• Преподавателю
  • Другое
  • Оқытудағы диалог рөлін арттыру мақсатында әзірленген іс-әрекет кезіндегі оқушының талқылауға қатысуы туралы талдау

Оқытудағы диалог рөлін арттыру мақсатында әзірленген іс-әрекет кезіндегі оқушының талқылауға қатысуы туралы талдау

         Мерсер мен Лилтон (2007) ғылыми  зерттеулерінің  нәтижелері  диалогтың маңыздылығын атап көрсетіп, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумени қатар  білім деңгейлерінің өсуіне үлес қосатындығын белгіледі.  Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған.       Осы теорияны  іс-тәжірибемде қолданып,   сыныптың  оқушыларын  бірлескен сұхбат арқылы дамытып, бүл тә...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқытудағы диалог рөлін арттыру мақсатында әзірленген іс-әрекет кезіндегі оқушының талқылауға қатысуы туралы талдау.

Мерсер мен Лилтон (2007) ғылыми зерттеулерінің нәтижелері диалогтың маңыздылығын атап көрсетіп, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумени қатар білім деңгейлерінің өсуіне үлес қосатындығын белгіледі. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған.

Осы теорияны іс-тәжірибемде қолданып, сыныптың оқушыларын бірлескен сұхбат арқылы дамытып, бүл тәсілдің оқушыға үлкен пайда келтіретіндігіне көз жеткіздім. Сұхбат арқылы оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік алды. Сұхбаттасуды әр сабақта қарастырдым, себебі оқушылар серіктесу кезінде түрлі идеялардың болатындығын түсініп, өз идеяларын дәлелдеуге мүмкіндік алды. Осы кезде оқушылардың қандай деңгейде екенін түсіне алдым. Оқытудағы диалог рөлін арттыру мақсатында әзірленген іс-әрекет кезіндегі оқушының талқылауға қатысуы туралы талдау.

«Берлинге саяхат» сабағында оқушыларға Берлиннің көрнекті орындарына байланысты әр топқа әр түрлі мәтіндер беріліп, суреттер таратылды. Оқушылар оқу стратегиясын пайдаланып, мәтіннің мазмұнын талқылады. Оқу стратегиясының әр бөліміне тоқталып, мәтіннің мазмұнын түсінді. Бұл стратегия оқушылардың әр қадамын нақтылап, келесі жұмысқа негіз болды. Әр топ берілген суреттерді қалай пайдалу жөнінде пікірлесе келе, мәтіннің мазмұнын ашатындай коллаж жасап шығарды. Олар ортақ мотивтерін қалай шешкенін бақыладым. Барлық оқушылар талқылаудан кейін мәтіннен түсінгендерін жеткізді. Сыныптың баяу ойлайтын оқушысы Ақереке ойын жеткізу үшін бір сөйлем қосты. Ақере сабақтарда жауап беретін оқушы, бірақ жаттанды түрде. Жоғары дәрежелі түрдегі сұраққа Ақере бір сөйлеммен жауап берсе де, ол пікірін білдірді деп санаймын. Бұл жауап оқушының өзіне деген сенімін ұялатты.

Дәстүрлі сабақтарда сыныптағы диалогтық талқылау менің басқаруымен тақырып төңірегінде оқушының нені және қашан және қалай айту аясында болатын. Осы тәжірибемді өзгерту үшін сыныпта оқушылардың талқылау кезінде ой әрекетін дамыту үшін әр-түрлі әдістерді пайдаландым. Оқушыларға сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін, маңызды сұрақтарды қолдандым. Мысалы мазмұны әр-түрлі мәтіндерге байланысты: «Мәтіндердің ортақ идеясы не? Бұл қызықты мәліметтер не үшін қажет?» Бұл сұрақтарды оқушылар топпен талқылады, бірақ 4 оқушы ғана жауап берді. Ол оқушылардың ішінде баяу ойлайтын Ақерке болды. Оқушылардың пікірі бір - бір сөйлемдермен ғана шектелді. Келесі сабақтарда сөйлеу стратегиясын жетілдіру керек деп шештім.Оқытудағы диалог рөлін арттыру мақсатында әзірленген іс-әрекет кезіндегі оқушының талқылауға қатысуы туралы талдау.

Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін бар күш жігерін жұмсады. Мерсер сипаттағандай, диалогта оқушылар білімді бірлесіп алып, пікір алмасу барысында тең құқылы серіктестер болады. Осы теорияны ескеріп, жұмыстарын талқылауда оқушыларға пікір алмасу мүмкіншілігін бердім. Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды оқушылар жұппен орындап, талқылады. Жауаптарын дұрыс жауаппен тексеріп, табыстық өлшемдер арқылы өзара бағалауларын талқылады.

Диалогты талқылаулар арқылы зерттеушілік әңгімелесудің түрін дамыттым. Себебі талқылау кезінде оқушылардың ұжымдық және серіктестіктік әрекеттестерінен оқушы жетістікке, табысқа жететіндігін бақыладым. Зерттеушілік әңгімеде тапсырманы талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыстары анықталды.

Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар шағын топтарда жұмыс істеді. Оқушылар ортақ мәселелерді шешіп, сол мәселе бойынша бірлескен түсініктері қалыптасты. Бұл әдісті қолдану кезінде балалар идеяларын ұсынып, сол идеяларды талқылап, баға беріп, оқушылар бірлесе ойланды. Талқылаудан кейін оқушылар өз ойларын дауыстап айтып, болжамдар ұсынды. Оқытудағы диалог рөлін арттыру мақсатында әзірленген іс-әрекет кезіндегі оқушының талқылауға қатысуы туралы талдау.

«Қазақстан және Германия мерекелері» сабағында зерттеушілік әңгіме жүргізілді.Оқушылар суреттерді пайдаланып екі елдің мерекелерін әр топ талқылап алып, коллаж жасап ауызша суреттеді. Содан екі елдің мерекелерін Венн диаграммасы арқылы ұқсаатық пен айырмашылықтарын ажыратып, талқылап, ортаға салды.

Осылай жұмыс істеген оқушылар нәтижелерін дәлелдеді. Осы әдіске оқушылар үйренбегендіктен көмектесіп отырдым. Бірігіп істеген жұмыстың құндылығын оқушыларға түсінулеріне көмектестім. Талқылауды өрбіту үшін сыныпта әр түрлі сұрақтарды белгілеп отырдым. Бұл сұрақтар оқушылардың сұхбаттасуларын арттырды. Сұрақтарды дұрыс қоюға тырыстым, себебі сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі деп санаймын. Жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар сыни тұрғыдан ойланып жауап беруге талпынатынын байқадым. Сұрақтарды тиімді құралға айналдарып, оқушылардың білім алуына қолдау көрсеттім. Осы әдістер арқылы оқушыдардың деңгейін жақсартуға және кеңейтуге болатындығын анықтадым.

Оқушылардың жауаптарын зерделей келе, дилогтық талқылауды білім деңгейлерін тексеру үшін ғана қолданбай, оқушылардың өз ойларын анық білдіруге, дамытуға мүмкіндік беру үшін пайдалану керек деген тұжырымға келдім. Қысқа жауап алуға бағытталған сұрақтарға қарағанда, дилогтық талқылау мен үшін де, оқушы үшін де білім алуға үлес қосатын өзара іс-қимылдың тиімді түрі деп санап, келесі сабақтарда диалогтық талқылауды одан әрі дамыту керек деген ойға келдім.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Нұсқаулық

2. Таратпа материалдар


© 2010-2022