Интернет не үшін керек тақырыбына ашық сабақ

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары:

Сынып: 7-орыс

Күні, айы, жылы: 28.10.2015 ж.

Тақырыбы: Интернет маған не үшін керек? Интернационалдық терминдер

Мақсаты: 1.Оқушылардың ғаламтор бойынша алған білімдерін жинақтау, хабарламалар, суреттер арқылы әңгімелеуге, өз ойларын жеткізе білуге үйрету;

2. Өздігінен ой қорыту, сол ойын жинақы, тұжырымды түрде бере білу дағдыларын

дамыту, ізденгішттікке, ауызша, жазбаша тілдерін дамыту, сауаттылықтарын арттыру.

3. Жаңа заманға сай білікті, білімді азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: нәтиже сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Жұмыс түрі: жұптық, топтық, интерактивтік тақтамен жұмыс, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, монитор суреті, қима қағаздар, тест тапсырмалары.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, информатика.

Сабақтың өту барысы:

Р/с

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыт өлшемі

I.

Ұйымдастыру кезеңі.

А) амандасу;

Ә) түгендеу;

Б) психологиялық дайындық.

Амандасады;

оқу-құралдарын түгендейді;

сабаққа дайындалады.

1 минут

II.

Үй тапсырмасын тексеру.

Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын Ж.Аймауытовтың мына бір сөздерін айта кеткім келеді: "Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер".

Ендеше үйге берілген тапсырманы «Тілшімен сұхбат» ойыны бойынша тексеремез.

Тілші:

-Интернет деген не?Оның қазақшасы қалай?

-Сенде интернет бар ма?

-Қандай интернет қызметтері бар?

-Интернеттің пайдасы туралы не білесіңдер?

-Интернеттің зияны бар ма?Қандай?

Оқушылар дайындалған тақырыптары бойынша ауызша сұрақтарға жауап береді.

6 минут

III.

Тақырыпты ашу, сабақтың мақсатымен таныстыру.

-Балалар, айтындаршы, тақтада ілініп тұрған не? (компьютер). Ал интернетке не арқылы кіре аламыз? Алдарыңыздағы суреттердің тиістісін таңдап, мониторға іліңіздер.

Сонымен, балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз: «Интернет маған не үшін қажет?». Яғни біз бүгін интернеттің не үшін керек екенін қорытындылауымыз қажет.

Тақырыпты ашып, сабақтың мақсатын ашады.

1 минут

IV.

Слайд бойынша жұмыс.

Слайдтан нені көріп тұрмыз. Кәне, балалар, ортаға шығып көргенімізді мәнерлеп оқып береміз.

Оқиды.

5 минут

V.

Сөздікпен жұмыс.

қолдану - употреблять, применять

интернет - ғаламтор

тышқан - мышка

қызметтер - услуги

зияны - вред

пайдасы - польза

сөйлемдер құрастырады.

4 минут

VI.

Сергіту сәті.

«Жалғастыр» ойыны.

Ойынға қатысады.

3 минут

VII.

Мәтінмен жұмыс.

Менің ата-анам үйге интернет желісін қосты. Ай сайын интернет қызметін төлеп тұрамыз. Интернет қымбат.

Мен интернетті жиі қолданамын. Интернеттің пайдасы көп. Интернеттен өзіме қажет көп ақпарат табамын. Ақпараттарды сабаққа дайындалғанда пайдаланамын. Онда оқушыларға арналған сайттар: Энциклопедиялар, анықтамалар, географиялық карталар, тарихи деректер жинақталған интеллектуалдық сайттар бар. Интернеттен өзімді қызықтыратын кез-келген тақырыпты табамын.

Кейде интернеттен қызықты онлайн-ақпараттарды оқимын, кино көремін. Интернетте көп отырмаймын. Ата-анам рұқсат етпейді. Денсаулыққа зиян келтіреді. Интернетте жұмыс істегенде 40 минут отырамын.

Берілген мәтінді оқиды да, ішінен интернационалдық терминдерді табады.

7 минут


VIII.

Рөлдік ойын.

1-жұп: интернет-клуб операторы және оқушы.

2-жұп: интернет-дүкен операторы және сатып алушы.

3-жұп: интернет-сервис операторы және оқушы.

Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша рөл ойнайды.

4 минут

IX.

Дәптермен жұмыс.

253-беттегі, 3-тапсырманы орындау.

Жазбаша орындайды.

3 минут

X.

Сабақты бекіту.

Тест тапсырмаларын беру.

Тест тапсырмаларына жауап береді.

8 минут

XI.

Шаттық шеңбері.

Біз бақытты баламыз,

Шыңына білімнің шығамыз.

Ана тілін ардақтап,

Ел тірегі боламыз!

Қайталайды.

1 минут

ХІІ.

Үй тапсырмасын беру.

Қарташалар беру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

1 минут

ХІІІ.

Бағалау.

Бағалау кестесі бойынша және оқушылардың бағалауын еске ала отырып бағалайды.

Бір-бірін бағалайды.

Күнделіктеріне алған бағаларын қойғызады.

1 минут










© 2010-2022