Наурызым-берекем, Наурызым-мерекем!

Наурызым – мерекем, Наурызым – берекем !Дастан: Армысыздар құрметті ауыл тұрғындары!Жарқын ауылының "Наурызым -мерекем, Наурызым - берекем !" атты Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын қарсы алу тойына қош келдіңіздер. Ұлыс оң болсын !Эльмира: Уа, жарандар, жарандар,Бәрің бері қараңдар!Наурыз думан басталды,Бір сәт зейін салайық.Ұштасқан оймен мәңгілікБіздерде бар сан ғұрып,Ғасырлардан ғасырғаКеле жатқан жаңғырып.Бермен жақын тұрыңдар,Сөзіме көңіл бұрыңдар.Жауқазындай наурыздыңАйтылатын жыры бар.
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Наурызым - мерекем, Наурызым - берекем !

Дастан: Армысыздар құрметті ауыл тұрғындары!

Жарқын ауылының "Наурызым -мерекем, Наурызым - берекем !" атты Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын қарсы алу тойына қош келдіңіздер.

Ұлыс оң болсын !

Эльмира:

Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар!

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай наурыздың

Айтылатын жыры бар.

Дастан: Құттықтау сөз наурыз тойын өткізуге демеуші болып отырған Приречный ауылдық округінің әкімі Қабылқақ Қабдыкешұлына беріледі.

Эльмира:

Құттықтау сөз мектеп директоры Гүлжаухар Халелқызына беріледі.

Дастан:

Құттықтау сөз Наурыз тойын өткізуге ұйытқы болып отырған клуб директоры Қайрат Мұратұлына беріледі.

Эльмира:

Құттықтау сөз ауылымыздың кәсіәпкері Наурыз тойында өтетін «Үлгілі әже, ибалы келін» сайысының демеушісі Қайырғазы Сәлешұлына беріледі. Наурызтойының демееушілеріне қошамет көрсетіп қойыңыздар.

Дастан:

Жаңа жылды, Наурыздың 22 - сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күні әжелеріміз жамандықтан, пәле жаладан, тілден, көзден аластау рәсмін жүргізген. Олай болса ортаға ауылымыздың «Ақ әжелерін» шақырамыз.(Аластау рәсімі)

Эльмира:

Ұлыс күні кәрі - жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып көріскен.

Аталар бата беріскен

Әмин деп ауылымыздың ауыл ақсақалы

бата сұраймыз.

Дастан:

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.

Эльмира:

Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз - жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні Ұлыстың,

Келді Наурыз - жыл басы! «Наурыз» биімен ауылымыздың бишілерін ортаға шақырамыз. Қошаметпен қарсы алыңыздар.

Дастан:

Наурыз тойының бағдарламасы:

1

"Наурыз - думан" мерекелік концерт

2

"Үлгілі әже, ибалы келін" келіндер сыны

1.Таныстыру

2.Өз өнерін көрсету

3. Сұрақ - жауап (Наурыз мерамына қатысты сұрақтар)

4. Наурыз дастарханына әзірлік. 1 ұлттық тағам түрін жасап әкелу.

3

Наурыз - дастарханы

Клуб ұжымы

Ауыл тұрғындары

4

Ұлттық ойындар:

Арқан тартыс

5

Спорттық ойындар:

Қол күрес

"Күш атасын танымас" гир көтеру

Воллейбол

Эльмира:

Наурыз тойын өткізуге демеушісі Приречный ауылдық округінің әкімі Қадылқақ Қабдыкешұлы, кәсіпкер ауылымыздың азаматы Қайырғазы Салешұлы, клуб директоры Қайрат Мұратұлы демеушілерге алғысымыз шексіз. Ауылымыздың берекесін танытқан мәрт азаматтар саны көбейе берсін.

Эльмира:

Туған жер жұпар тұр аңқып,

Гүл шашып жатыр бар аймақ.

Атады елді қуантып,

Көктемнің таңы арайлап.

«Үш қыран » тобын Наурызға арналған ән шашуымен ораға шақырамыз

«Салт дәстүрден көрініс» (әжелер)

Дастан.

Су жылтырап бүршік ашқан жас талдан,

Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.

Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,

Бар тіршілік Наурыздан басталған!

