По Қазақ тілі 7 сынып Сөздердің байланысу тәсілдері

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 7- сынып

Сабақтың тақырыбы Сөздердің байланысу тәсілдері

Жалпы мақсаттар Оқушыларды іздендіре отырып, жаңа ақпаратты өз күшімен игеруге баулу.

Оқыту нәтижесі Тақырыпты өз бетімен түсіну, топта жұмыс істеуге дағдылану, ойын еркін жеткізе білу.

Негізгі идеялар Өз білімін және жолдастарының білімін саралай білуге

үйрену

Модульдер, әдіс-тәсілдер 1,2,3,4,6,7

Жигсо- 1,2, топтастыру стратегиясы, топтық жұмыс, эссе.

Құрал- жабдықтар әр түрлі фигуралар, слайдтар,

Перфокарталар, кәмпиттер, постер,стикер,т.б.

Тапсырмалар

1.​ Тақырыпты зерттеп оқып, түсіну

2.​ Сөздердің байланысу түріне мысал келтіру

3.​ Тізбек бойынша сөз тіркесін жазу

4.​ Оқулықпен жұмыс

5.​ Эссе жазу « Туған жер- алтын бесік»

1.​ Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды бүгінгі сабақ ұстанымымен таныстыру.

Сабақ ұстанымы

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма- жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмей, сен білсең

Білгеніңнің бәрі- тұл. ( Абай

2.​ Психологиялық ахуал. Бір-біріне жақсы тілектер айту.

3.​ Әр түрлі фигуралар арқылы ( дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, ромб(

Арқылы топқа бөлу.

Бағалау критерийімен таныстыру

Үй тапсырма-

Сын сұрау

2 ұпай

Байланысу тү

Ріне 5 мысал

2ұпай

Тізбек бойынша

Сөз тіркесін

Жазу

2 ұпай

Оқулықпен

Жұмыс

239- жат.

2 ұпай

Эссе.

2 ұпай

12-11 ұпай- «5»

10-08 ұпай - «4»

7-5 ұпай- «3»

4-2 ұпай- «2»

2. Үй тапсырмасын сұрау.

1-​ топ. Сөз тіркесі дегеніміз не?

2-​ Топ. Сөз тіркесі қандай сыңарлардан тұрады?

3-​ Топ. Есімді сөз тіркесі дегеніміз не ?

4-​ Топ. Етістікті сөз тіркесі дегеніміз не?

3.Жаңа сабақ.

« Сөздердің байланысу тәсілдері» деп аталатын жаңа тақырыптың тақырыпшаларын 4 топқа тапсырма етіп беру.

1-​ топқа берілген тапсырма - Сөздердің жалғау арқылы байланысуы.

2-​ Топқа берілген тапсырма - Сөздердің шылау арқылы байланысуы.

3-​ Топқа берілген тапсырма - Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысуы

4-​ Топқа берілген тапсырма - Сөздердің интонация арқылы байланысуы.

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы мұқият оқып, түсінеді, бір-біріне түсіндіреді. Содан кейін постерге жазып. Мысалдар келтіріп, басқа топтағы

Оқушыларға түсіндіреді.

1-​ тапсырма

Сөздердің байланысу түріне әр топ 5 мысалдан сөйлем ойлайды.

Әрбір топ мүшесі өзін-өзі бағалап, бағалау парақшасын толтырып отырады .

2-​ тапсырма.

Тізбек бойынша сөз тіркестерін жазу. 10 мысал.

1- топ Зат өсім+ зат есім

2- топ Сын есім+ зат есім

3- топ Сан есім+ зат есім

4- топ Зат есім+ етістік.

Сергіту сәті « Жер өңдеу»

3-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Кесте№1

Түрлері

Мысалдар

Сөз тіркесі

Тұрақты сөз

тіркесі

Күрделі

Сөз

0

Қара торы

+

1

Кетіп қалды

2

Үйде қалды

3

Сары ала тон

4

Жұмған аузын ашпау

5

Он сегіз

6

Жетпіс жыл

7

Асығып-үсігіп келді

8

Сіркесі су көтермейді

9

Мөлдір су

10

Зыр жүгірді

11

Көпір арқылы

12

Жолдан өту

13

Куә болу

14

Селт етпеу

15

Күзге қарай

16

Жақсы көру

17

әдемі жүзі

18

Ит өлген жерде

19

Тізе бүкті

20

Ала жаздай

21

Көз салды

22

Бауыр басты

23

Сурет салды

239- жаттығу, 144- бет

4 топ 4 сөйлемді сөздердің байланысу түріне қарай талдайды.Топтардың

Жұмысы тексеріледі. Топ мүшелері бағалау парақшасына ұпай сандарын

Жазып, өздерінің жауаптарын бағалап отырады.

