамдарға үйір болдым. Істерінен, сөздерінен өнеге алдым. Қандай қиын-қыспаққа тап болмайын, өтірік айтпауға, адал жүріп, анық басуға, абыроймен өмір сүруге тырыстым. Бәрі елім үшін, халқым үшін, ұлтымыздың келешегі үшін дедім. Өйткені бізді мектепте оқытқан мұғалімдеріміз солай болуға үйретіп еді.

Биыл көктемде мен сексен беске таядым. Сексен бес деген аз жас емес, айналайын ботақандарым! Артымда мәнді де мағыналы, ащы да азапты, тәтті де тәлімді өмір жолдары қалды. Мен осы жолмен жүріп, оттан да, судан да аман өттім. Кәрілікке адалдықтан айнымай жеттім. Адалдықпен тірлік кешу де оңай емес екен. Бірақ мені бәріне баулыған балалық шақ. Сол үшін де қайтпас-қайсар, өжет те өршіл, қайырымды да қанағатшыл етіп жетілдіріп, қабырғамды қатайтқан балалық шағыма ризамын. Сендер де балдәурен кездеріңде осындай асыл қасиеттерді бойларыңа көп ұялатыңдар.

Тәуелсіз қазақ еліне білімді де білгір, ақылды да алымды, іскер де намысқой азаматтар көп керек. Олар - сендерсіңдер! Елдің ендігі иесі өздерің екенін жадыларыңнан ешқашан шығармаңдар, қарақтарым!


  • Қасым атаның өсиетінен қандай ой түйдіңдер?

  • Өз бойларыңдағы қандай қасиеттерді шыңдауға болады.

Елдің абзал азаматы болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Әдебиеттік оқу 4 сынып

Алматы баспасы

2004 жыл

  1. Топпен ән айту

Қазақ қызы

Сөзін жазған: И. Сапарбаев

Әнін жазған: Р. Тайманов

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,

Арулар аз болды ма атқа қонған.

Көңілде қалған сыз бар өткен күннен,

Өмірде қалған із бар «Ақтабаннан».

Жасырмай айтар болсам жан сырымды,

Тағдырым қарауылға қанша ілінді.

Ерліктің қос қанаты деп білем мен,

Аяулы Әлиям мен Мәншүгімді.

Ән жинақ

  1. Үй тапсырмасы

«Қызға нәзіктік, ұлға батылдық» тақырыбына мақал-мәтелдер жазып келіңдер.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып турады.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректерімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!

Аң жортар аяғымен, жер еркесі,

Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.

Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,

Адам бол! Болма адамның көлеңкесі - деп Абай атамыз айтқандай, сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да инабатты ұл -қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.


«Әдебиеттік оқу»

7 сынып


© 2010-2022