Наурыз тойларыңыз құтты болсын дей отырып, «Үлгілі әже, ибалы келін» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа әділ төрелігін беретін Приречный ауылдық округінің әкімі Қабылқақ Қабдыкешұлы, демеушіміз Қайырғазы Сәлешұлы, мектеп директоры Гүлжаухар Халелқызы

Эльмира:

  • Байқауға қатысатын сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

1 ауылымыздың ардақты анасы, «Ақ әжелер» ансамбілінің мүшесі Слямхан әже өзінің келіні Әселмен Саржайлау көшесінің атынан қатысады.

Дастан:

2. Өнерімен жас ұрпақты тәнті етіп, немерелерін өнерге баулып жүрген «Ақ әжелер» ансамбілінің мүшесі Мария әже, келіні Арайлыммен жасдәурен көшесінің атынан қатысады.

Эльмира:

3.

Дастан:

4

Эльмира:

Сайыскерлеріміз қоржынан шығу ретін таңдап алсын.

Сайысымыздың І бөлімі таныстыру кезеңі

№ 1

№2

№3

Дастан:

Науырз тойына әәннен шашу шашатын әнші қызымыз Айгерімді қарсы алайыңыздар.

Эльмира:

«Өнерімен тамсандырған бар жұртты » дегендей сайысқа қатысушыларымыздың өнерін тамашалайық. ІІ бөлім өз өнерін көрсету

Эльмира:

Жат боп бұрын бастары ешбір қосылмай,

Жүрген жандар таныс тапса - досындай.

Ол - осынау Наурыздың арқасы! -

«Ұлыс күннің» шапағаты осындай!

Нұрбектің ән шашуын қабыл алыңыздар.

Дастан:

Сайысымыздың келесі бөлімі сұрақ - жауап. Қатысушылармызды ортаға шақырамыз.

Олар Наурыз мерекесіне қатысты сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды алыңыздар.

Жыл басында алғаш жауған қар қалай аталады? (Ақша қар)

Жыл басының алғашқы күні? (Ұлыс күні)

Жыл басының алғашқы желі? (Алтын күрек)

Жыл басының алғашқы төлі? (Дүбір аяқ)

Жыл басының алғашқы сүті?(Уыз)

Жыл басының алғашқы көгі? (Бәйшешек)

Жыл басының алғашқы асы (Наурыз көже)

Жыл басының алғашқы белгісі (Көрісу)

Жыл басының алғашқы сый тамағы (Ұйқыашар)

Жігіттердің қыздарға беретін сыйы (Селтеткізер)

Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы (Наурызек)

Наурыз айында өсетін жапырақты, қауашақты түрлі гүл (Наурыз шешек)

Элмира:

Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұлаңғайыр керілсін керегесі.

« Дастархан» әнімен жас бүлдіршіндерді шақырамыз

Дастан:

Шат күлкіге шомылып замандары,

Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.

Әрбір жанның арманы орындалып,

Сәтті болсын биылғы қадамдары.

Мектебіміздің жас бишілерін ортаға шақырамыз

Элмира:

Жадырап күннің жанары,

Бетті өпсе жылы самалы.

Сай-сайға ақса жылғалар,

Бұл Наурыз хабары.

Жас талантты әнші қалалық байқаулардың жеңмпазы Қуанышты әнімен шапалақтың шауымен қарсы алыңыдар.

Дастан:

Салт - дәстүрін халқымның,

Ибалы келін сақтаған,

Ұрпақтарға дәріпте,

Баба ізін жалғаған

Келесі кезек үй тапсырмасы наурыз дастарханына дайындаған ұлттық тағамдарын көрсетіп, жасалу жолын айтады.

Эльмира:

Наурыз келді, көктем келді ағайын,

Жадырайды, жаңғырады маңайым.

Назды, сазды науан Наурыз, армысың?

Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.

Ерсіннің тамаша әнін қабыл алыңыздар.

Дастан :

«Үлгілі әже, ибалы келін» сайысы аяқталды әділқазы алқасы қорытындысын шығаруға дайын болғанша Бибигүлдің ән шауын қабыл алыңыздар.

Эльмира:

Қош келдің, Наурызым төрлет бері,

Қыр төсін жауқазындай өрнектеді.

Тіршілік тамырына нәр жүгіріп,

Жадырады адамдардың келбеттері.

«Ақ әжелер» ансамбілінің мүшесі Оразбаева Ғайнигүлді тамаша әнімен қарсы алыңыздар.


Дастан:

Кел, Наурыз! Құшағымды ашып тұрмын,

Қуанып сен келген соң тасып тұрмын.

Жылуды, жылылықты сағындым ба,

Әйтеуір, ғашық қылдың, ғашық қылдың... «Қара жорға» биімен ауылымыздың өнерпаздарын қарсы алыңыздар

Эльмира:

Жаз иісі бүгін келді, жан жайланды,

Кешегі көрген бейнет артта қалды.

