- Преподавателю
- Другое
- Адам еңбекпен шыңдалады (5 сынып)
Адам еңбекпен шыңдалады (5 сынып)
Раздел | Другое |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Кайрбекова Г.С. |
Дата | 03.01.2015 |
Формат | doc |
Изображения | Нет |
Күні:
Пәні:Өзін өзі тану.
Сыныбы: 5
Тақырыбы: Адам еңбекпен шыңдалады
Мақсаты:
Оқушылар еңбектің керектілігі туралы түсінеді, адамның өмірі өз қолында екендігі туралы ұғым қалыптасады
Міндеттері:
Бағалау
Оқушылар мәтінді оқу арқылы еңбектің маңыздылығы туралы түсінеді
Өз ойларын айту арқылы
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы оянады, белсенділігі артады, адамгершілік қасиеттері дамиды
Өз ойларын еркін айту, жазу, қорғау арқылы
еліне, халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиеленеді
Бірін-бірі байқау, бағалау арқылы
Шаттық шеңбері:
Балалар, сендермен кезекті сабағымызда кездескеніме өте қуаныштымын. « «Өзін - өзі тану» әлеміне саяхатымызды жалғастырып, біз еңбек, еңбексүйгіштік туралы көп мәлімет аламыз.Бір - бірімізге қарайық. Мен сендердің көздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп тұрмын. Осындай ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларымды көргеніме қуаныштымын. Ендеше бізде бір - бірімізге күлімсіреп, алақанымыздың жылуын сезіне отырып сәлем берейік. Бүгінгі күніміз сәтті де, жарқын аяқталу үшін өзімізге, келген қонақтарға жақсылық көтеріңкі көңіл тілейік.
Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір - бірімізбен амандасайық!
Біз тағыда біргеміз,
Сөгілмейді іргеміз.
Ұшып күннің шуағын,
Көрісеміз қуанып.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Көк аспан!
Амансың ба, ағайын,
Сіздерді көріп қуандық.
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүл шашылды
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз!
Үй тапсырмасын сұрау /екі жақты сұхбат/
Қызға-нәзіктік, ұлға батылдық.
І. Қызығушылықты ояту / топтастыру/
Еңбек
Ғажайып қапшық, не үшін қажет? / ойын ойнату/
Еңбек құралдары
ІІ мағынаны ажырату / Болжам кестесі, еркін жазу стратегиялары/
Мәтіннің 1-бөлігін тарату. Оқушылар өз беттерімен оқиды. Жалғасын өз ойларымен , болжам бойынша жалғастыру.
«Еңбек жемісі» Б. Әділ.
1-бөлім
Әкесі алты гектар егістік жер алған. Сол - ақ екен, қауырт жұмыс басталды да кетті.
- Тұр, балам, - дейді әкесі. - Көктемнің әрбір күні жылға азық. Содан үй іші болып жердің басына келеді. Әкесі, шешесі, өзі, екі інісі... Жұмыс қызу басталып кетеді. Екпегендері жоқ. Сәбіз, картоп, пияз, жүгері, капуста, қауын, қарбыз.
Асан жазғы каникулын атыз басында өткізді. Екі інісімен сонда қонады. Әкесі шартақ соғып берген. Екіншіде оқитын Досан шай дайындаудың шебері.
- Биыл өнім жаман болмас, - дейді әкесі жайқалған көкөністерге көз салып қойып. - Еңбек етсең, Жер - ана да иіс сала береді.
Әкесінің айтқаны келді де тұрды. Егін мол өнім берді. Әсіресе қауын - қарбыздар... Теңкиіп көздің жауын алады. Сауда бақшалықта - ақ қызды. Бейтаныс ағалар көлікпен келіп, өздері тиеп әкетіп жатты.
Әкесі мәз, мұртынан күледі.
Не болуы мүмкін
Не болды
2 -бөлім
Оқудан келісімен Асан атызға асығады, әке - шешесіне көмек беруі керек. Әлі де атызда қалған - құтқан өнім көп. Қызанақтар жерге түсіп, ағып жатыр.
Өткенде ауыл балалары масақ теруге келді. Өзімен төртіншіде бірге оқитын Айкүміс те бар. Екеуі бірге отырып қауын жеді.