4-тапсырма. Эссе жазу. Тақырыбы - « Туған жер - алтын бесік».

Мынадай тірек сөздерді, сөз тіркестерін пайдалану

Жер жаннаты, тебіренбес жүрек, кірін жуып, кіндік қаны тамған жер,

Жыр жолдары, жер - ана , туған жердің қадірі, алысқа ұзап шыққан

Шәкірт, ұзатылған қыз, жусаны мен жуасы бұрқыраған, сары қымыз сапырып, тамсандырған ауыл ,т.б.

4.​ Сабақты бекіту

4 топқа әр түрлі нұсқада сауалнама беріледі. Сауалнама үлгісі

1.​ Есімді сөз тіркесін тап

А. Айқайлап сөйледі

Ә. Саған айтты

Б. әкемнің ақылы.

2.​ « Жақсы оқиды» тіркесінің сызбасын тап.

А. Зат есім+ зат есім

Ә. Сын есім+ етістік

Б. Зат есім+ етістік

3.Етістікті сөз тіркесін тап.

А. Алтын сағат

Ә. Жақсы бала

Б. Жоғары шық

4Орын тәртібі арқылы байланысқан сөз тіркесін тап.

А.Ертіс арқылы

Ә. Қалаға барды

Б. Таңғы жаттығу

5.Интонация арқылы байланысқан сөз тіркесін тап.

А.жаманнан жирен

Ә. Бұл - мұражай

Б. Киіз үй

6.Тұрақты сөз тіркесін тап.

А.Құлағын шұқыды

Ә. Құлағын тартты

Б. Құлақ салды

7. Күрделі сөзді тап

А. Қара қағаз

Ә. Қара торы

Б. Қара ниет

8. Есімді сөз тіркесін тап.

А.Биік тау

Ә. Қалаға келу

Б. Кітап оқу

9. Етістікті сөз тіркесін тап.

А. Әдемі сурет

Ә. Ойға шому

Б. Көркем мінез

10. Интонация арқылы байланысқан сөз тіркесін тап.

А.жақсыдан үйрен

Ә. Былғары тон

Б. Мынау - өзен.

Слайдтар көрсету.

5, Үйге тапсырма. 240-жаттығу

5.​ Рефлексия кезеңі. « Аяқталмаған сөйлем» Бүгінгі сабақтан мен өзіме

Не алдым? Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып

Алма ағашының суретіне жапсырады.

Кейінгі тапсырмалар немесе портфолио деректері

Оқушылардың орындаған шығармашылық жұмыстары, жазған эсселері.

Ермекбаева Жұлдыздың « Туған жер- алтын бесік» атты эссесі

Туған жер! Не еткен ыстық сөз! Жүрекке жақын естілетін осы бір сөзде

әлдебір сиқыр бар ма дерсің.!Бұл сөзді естіген кезде елең етпейтін адам бар ма екен , сірә!

Иә, «Алтынның қолда барда қадірі жоқ» деп, кейде адамдар алшан басып жүріп, өскен жердің қадірін білмей жатады. Туған жердің қадірін

Алысқа ұзап шығып , жол жүрген жолаушы білер, болмаса туған жерден

Жырақта білім іздеп щарқ ұрған шәкірт білер, болмаса алысқа ұзатылған

Қыз білер. Бірақ әйтеуір түбінде туған жердің ыстық екенін, оның өз туған

Анасынан кем емес екенін түсінеді. Сондықтан ғой жер - ана, Отан - ана дейтініміз. Туған өлке, таныс аймақ, таныс маң адамның сәби кезінен

Жүрегінде жатталып, көкірегінде мәңгі қалып қояды. Адам өмірде бір нәрсеге қиналса , туған жерін есіне алады, өйткені ол жерде оның балалық

Шағы өткен, ал балалық шақ - адам өмірінің ең бір әсем шағы.

Ақын Әбу Сәрсенбаев туған жерге деген ыстық сезімін былайша

Толғайды

Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым

Алабыңнан арманыма нәр алдым

Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі

Алтын арай таңғы жұпар самалдың.