Өмірге жаңа жолдар ашатұғын,

Жаңа жыл - бүгінгі күн, жаздың алды

Ауылымыздың әншісі Айбекті «Қос қарлығаш әнімен қарсы алыңыздар

Дастан:

Шыға келді сыланып сылаң келер,

Қияңдағы қиылды қыранға ерлер.

Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында

Мың бұрала жүгірген бұраң белдер.

Эльмира:

Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым!

Дастан:

« Үлгілі әже, ибалы келін» сайысының қорытындысын тағатсыздана халқым күтіп тұр. Олай болса, қатысқан сайыскерлерімізді әділқазы алқасын сіздердің қошаметтеріңізбен сахна төріне шақырамыз.

Эльмира:

Ашық болсын қас - қабақ,

Таспен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін төрде бас қонақ.

Арпа, бидай, тары бар.

Ішілетін, жейтіннің,

Бұл көжеде бәрі бар.

Наурыз дастарханына ауылмыздың ақ әжелері мен ақсақалдарын шақырамыз.

Ұлттық, спорттық ойындар жалғаса береді. Кешке ауыл тұрғындарына би кеші.









теңеліп, жердегі көкке жан бітіп, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер - Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр - күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған.

1 жүргізуші:

Жаңа жылды, Наурыздың 22 - сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, « нұр жауды », «туар жыл нұрлы болады », « Наурыздың ақша қарындай » деп әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады » - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.

2 жүргізуші:

Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз - жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні Ұлыстың,

Келді Наурыз - жыл басы!

1 жүргізуші: Құттықтау сөз Приречный ауылдық округінің әкімі Қабылқақ Қабдыкешұлына беріледі.

Құттықтау сөз мектеп директоры Гүлжаухар Халелқызына беріледі.

Құттықтау сөз клуб директоры Қайрат Мұратұлына беріледі.

2 жүргізуші:

Ұлыс күні кәрі - жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып көріскен.

Аталар бата беріскен

Әмин деп ауылымыздың ақсақалы, ардақты атамыз Тоқан атадан бата сұраймыз.



1 жүргізуші:

1

"Наурыз - думан" мерекелік концерт

2

"Жарқын келіні - 2014" келіндер сыны

1.Таныстыру

2.Өз өнерін көрсету

3.Епті болсаң жеңіп көр (ұршық иіру)

4.Сұрақ - жауап (салт -дәстүр, әдет- ғұрыптан сұрақтар)

5.Наурыз дастарханына әзірлеген 1 ұлттық тағам

3

Наурыз - дастарханы

Клуб ұжымы

Мектеп ұжымы

Ауыл тұрғындары

4

Ұлттық ойындар:

Арқан тартыс

5

Спорттық ойындар:

Қол күрес

"Күш атасын танымас" гир көтеру

Воллейбол

Наурыз тойын өткізуге демеушісі Приречный ауылдық округінің әкімі Қадылқақ Қабдыкешұлы келіндер сынына, гур көтеруге, клуб директоры Қайрат Мұратұлы арқан тартыс, қол күреске, кәсіпкер ауылымыздың азаматы Қайырғазы Салешұлы воллейбол жарысына демеушілерге алғысымыз шексіз. Ауылымыздың берекесін танытқан мәрт азаматтар саны көбейе берсін. Клубымызға ұлт киімдерімен демеушілік көрсеткен ауылымыздың азаматы Базаршин Ерланға алғыс білдіреміз.

2 жүргізуші:

«Наурыз - думан» қазақ биін тамашалаңыздар.

1 - жүргізуші.

Туған жер жұпар тұр аңқып,

Гүл шашып жатыр бар аймақ.

Атады елді қуантып,

Көктемнің таңы арайлап.

«Ақ әжелер » ансамбілін «Шақырады көктем әнімен ортаға шақырамыз»

2 - жүргізуші.

Су жылтырап бүршік ашқан жас талдан,

Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.

Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,

Бар тіршілік Наурыздан басталған!

Наурыз тойларыңыз құтты болсын дей отырып, «Жарқын келні - 2014 байқауын бастауға » рұқсат етіңіздер. Келіндеріміздің әділ төрелігін беретін Слямхан апа, Тоқан ата, Гайнигүл апа

1- жүргізуші:

  • Байқауға қатысатын келіндерімізді ортаға шақырамыз. Мектеп ұжымынан Арайлым келін, Атамекен көшесінен Фаина келін, Жарқын көшесінен Айнагүл келін, Жасдәурен көшесінен келіндерді қошаметпен сахна төріне шақырамыз.