- Қауының не деген тәтті, - деді Айкүміс. Асан біраз марқайып қалды. Әсіресе «қауының...» деп айтқанына...
- Тойып жеп ал, - деді.
- Кешке бес - алты қауын ала кет. Әйтпесе, үйіне өзім апарып тастайын. Ауыр ғой...
Айкүміс үндемеді. Әдемі жымиып қойды. Бұған өте риза болғаны. Әкесі бүгін өте көңілді екен.
- Ертең менімен бірге жүріңдер, - деді үш ұлына. - Базарға апарып, керектеріңді алып берем...
Сол күні үй іші жаңа бешпент - шалбарды қайта - қайта киіп көріп әлек. Ал ең кішкентай Досан болса, жаңа велосипедтің дөңгелегіне жел беріп әлек. Насоспен қосыла мұрны да пыс - пыс етеді.
- Жаз бойғы еңбектерінің өтеуі ғой, - дейді әкесі әдетінше мұртынан күліп.
- Еңбек барысында балалардың қандай қасиеттері байқалды?
- Балалар еңбек нәтижесін қалай көрді?
- Еңбектің жемісін көргенде өздерің қандай сезімде боласыңдар?
Сергіту сәті
Қырға шықсаң өрлеп,
Мұның аты - Еңбек.
Кесте тіксең, зерлеп,
Мұның аты - Еңбек.
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең - Еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Шығармашылық жұмыс
1 - топ. Еңбек туралы мақал айтып, мағынасын түсіндіру.
2 - топ. Сурет құрастыру, қорғау.
3 - топ. Мына криптограмманы дұрыс шешсең, «Еңбекке» байланысты мақалды оқуға болады.
І. Отанға, қоғамға көрсеткен қызмет, жақсылық - 1, 2, 3, 4, 5.
ІІ. Барлығы, баршасы, тегіс - 6, 7, 8, 9.
ІІІ. Дауыссыз дыбыс - 10
ІV. Киімнің бір бөлігі - 11, 12, 13.
V. Бекем, мықты, берік - 14, 15, 16.
1 2 3 4 5 - 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Е ң б е к - б ә р і н ---ж-- е--ң- б-- е --к
Дәйексөз
«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді» (Л. Н. Толстой)
- Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
ІІІ ой -толғаныс
Сахналау
Ата ақылы
Немересі: Ата, өмір бойы не үшін оқи бересіз?
Атасы: Менің де өмірде білмейтінім көп. Сондықтан үнемі оқи беремін.
Немересі: Жалықпайсыз ба?
Атасы: «Оқи берсең көзің ашылады,
Отыра берсең, жалқаулық басынады» - деген балам, адам оқыған сайын жаңа бір нәрсені үйренеді және өмірдегі бар қызықты біледі.
Немересі: Ата, тек өзіңе ұнағаннын оқығанда қызық болмай ма? Ал мені кейбір пәндер мектепте қызықтырмайды.
Атасы: «Білім - таусылмас қазына»- дегендей, білім - адамға өмір бойы таусылмас қазына. Оны түсіну үшін сен көбірек оқуың керек.
Дәптермен жұмыс / еркін жазу/
Жаттығу «Аяқталмаған сөйлем»
- Еңбек дегеніміз....
- Еңбексүйгіштік дегеніміз...
- Еңбек маған...
Жылы лебіз
Оқушылар түрлі-түсті қағазға бір-біріне еңбекке байланысты жылы тілектер жазып береді.
Мысалы: *Адал бол
*Еңбекқор бол
Үйге тапсырма
Даналық сөздерді оқып. Еңбектің маңыздылығы жөнінде ой түйіндеңдер.
1) Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап. (А. Құнанбаев)
2) Еңбегі жоққа - бақыт жоқ. (А. П Чехов)
3) Жаның жай тапсын десең - еңбектен. (Ж. Ж. Руссо)
Жүректен - жүрекке
- Білім терең теңіз бе,
Білім, еңбек егіз бе?
Осы екеуі деңіз де,-
Рухани азығым -
Дейді атам,- білімді
Еңбекпенен сен ізде! (Е. Шайхыұлы)