Тақырыбы: Жас ақындар мүшәйрасы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жас ақындар мүшәйрасы


(Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналады)

(Қобызбен күй)

Кіріссөз. Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Мені сен сезесің бе, неге іздедім?

Алауратқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таңдардан сені іздедім.


Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,

Сені іздедім жоғалған замандардан,- деп

поэзияны өзінің сыңарындай сезінген, қазақтың қара өлеңін құдіретке айналдырған, поэзияны Хан Тәңірідей биік шыңға көтерген ақиық ақын М.Мақатаев шығармашылығына арналған «Жас ақындар мүшәйрасын» ашық деп жариялаймыз.


1- жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, қадірменді жыр сүйер қауым!

Қыран текті, елінің асыл ұлы болған ақын ағамыздың шығармашылығына бағышталған өлең - жыр сайысымызды бастамақпыз. Бүгінгі сайысымыздың мақсаты, жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, алып тұлғалы ақиық ақын М.Мақатаевтың поэзиясын оқушыларымыздың қаншалықты сүйіп жаттап, мәнеріне келтіріп оқитынын, әнін жеткізу шеберлігін, жас ақындарымыздың ақындық дарынын байқап, бағалау.

2- жүргізуші: Дара дарын, айтулы ақын, халқының қара өлеңін құдіретке айналдырған М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған кешке қош келдіңіздер! Ақын өлеңдері мен әндері көңілдеріңе сусын болып, шаттық сыйласын. Ақын сан түрлі тақырыптарда өлеңдер жазған. Отан, туған жер, табиғат және махаббат тақырыптарына лирикалық өлеңдер жазған. Оқушыларымыздың ән- жырларын қабыл алыңыздар.

1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Байқауымыздың қазылар алқасы құрамымен танысайық.

1. Таңатарова Дилбар (Тәрбие жөнінде директордың орынбасары)

2. Акмурзаева Бахар (Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі)

3. Халмуратова Айнұр (Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі)

2- жүргізуші: Сая болып жаныңа емен, терек,

Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.

Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,

Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!

Арғы атасы ақынның жырдан туған,

Жыр жолында жанын да құрбан қылған.

Жырлар тұрған хандардың сарайында,

Жыр айтылған бесікте құлдар тұрған,- деп

өмірін өлең мен жырға арнаған ақынның жыр жолдарын оқу үшін кезекті оқушыларға береміз.

1- жүргізуші: 1- бөлім бойынша ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.

  1. Кешкулова Асел

  2. Алдабергенова Асел

  3. Тогузбаева Дариға

  4. Каналбаев Олжас

  5. Мақсудов Бауыржан

6- Аманова Гүлдана

7 - Дүйсебаева Айдана

8 - Абылов Даурен

9 - Тағанова Сандуғаш

10- Темирбаева Раушан

11 - Саматқызы Назым

(Рет- ретімен оқушылар сахнаға шақырылады)

2- жүргізуші: Ақын поэзиясы бүгінде, әнге айналып, көкте қалықтайды.

Ақын сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен орын алып, жан серігіне арналған.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй! - деп Абай атамыз айтқандай ән тыңдап, құлақ құрышын қандырайық.

Келесі кезекті сайысымыздың екінші бөлімі - Мұқағали әндерін орындаушыларға береміз. (Оқушылар кезегімен шақырылады)

1- Қошымова Гаухар

2- Әбубәкір Ырысты

3- Абатова Айгерім

4,5,6,...

Әнге кезек беріледі

2 - жүргізуші: Шоқтығына ер батқан қайқаңдаған,

Мен - бір бәйек жорғамын байпаңдаған.

Күлесің - ау,

Күлесің... Сайтан бала,

Сен айт менің ойымды, айта алмаған.

Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған!

Сен айт менің ойымды айта алмаған.

Қарапайым жырымның дәнін ал да

Қауызын, Сайтан бала,

Қайтар маған.

1- жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы

Біреулер жан дер еді бір тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер- тұрманы.

Жазылар естеліктер нешелеген,

Көрерміз оның бәрін пешенеден.

Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе,

Көшеді өлең немесе өшеді өлең,- деп ақын ағамыз айтқандай, дарынды жас ақындарымыздың ақындық шабытының арқасында өлең өлмейді. Келесі кезек жас ақындарымызға.

Ақынға арнау.

1- оқушы. Хожабай Тұрлыбек

2- оқушы. Мизамбаева Меруерт

3- оқушы. Исмаелова Динара

4- оқушы. Базарбаев Нұрлан

  1. Алпамысоа Азамат

  2. Зинетуллаева Жадыра

( Оқушылар кезекпен шақырылады)

2- жүргізуші: Келесі кезекті қазылар алқасына береміз. (Оқушыларды бағалап, орындарын белгілеп марапаттайды.)

«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»,- деп Абай атамыз айтпақшы, сырлы өлеңдерімен кең байтақ қазақ даласының әр түкпірінен өзінің оқырмандарын тапқан Мұқағали өлеңдері ешқашан өлмейді.

Қара сөз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

Өлең өлмейді, ендеше ақын да өлмейді. Олай болса жақсы сөзін халқына арнаған ақын Мұқағали көз жұмбағаны сөзсіз. Осымен ақиық ақынға арналған «Жас ақындар мүшайрасын» жабық деп жариялаймыз.









№ 3 орта мектеп

Тақырыбы: Жас ақындар мүшәйрасы


(орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен

5- сыныптар үшін)




Құрастырған: Акмурзаева Б.С.



Жаңаөзен қаласы


2008 жыл





№ 3 орта мектеп





Тақырыбы: Жас ақындар мүшәйрасы




(Жаңаөзен қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің секциялық отырысына дайындалған)



Тақырыбы: «Көрнекілік арқылы балалардың ойын дамыту жұмыстары»







Дайындаған: Акмурзаева Б.С.













2009 жыл









№3 орта мектеп




Тақырыбы: Жас ақындар мүшәйрасы

( Жаңаөзен қалалық тілші мұғалімдер олимпиадасы)



Тақырыбы: «Газет тарихынан»



Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Акмурзаева Б.С.




Мұнайлы ауданы № 7 жалпы білім беру орта мектебі



Мұнайлы ауданы № 7 жалпы білім беру орта мектебі КММ


( М.Мақатаев шығармашылығына арналған «Жас ақындар мүшәйрасы)









Ұйымдастырған: Акмурзаеав Б.С.

(Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі)

















2011 жыл




© 2010-2022