Ел рәміздері Сыныптан тыс жұмыс

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ел рәміздері - елдігіміздің айғағы»

Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

туралы білімдерін кеңейту, оларды қастерлеуге, құрметтеуге

тәрбиелеу, есте сақтау қабілеттерін жақсарту.

Түрі: танымдық сайыс

Көрнекіліктері: Мемлекеттік нышандар: Елтаңба, Әнұран, Ту.

І. Кіріспе

- Балалардың назарын сабаққа аудару.

- Іс-шараның тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Тәрбиші: Құрметті балалар бүгінгі біздің іс-шарамыздың тақырыбы «Ел рәміздері - елдігіміздің айғағы» деп аталады. Балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз топ арасындағы өтетін жарыс түрінде болмақ. Олай болса кәнекей бәріміз топқа бөлінейік.

Оқушылар 5 топқа бөлінеді. Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

ІІ. Негізгі бөлім:

1 тур. «Өзін -өзі таныстыру». Топ өздерін таныстырып өтеді.

2 тур. «Көкпар» (Шартты сұраққа тез, толық жауап беруі керек.)

3 тур. «Полиглот» (Кім көп біледі)

4 тур. «Маңызды жеті сұрақ» Әр пән бойынша сұрақтар қойылады. Өздеріңе керекті терезенің номерін таңдайсыңдар, сол терезеде сұрақтар жасырылған.

5 тур. «Бәйге» Капитандар сайысы. (Әр команда капитанына сұрақтар қойылады.)

І тур. Өзін-өзі таныстыру.

Бір ойыншы өзін-өзі, болашақтағы мақсатын таныстырады.

ІІ тур. Көкпар

(Шартты сұраққа тез, толық жауап беру керек)

1. Қ.Р. қай жылы тәуелсіздік алды. Алғашқы Конститутция қашан қабылданды? (16 желтоқсан 1991 жыл.)

2.Қазақстанның Елбасшысы (Президент) қай жылы сайланды. (1желтоқсан1991ж)

3. Қазақстан Республикасының әнұранының авторлары кімдер? (Н.Назарбаев)

4.Қ.Р Туының авторлары кімдер? (Шәкен Ниязбеков)

5. Қ.Р. Елтаңбасының авторлары кімдер? (Жандарбек Малибеков,

Шот - Аман Ыдырысұлы Уәлиханов)

ІІІ тур. Палиглот (кім көп біледі?)

Шарты: Сұрақтарың жауабын қазақша және орысша айту керек.

1. Қ.Р.басшысын кім деп атайды?

(Елбасы - Президент)

2. Әрбір адамның несі бар? (Отан - Родина)

3. Қ.Р. заңы қалай аталады? (Конституция)

4. Одақ құрамындағы елдер 1990 жылдан бастап не алды?

(Тәулсіздік - Суверенитет)

5. Ұзындығы 2 метр, ені 1 метр, көгілдір түсті, күн сәулесі шашыраған, астында қалықтап ұшқан қыран суреті белгіленген, ол не? (Ту - Флаг)

6. Салтанатты минутада жанды дауыспен айтылатын не? (Әнұран - Гимн)

7. Көгілдір түсті шаңырақ бейнеленген, оны айнала күн сәулесіндей уықтар шаншылып, қанатты пырақтар көмкерген, ол не? (Елтаңба - Герб)

8. Қ.Р. Астана қаласы несі болып есептеледі? (Астана - Столица)

9. Заң шығаратын мемлекеттік орган қалай аталады? (Парламент)

10. Заңдарды кімдер жүзеге асырады? (Үкімет - Провительство)

ІV тур. "Маңызды жеті сұрақ» (Әр пән бойынша сұрақтар)

1.Математика.

Әл-Фараби 873 жылы туып, 950 жылы қайтыс болды. Ол қазір неше жаста, неше жыл өмір сүрді? (1141 жаста, 77 жасында қайтыс болған)

2. География.

Қ.Р. территориясының көлемі жөнінен дүние жүзі бойынша нешінші орынды алады және неше облыс бар? (9-шы орында, 14 облыс бар)

3. Әдебиет.

Ғабит Мүсірепов кім? (жазушы, аудармашы, драматург)

4. Тарих.

Қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ жазушыларын ата? (М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Жансүгіров)

5. География.

Қазақстанда қандай қорықтар бар? (Барса-Келмес, Алматы, Баянауыл, Қорғалжын, Ақсу-Жабағлы)

V тур. Бәйге (Топ басшылары сайысы)

1-топ:

  1. Қ.Р. халқының саны қанша? (17 млн жуық)

  2. Қ.Р. бұрынғы астаналарын ата? (Орынбор, Қызылорда, Алматы)

  3. Алматы қаласы несімен танымал? (апорт алмасымен, Медеу мұз айдынымен)

2-топ:

  1. Алматы қаласы қандай таудың бөктерінде жатыр? (Алатау)

  2. Қазақстан қай жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды? (1993 жылы)

  3. Жылқының сүтінен не жасалады? (Қымыз)

3-топ:

  1. Қазақстан күміс, қорғасын шығарудан нешінші орында? (2 орында)

  2. Сүттен не жасалады? (қатық, айран, сүзбе, құрт, ірімшік, қаймақ)

  3. Қойдың басын кімдерге тартады? (Сыйлы қонақтарға)

4-топ:

  1. Киіз үйдің сүйегіне не жатады? (кереге, есік, уық, шаңырақ)

  2. Қазақстанның ұлттық ойындарын ата? (көкпар, бәйге, аударыспақ, қыз қуу, ақсүйек, алтыбақан)

  3. Бала дүниеге келгеннен жүргенге дейінгі тойлардың түрін ата? (шілдехана,қырқынан шығару, бесік салар, тұсау кесер)

5-топ:

  1. Мына мақалды аяқта? Отан үшін... (отқа түс күймейсің, арың үшін алыссаң өлмейсің)

  2. Астана қаласының бұрынғы атаулары? (Ақмола, Целтноград)

  3. Астана қай өзеннің бойын жағалай орналасқан? (Есіл өзенінің)

ІІІ Қорытынды:

Олай болса оқушылар, сайысымыз осымен аяқталды. Сендер өте дарынды екендіктеріңді және алғырлықтарыңды көрсеттіңдер. Нағыз қазақ елінің болашақ жастары сендерсіңдер. Сондықтан әрі қарай ізденімпаздықтарыңды жалғастыра беріңдер.






© 2010-2022