нарық және ақша (9 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Нарық және ақша Сабақтың мақсаты: Оқушылар мәтінді оқу арқылы  тауар, нарық, ақша ұғымдарын түсінеді. Міндеттері Бағалау 1. Оқушылар мәтінді түсініп, өз беттерінше оқуды және мазмұндауды ұғады. Өз ойларын айту арқылы 2 оқушылар ой- пікірін айта білуге үйренеді олардың сабаққа деген  белсенділігі артады. өз ойларын жазу, екі жақты күнделікті толтыру арқылы 3 оқушылар , үнемділікке, еңбекқорлыққаүйренеді.   Бірін-бірі бағалау, байқау арқылы Көрнекілігі: плакат, мәтін, слайд Түрі: СТО Қолданылатын стратегиялар: ассоциациялық карта, ортада қалам, аквариум,  бағыттап оқу, екі жақты  күнделік, үш деңгейлі сұхбат
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 9

Мерзімі: 28.11.2013

Сабақтың тақырыбы: Нарық және ақша

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар мәтінді оқу арқылы тауар, нарық, ақша ұғымдарын түсінеді.

Міндеттері

Бағалау

1. Оқушылар мәтінді түсініп, өз беттерінше оқуды және мазмұндауды ұғады.

Өз ойларын айту арқылы

2 оқушылар ой- пікірін айта білуге үйренеді олардың сабаққа деген белсенділігі артады.

өз ойларын жазу, екі жақты күнделікті толтыру арқылы

3 оқушылар , үнемділікке, еңбекқорлыққаүйренеді.

Бірін-бірі бағалау, байқау арқылы

Көрнекілігі: плакат, мәтін, слайд

Түрі: СТО

Қолданылатын стратегиялар: ассоциациялық карта, ортада қалам, аквариум, бағыттап оқу, екі жақты күнделік, үш деңгейлі сұхбат

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту

а/ ортада қалам стратегиясы үй тапсырмасын сұрау

  1. қажеттілік, қажеттіліктің түрлері

  2. кесте толтыру: экономикалық жүйе, өндіріс факторлары

ассоциациялық карта «Ақша»

ІІ. Мағынаны ажырату

  1. Аквариум стратегиясы

Ортаға екі оқушыны шақырып жеңіл сұрақ қойылады / тауар өндірушілердің арасында бәсеке болмауы мүмкін бе?/

  1. Бағыттап оқу стратегиясы

А) Мәтіннің 1 - бөлімін оқу. Оқушылардың топта ойларымен бөлісуі, біреуі қорғайды

1-бөлім Айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім тауар деп аталады. Нарықтық экономикада тауар ұғымы орталық ұғым. Нарықтың өзі тауар өндірісінің пайда болуына байланысты өмірге келеді. Тауар - айырбас үшін арнайы дайындалған өнім. Нарық - тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын, айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді.. Басқаша айтқанда, нарық дегеніміз - нақты тауарды сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосады. Тауар өндірушінің бағасы мен сатып алушының бағасы арасындағы тең салмақты орнату механизмі ұсыныс пен сұраныс заңында тәптіштей сипатталады. Нарықтық баға құру үдерісінде сұраныс пен ұсыныс шешуші рөл атқарады. Сұраныс деп сатып алушылардың уақыттың сол мезетінде сол бағаға белгілі бір көлемде тауар сатып алу қабілетін айтамыз. Тауар өндірушінің белгілі жерде, белгілі уақытта тұтынушыға сата алатын тауарларының көлемі ұсыныс деп аталады. Нарықтың өмір сүруінің басты шарттарының бірі - тауар өндірушілердің арасындағы бәсеке. Бәсеке жоқ жерде нарық та болмайды.

Бәсеке дегеніміз - нарыққа қатысушылардың арасындағы өндіріс жағдайларын жақсарту және өнімді өткізу үшін талас

Ә) Мәтіннің 2-бөлімін оқу. қолымыздағы ақшаны елестету. Ойымызды жазу, жұпта айту, топта талқылау, біреуі қорғайды

2-бөлім Ақша экономиканың даму тарихында ерекше текті тауар болып келеді. Ақшаның ерекшелігі - оның әмбебаптығынан, жалпыға танымал және нарыққа қатысушылардың бәріне бірдей тұрақты құндылыққа ие болуынан көрініс береді. Ақша өзге тауарларды бір-бірімен айырбастау үдерісінде делдал-тауар қызметін атқарады. Ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі.

3. Екі жақты күнделік стратегиясы

Б) Мәтіннің 3-бөлімін оқу. 3-бөлім Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас. ҮІІ ғасырдан бастап жез,қола, күміс, алтын қолданылды

Әсер еткен фраза

Неліктен әсер етті


  1. Оқушылар сағат тілімен жұпта айтады. Топта ой бөліседі. Біреуі қорғайды.

ІІІ. Ой толғаныс

а/ ассоциациялық картаға оралу. Оқушылар толықтырып жазады.

б/ үш деңгейлік сұхбат стратегиясы. Оқушылар үштен топтасады. Біреуі сұрақ қояды, біреуі жауап жазады, біреуі айтады.

Бағалау

Аты-жөні

Үй тапсырмасы

Сабақ барысында

Бекіту

Жалпы ұпай

Баға

Сұраққа жауап беру

1-ұпай

Кесте толтыру

2-ұпай

1-бөлім

3-ұпай

2-бөлім

4-ұпай

3-бөлім

5-ұпай

5-ұпай



Бағалау шкаласы: 16-дан жоғары - «5», 11-ден жоғары- « 4», 7-ден жоғары- «3»

Үйге тапсырма: Нарық және ақша тақырыбын оқу. Эссе жазу



© 2010-2022