Планирование по библиотеку Кітапхана-рухани қазына

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кітапхана - рухани қазына.

Кітапхана жұмысының мақсаты:

- Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасын басшылыққа ала отырып, жас ұрпақ зердесіне ұлтқа тән рухани құндылығымызды ұялататын халықтық тәрбие тағылымдарын, салауатты өмір салтын насихаттау;
- Ұлтымыздың сан ғасырлық өмір-тіршілігі тәжірибесі де қорытылып, үзілмес рухани желі тартып келе жатқан озық салт-дәстүрлерін, өнер-білімдерін жан-жақты тарату,
- Тілі мен дінінің, тарихы мен дүниетанымдылығын насихаттай отырып, елжандылыққа, отансүюшілікке баулу;
- Егеменді еліміздің ертеңіне тіреу, іргесіне сүйеу болатын жастарымызды жан-жақты жетілдіруге байланысты этнопедагогика, жантану, тарих, филология, математика және т.б. ғылыми салалардағы тәжрибелерді, ғылыми зерттеулерді, әдістемелік сипаттағы материалдарды үзбей насихаттау;
- Жастарымыздың ой-санасымен талғам таразысын жан-жақты дамуына әсер ететін дүниежүзінде болып жатқан саяси жаңалықтармен үнемі хабардар ету .

Кітапхана жұмысының міндеті:

- Кітапханаға оқырмандарды үнемі тартып отыру;
- Кітапхананың қорын насихаттау;
- Оқырмандарға абонементте және оқу залында қызмет көрсету;
- Кітап қорын толықтыру;
- Кітап қорын ретке келтіре отырып, алфавиттік және жүйелі каталогтар ұйымдастыру;
- Мәдени көпшілік жұмыстар жүргізу;.
- Оқу жылы бойы оқулықтармен, жаңа кітаптармен, борышкерлермен жұмыс жүргізу;
- Мектепшілік өткізілетін жұмыстарға материалдар жинақтау;
- Жаңа әдеби кітаптардың ұсынба тізімдерін жасау.

Балалардың білімді де саналы болып өсуіне біздің елімізде барлық мүмкіндіктер жасалған. Әр өңірде балалар кітапханалары жұмыс істейді. Кітапқұмар балалар арасында түрлі байқаулар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Кітап - адамзаттың көне замандардан келе жатқан жолаушысы, серігі, парасатты ұстазы, адал досы, тарихтың шынайы куәсі. Рухани байлықты ұрпақтан - ұрпаққа сақтау керектігі жайлы айтып, балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітапханамыздың кітап қорымен таныстыру, насихаттау, балаларды кітап оқуға шақыру мақсатында Қабырға негізгі орта мектебінің кітапханасында оқушылардың қатысуымен «Аялайық кітапты » атты кітапханаға саяхат өткізілді.

« Менің сүйікті кітаптарым» атты кітап көрмесі безендіріліп, кітаптарға шолу жасалды.

Алақанда бар қазынаң- бұл кітап. Сан жылдар мен сан мың ғасыр өтседе

Көкте күнің алтын нұрын төксе де

Жан азығың, жан жылуың бұл- кітап деген дана сөз бар.

Достар, "Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.



© 2010-2022