2 -жүргізуші:

Байқауымыздың І бөлімі таныстыру кезеңі

№ 1 Арайлым келін

№2 Фаина келін

№3 Айнагул келін

№ келін

1 -жүргізуші:

Байқауға қатысып отырған сынып жетекшісі Арай Өнерханқызының құрметіне оқушысы Гүлім түрік биін тарту етеді.

2 -жүргізуші:

«Өнерімен тамсандырған бар жұртты » дегендей келіндеріміздің өнерін тамашалайық. ІІ бөлім өз өнерін көрсету

1 -жүргізуші:

Жат боп бұрын бастары ешбір қосылмай,

Жүрген жандар таныс тапса - досындай.

Ол - осынау Наурыздың арқасы! -

«Ұлыс күннің» шапағаты осындай!

«Ұш қыран» тобының ән шашуын қабыл алыңыздар.

2 -жүргізуші:

Епті болсаң жеңіп көр келіндеріміз ән аяқталғанша ұршық иіріп болу керек.

(Нұрбек ән) Иірілген жіпті әділқазы алқасына апарып беріңіздер.

1- жүргізуші:

Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұлаңғайыр керілсін керегесі.

«Балған» бишілер тобының «Сүгір» биін қабыл алыңыздар.

  1. жүргізуші:

Шат күлкіге шомылып замандары,

Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.

Әрбір жанның арманы орындалып,

Сәтті болсын биылғы қадамдары.

Мектебімізге келген жас маман Нұрболатты жыр шашуымен қабыл алыңыздар.

1 -жүргізуші:

Жадырап күннің жанары,

Бетті өпсе жылы самалы.

Сай-сайға ақса жылғалар,

Бұл Наурыз хабары.

Омарханова Эльвираны «Қазақ елі» әнімен шапалақтың шауымен қарсы алыңыдар.

2 -жүргізуші:

Салт - дәстүрін халқымның,

Ибалы келін сақтаған,

Ұрпақтарға дәріпте,

Баба ізін жалғаған

Келесі кезек келіндеріміз қоржыннан сұрақтар алады. Сол сұрақтарға жауап береді.

1 -жүргізуші:

Наурыз келді, көктем келді ағайын,

Жадырайды, жаңғырады маңайым.

Назды, сазды науан Наурыз, армысың?

Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.

Ерсіннің тамаша әнін қабыл алыңыздар.

2 -жүргізуші:

Келіндеріміздің ас мәзірін қалай дайындайтынын көрейік. Наурыз дастарханына әзірлеген 1 ұлттық тағам түрін дайындау, жасалу жолын түсіндіру.

1 -жүргізуші:

«Жарқын келіні - 2014» байқауы аяқталды әділқазы алқасы қорытындысын шығаруға дайын болғанша Айдардың ән шауын қабыл алыңыздар.

2-Жүргізуші:

Қош келдің, Наурызым төрлет бері,

Қыр төсін жауқазындай өрнектеді.

Тіршілік тамырына нәр жүгіріп,

Жадырады адамдардың келбеттері.

Жанерке мен Бибігүлді «Армысың халқым» әнімен қарсы алыңыздар.

  1. жүргізуші:

Кел, Наурыз! Құшағымды ашып тұрмын,

Қуанып сен келген соң тасып тұрмын.

Жылуды, жылылықты сағындым ба,

Әйтеуір, ғашық қылдың, ғашық қылдың...


  1. жүргізуші:

Жарқын - 2014 келіндер сыны байқауының қорытындысын тағатсыздана халқым күтіп тұр. Олай болса, қатысқан келіндерімізді, әділқазы алқасын сіздердің қошаметтеріңізбен сахна төріне шақырамыз.

  1. жүргізуші:

Жаз иісі бүгін келді, жан жайланды,

Кешегі көрген бейнет артта қалды.

Өмірге жаңа жолдар ашатұғын,

Жаңа жыл - бүгінгі күн, жаздың алды

  1. жүргізуші:

Ашық болсын қас - қабақ,

Таспен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін төрде бас қонақ.

Арпа, бидай, тары бар.

Ішілетін, жейтіннің,

Бұл көжеде бәрі бар.

Наурыз дастарханына шақырамыз.

Ұлттық, спорттық ойындар жалғаса береді.




© 2010-2022