Тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау

Тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: фонетикадан өткен тілдік теориялық материалды қайталау, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізе отырып білімдерін бекіту. Сабақтың дамытушылық мақсаты: өздері жасайтың сызбалар бойынша теориялық материалды дұрыс баяндау машығын қалыптастыру, фонетикалық талдау дағдыларын тұрақтандыру, ойлау, сөйлеу, тіл дамыту. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушының білімділікке, ойлылыққа жетектеу, пәнге қызығушылығын арттыру, туған тілін сүюге, қадірлеуге т...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Абай ЖОББМ





Фонетикадан өткенді қайталау

Сұрағанова А.Т.





























Тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: фонетикадан өткен тілдік теориялық материалды қайталау, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізе отырып білімдерін бекіту.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: өздері жасайтың сызбалар бойынша теориялық материалды дұрыс баяндау машығын қалыптастыру, фонетикалық талдау дағдыларын тұрақтандыру, ойлау, сөйлеу, тіл дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушының білімділікке, ойлылыққа жетектеу, пәнге қызығушылығын арттыру, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: сөз, дәлелдеу, талдау, іздендіру, қайталау.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі; Амандасу.

Біз үлкен саланы аяқтадық?

Кім айтады ол қандай сала?

Дұрыс бүгін біз фонетиканы қайталаймыз. Ал енді өздеріңе мақсат қойыңдар. Топтардыңөздеріне сабаққа мақсат қойдырту. Бүгінгі сабақ енді біз фонетика еліне соңғы рет саяхат жасаймыз.

  1. Жаңа сабақ.

Қалай ойлайсыңдар, осы елде кімдер тұрады?

Дыбыстар. Дауысты, дауыссыз, тасымал, буын. Екпін. Үндестік заңы. Қалай ойлайсыңдар көрші елде кімдер тұрады?

Лексика. Морфология. Синтаксис. Ал енді саяхатымызды бастайық.

  1. Полиция пункті тұр

Соған кіріп, белгіленейік. Ол үшін тапсырма орындау керек. Адасқан әріптерді өз елдеріне жіберу керек.

а

Ә

Ғ

б

о

Ө

ы

І

а

Ә

Ғ

б

о

Ө

ы

і


  1. Келесі көшедегі сот кеңесіне барайық.

Сот орындарында жұмыс істеу үшін нені білу керек деп ойлайсыңдар? Заңды.

Сендер қандай заңды білесіңдер?

Үндестік заңы бойынша тапсырмалар берілген.

Сұрақтарға жауап беру

Үндестік заңының неше түрі бар

Қала-да, өнерлі. Буын үндестігін мына сөздерде бар ма?

  1. «Казпошта» көшесінде

  1. Тасымалдауға болмайтын 10сөз жаз.

  2. Тек ашық буыннан тұратын 10 сөз жаз.

  1. Үндестік заңынабағынбайтын 10 сөз жаз.

  2. Тек бітеу буынан тұратын 10 сөз жаз.

«Мәдениорталық» би билейік

  1. Фонетика дүкені

Әр бір шоколад бойынша номер белгіленген

Сол сұраққа жауап берсеңдер дүкенші шоколад береді.

Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

Қазақ тілінде буын нешеге бөлінеді?

Нені жазамыз көреміз?

Қалам сөзінде қазақ тіліне тән дыбыс бар ма?

«нан» қандай буынға жатады?

«И» дыбысы қандай?

  1. «Телеорталық» факс келді

Құрметті оқушылар менің атым жұмбақ дыбыс көп дыбыстардың бірімін. Мен екі жерде жұмыс істеймін, яғни екі түрлі қызмет атқарамын. Соған байланысты мінезім де құбылмалы. Сендерге қояр шартым мен қандай дыбыспын.

-у дыбысына сипаттама беру. Дәптерге. У дауысы үнді, мысал келтіру. Сөйлем құрастыру.

У дауысты жуан мысал келтіру, сөйлем құрастыру.

У дауысты жіңішке мысал келтіру, сөйлем құрастыру (СУРЕТ, КЕРУЕРТ, КЕРУЕН)

Қорытынды

  1. Тест арқылы қорытындылаймыз?

«Дауысты дыбыстардың емлесі» тақырыбы бойынша

  1. Буын талғайтын дыбысты тап.

  1. У

  2. Е

  3. А

  4. Ә

  5. Ы

  1. Қай сөзде «Ы» дыбысы түсіп қалған?

  1. Жина

  2. Айна

  3. Арна

  4. Сұра

  5. Шайна

  1. Қай сөзде қате бар?

  1. Жүзігі

  2. Қорқу

  3. Қина

  4. Халқы

  5. Орыны

  1. «Ы» дыбысы қай сөзде қате жазылған?

  1. Шоқу

  2. Жымыю

  3. Шошу

  4. Сыйымдылық

  5. Қиылыс

  1. Қай сөзде «і» дыбысы жазылмайды?

  1. Ілезде

  2. Ілес

  3. Ілми

  4. Іле-шала

  5. Ілгері

  1. Қай сөзге «-а» жұрнағы жалғанбайды?

  1. Орын

  2. Ойын

  3. Жиын

  4. Қиын

  5. Тиын

  1. Кірме сөздерде ғана 2-3 - буындарында кездесетін дыбыс қайсысы?

  1. Ю

  2. Ы

  3. Ұ

  4. Я

  5. Й

  1. Қай сөзде «у» жуан дауысты дыбыс болып тұр?

  1. Қуыс

  2. Тауық

  3. Уақ-түйек

  4. Ауа

  5. Төлеу

  1. Қай сөзде дыбыс пен әріпте айырмашылық бар?

  1. Қоюлау

  2. Шытырман

  3. Айтыскер

  4. Қауырсын

  5. Кісен

  1. Қай сөзде «а» дыбысы қате жазылған?

  1. Жай

  2. Шай

  3. Рәсуә

  4. Фәтима

  5. Күмән

Өздеріне баға қойып отырады.

Оқушының аты-жөні

1

2

3

4

5

6 тест

Барлығы 18-«5»

15-«4»




© 2010-2022