Бәсе, адам туған жердің топырағынан жаралады екен ғой. Туған жерге деген сағыныштың адам жүрегін сыздатып , емге дауа таппай адамның қапаланатыны содан екен ғой.

Ал менің туған жерімде тау да жоқ, тас та жоқ, арқыраған өзен

Де жоқ . Әйтсе де көзіме осы жер өте ыстық. Өйткені бұл жерде менің

Балғын балалық шағым өтіп жатыр, құлын - тайдай тебісіп бірге ойнаған құрбыларым да осы жерде емес пе? Туған жердің тасы да ыстық, тауы да

Ыстық деген осы екен .Туған жердің қадірі оның тамаша табиғатымен,

әсем көрінісімен өлшенбейтінін түсіндім. Перзент пен өскен жердің

арасында бір тылсым құпия байланыс болады - ау, сірә.

Шықшы тауға, қарашы кең далаға

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

Уа, дариға, алтын бесік туған жер

Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр.

Жата алмас ем топырағында тебіренбей

Ақын болмай, тасың болсам, мен егер.

Өзінің туған жеріне деген жүрекжарды сәбилік сезімін сыршыл ақын

Қасым Аманжолов осылай білдірген екен. Осы өлең жолдарын оқысам

Ерекше толғаныста боламын. Туған жерге оралған, көптен бері сағынып

Еліне келген жан шынында да сәбише мәз болып, шаттанатынын ақын

Қалайша дәл тауып айтқан деп ойлайсың. Шіркін - ай, мен де ақын болсам

Ғой, туған жерімді, Кең Жылыойымды, дарқан даламды, кең - байтақ Қазақстанымды ән - жырға қосар едім. Суретші болсам, ғажайып суретін

Салар едім. Туған перзентіңнің әні де, жыры да, сәні де сенсің ғой, туған

Жер.

Сабақты талдау.

« Сөздердің байланысу тәсілдері» тақырыбында өткен сабақтың рефлексиясы. 7-сынып.

Әйгілі зерттеуші Л.С: Выготский: « Дәстүрлі оқыту бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, дамудың соңында жүрсе, жаңаша оқыту дамытуды өзімен бірге ала жүреді»- деген болатын. ( Мұғалімге арналған нұсқаулық) Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай, мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс.

Әр мұғалім өз сабағының қожайыны, шәкірттерді қалай бастаймын десе де өз қолында. Әр сабақ-мұғалімнің төл туындысы. Сабақты қызықты, көңілді өткізу шебер мұғалімнің ғана қолынан келеді. Ал сабақты қызықты өткізуге мұғалімге жеті модуль көмекке келері сөзсіз дер едім. Жеті модульді есімізге түсіре кетсек, олар:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

4. Оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

6. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу.

7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

«Сабақ - оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы»- деп А.Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі қайсы дегенде көңілім сын тұрғысынан ойлау технологиясына кідіре берді.Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды.

Осы аталған сабағымда жеті модульды ықпалдастыруға күш салдым. Оқушыларға барынша еркіндік беріп, өз ойларын еркін айтуға жағдай жасадым. Топқа бөлінген оқушылар жұптасып және өзара әңгімелесе отырып жаңа тақырыпты постер арқылы талдап түсіндірді. Бір-бірінің айтқанын мұқият тыңдап, бір-біріне көмекке де келіп отырды. Сабақтың ой-толғаныс кезеңінде оқушылар « Туған жер-алтын бесік» тақырыбына өздерінің жүрекжарды ойларың қағазға түсірді. Оқушылар осы сабақ барысында тапсырмаларға критерий қоюдың қаншалықты маңызды екенін білді. Кері байланыста оқушылар сабақ туралы әсерлерімен бөлісті. Олар сабақтың өте көңілді, қызықты өткенің, жаңа сабақты тез меңгеріп қана қоймай, бірлесіп жұмыс атқарғандарына риза болғандарын жеткізді.

Қорыта келе айтарым, жеті модульдің көмегі өте көп. Атап айтар болсам, оқушылар ой-пікірін ашық, еркін айта алады , жіберген қателіктерін жөндейді, жақсы қасиеттерін үйренеді, сабақ естерінде көп уақытқа дейін сақталады, бір-біріне талап, өтініш, тілектерін білдіре алады.



© 2010-2022