Жамбы ату және бес жаңалық

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбы ату және бес жаңалықАудандық оқушылар үйі

Жамбы ату және бес жаңалық

атты ашық сабақ.

Ұйымдастырушы: «Жайдарлы Жас ұлан» үйірмесінің жетекшісі: Н.Малаев

Жосалы кенті

2015жыл

«Бекітемін»

Аудандық оқушылар үйінің

басшысы: Н.Наурызбаева

«___» «________» 2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: Жамбы ату және бес жаңалық.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Үйірме оқушыларына жамбы ату мен бес жаңалық сайысы туралы

. мәлімет беру. Сайыстың шарттарын, қағидаларын таныстыру.

Ә) Дамытушылық: Жамбы ату және бес жаңалық сайысы кезінде оқушылардың тіл

байлығын, жайдарманға деген сүйіспеншілігін, топтасып жұмыс

істеу дағдыларын дамыту.

Б) Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс

жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Білімділік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, бейнебаян, ой қозғау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

«Сәлемдесу» тренингі: ойын шарты: оқушылар қазақ,қытай,жапон ұлттарының дәстүрімен сәлемдесу

Ә) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.

Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Бағдаршам» әдісі бойынша үйге берілген тапсырманы сұрау. Оқушылар үй тапсырмасы мен әуенді сайыс тақырыбынан түсініктерін айтады.

ІІІ. Өткен білімді тексеру. «Сұрақ - жауап» ойыны арқылы өткенді қорытындылау.

  1. Үй тапсырмасының ерекшелігі неде?

  2. Үй тапсырмасында, әділ-қазылардан берілетін жоғарғы ұпай саны?

  3. Әуенді сайыс неше минуттан аспауы тиіс?

  4. Үй тапсырмасында неше көріністен аспауы тиіс?

ІҮ. Жаңа бөлімді меңгерту. Теориялық бөлім.

ЖАМБЫ АТУ (БИАТЛОН) ЖӘНЕ БЕС ЖАҢАЛЫҚ:

Екі сайыс та әдеби сайыс түріне жатады. Нағыз әзіл жүйрігінің сыналар сәті. Екі-үш сөйлемнен құралған әзілді тек бір ойыншы оқуы керек. Ия, ия, ойнауы емес, оқуы керек! Сайыс қалай өтетінін көріп-біліп жүрсіңдер, ал қалай дайындық жасау керек, құпиясымен бөлісе кетейін. Әзіл оқу кезінде әр команданың жіберетін бірінші қателігі - оқитын адам дұрыс таңдалмайды. Көңілдеріңе келмесін, бірақ көп жағдайларда оқу мәнері (ырғағы) дұрыс емес қыз-жігіттер планшетке жабысады. Басқа команда мүшелері көңілге қарап соны алдыға салады. Бірақ көрермен де, қазылар алқасы да сендердің достарың емес екенін есте сақтаңдар. Сондықтан жеңіске жеткілерің келсе мәнерлеп оқи алатын, дауысы жарқын адам осы міндетті мойнына алғаны дұрыс. Екінші қателік - әзілдерді орналастыру тәртібі. Жамбы ату сайысында көптеген командалар мықты әзілдерін соңына сақтайды. Бірақ басында сапасы төмен әзілдері әділ-қазыға ұнамай, керемет қызығына жетпей ойыннан шығып қалып жатады. Сол себепті әзілдердің барлығы көрерменді шалқасынан түсіретін күлкілі болуы керек, немесе бір ет, бір май қылып, яғни бір мықты, бір нашар әзілді (өз көзқарастарың бойынша) қосақтап отырған жөн. Кім біледі, мүмкін жолың болып кетер.

2) Бейнебаян көрсету. Жайдарман сайысы кезінде жамбы ату мен бес жаңалық ойыны.

Ү. Сабақты бекіту.

1) "Әзіл сөз" ойыны.

Ойынның шарты: Мұғалім оқушыларды екі топқа бөледі. Екі топқа әртүрлі сөздер береді. Оқушылар сол сөздерге 3 минут ішінде әзіл құрастырып шығуы тиіс.

Мысалы:

Қыс Жаңбыр

\ \

Тайғақ болады Жаңбырлайтып сөйлейтін ағамыздың

\ \

Деген жаңалықты қыста аузынан қар аралас

\ \

Естіген әжеміз жаңбыр жауады екен

\

Аяқ киімінің сыртынан

\

Наски киіп алыпты

Сызғыш Домбыра Нан

\ \ \

Балаларды сызғышпен бір домбыраның ас атасы - нан

\ \ \

Ұратын мұғалім күле-күле дегенді естіген бауырсақ

\ \ \

Балалардың басының шегі үзіліп кетіпті біз тоқалдан тудықпа

\ \

Размерин жатқа біледі екен депті

2) «Бес жаңалық» ойыны.

Ойынның шарты: Топтар берілген тақырыпқа сай 3 минут ішінде бес жаңалық құрастырады.

Ауыл жаңалықтары:

  1. Ауыл жаңалықтары: Ауылда ит атып жатыр деген жаңалықты естіген иттер бронжелет киіп алыпты.

  2. Ауылға газ келет дегенді естіген Асылхан есімді баламыз кока кола ішіп мұрнынан газ шығаруды қойыпты.

  3. Ауылда доллар көтерілгелі қыздың қалың малыда көтеріліпті.

  4. Ауылда соғым сезоны басталғалы бері, түйелер побег сызып жүр екен.

  5. Ауылға зоопарк келет деген жаңалықты естіген есектер зебра бөлемізді көретін болдық деп қуанып жур екен.

Әртүрлі жаңалықтар:

  1. Спорт жаналықтары: Жақында бокстағы жекпе-жекте жеңіске жеткен Генади Головкин баласын 3 секунтта ұхтатады екен.

  2. Қытай жаңалықтары: Қытайда халық санағы кезінде статистика бөлімі жаман қиналады екен.

  3. ВВС жаңалықтары: Ақбөкендер қызыл кітапқа енгенін естіп айдалада спокайна жүр екен.

  4. Экономика жаңалықтары: Солтүстікте қалың малдын бағасы аз деген жаңалықты естіген оңтүстіктін жігіттері солтүстіктін қыздары оңтүістікке импортталып жатыр екен.

  5. Ауа-райы жаңалығы: Құрметті тұрғындар ертен 20 метр секундына жел соғады деген смс-ке бір апамыз жауап кайтарыпты «бізде күнде жел ғо» деп.....

ҮІ. Сергіту сәті. «Жайдарман» сергіту жаттығуы. Бейнабаяндағы жаттығуды қайталау.

ҮІІ. Өткен сабақты пысықтау,қорытындылау.

"Сиқырлы ағаш" ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты: Ағашқа қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды.

  1. Жамбы атудың басқаша атауы?

  2. Екі сайыста қандай сайыс түріне жатады?

  3. Жамбы ату қалай бағаланады?

  4. Бес жаңалық сайысының ерекелігі?

  5. Сайыс кезінде әр команданың жіберетін бірінші қателігі?

  6. Сайыс кезінде әр команданың жіберетін екінші қателігі?

ҮІІІ. Үй тапсырмасы:

Үй жұмысына жамбы ату сайысына әзіл және бес жаңалық сайысына әртүрлі тақырыпта әзіл аралас жаңалықтар құрып келу.

© 2010-2022