Публикация на тему Жастардың қазіргі хал-ахуалы

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Білім берудегі инновациялық технологиялар - білім сапасын арттырудың негізі»

Сакенова А.С.

Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі.


Бұл үшін не істеуіміз керек?

Үлкен іске үн қосу әрбір азаматтың басты міндеті және парызы болып табылады. Сондықтанда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмыла жұмыс істеуіміз қажет. Елбасы мемлекеттік тілге қатысты нақты ойлар айтты. «Қазақ тілі бүгінгіде ғылым мен білімнің, Интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл сайын көбейіп келеді,» - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Шынында да,қазір қазақ тілін жетік меңгергендердің қатары көбейе түсуде. Бұған отбасы да, балабақша да, орта мектеп те, жоғары оқу орындары да зор үлес қосуда.

Бүгінгі мақсат-әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, жеке тұлға қалыптастыру. Ол үшін қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын терең меңгеру керек.Еліміздің барлық оқу мекемелерінде білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат - жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену. Осыған орай, білімнің мазмұны да, оған қойылатын талаптар да өзгереді. Сол себепті қазір жалпы барлық оқу орындарында оқытудың инновациялық технологиялары қолданыла бастады. Сондықтан жаңашылдық керек, яғни, инновациялық жүйе негізінде оқу орынның оқушыларының белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту олардың белсенділік-сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс-тәсілдермен анықтауға, сабақта, сабақтан тыс уақытта өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына, инновациялық тәртіп нормаларын, белгілерін, көрсеткіштерін анықтауға көмегін тигізеді.Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қорғау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту, әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу, оқу үрдісін оқушының сезінуі. Білім беру технологияларының озық әдістерінің бірі болып табылатын, кәсіптік білім беруге жақсы әсерін тигізетіні - ойын әдісі. Білім беру жүйесінде инновациялы технологияның түрі болып табылатын әрекетті технологиялары қолданылуда. Осындай технологиялардың басты мақсаты - «іскерлік ойын» әдісі.

Технологияны жасау бағыт-бағдары кәсіптік тәжірибелік икемдіктерін жетілдіру жүйесіне бағытталған. Осыған қатысты білім беру ақпараты кәсіптік жұмысты сапалы түрде орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрал ретінде қатысты. Ойын әдісі қоғамдық мамандықтарды оқытуда ғана емес, сондай-ақ техникалық мамандықтарға да жоғары тиімді.

Ойын әдісі оқушының материалды ұғынудың барлық амалдарын, қабылдаудың барлық түрлерін қолдана отырып, қанағаттандырады.

Ойындық әдісті қолдану оқу материалын қабылдау деңгейін бірнеше есе көтереді және келесідей қиындықтарды шешеді:

- оқушының арнайы пәндерді меңгерудегі өзіндік қызығушылығын және уәжін арттыру,
- оқу материалын зерттеуінің сапасын көтеру,
- оқушының өзіндік жұмысы секторын кеңейту,
- пәнді танымдық зерттеу,
- оқушының өзіндік және кәсіби қасиеттерін қалыптастыру.

Ойын әдісін қолданғанда А. Байтұрсыновтың «.....баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйрету керек» деген қағидасын үнемі басшылыққа алып отырамын.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғалімге өз пәні бойынша сабақтарындағы оқу үрдісін өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Негізгі мақсат - ойды ояту, оқушыға өзіндік ой-пікір,қорытынды шығаруға мүмкіндік беру. Мұғалім жаңа тақырыпты дайын түрінде бермей, оқушылардың өздері күш салып,қаншалықты меңгергендерін қадағалайды. Ол тек көмектеседі ,қосымша фактілер береді, қажет болса өзі түсіндіреді,демек мұғалім оқушылардың танымдық қызметін тек басқарады, бағыт-бағдар береді. Мұғалім өз сабақтарын оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастырады. Сондықтан да қазіргі таңда әрбір ұстаздың да, оқушының да іс-әрекеті ерекше шығармашылық сипатта болу керек. Жаңаша оқытуда білім балаларға дайын күйінде берілмейді,керісінше, оқушылардың өздерін еркін ұстауға, ойлануға мүмкіндік жасалады. Сабақ оқушылардың өз беттерімен және өзара әрекеттесе отырып, оқып үйренулеріне, ортақ шешімге келулеріне бағытталады.

Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген инновациялық педагогикалық технологиялар мыналар:

· дамыта отырып оқыту әдістемесі

· оза отырып оқыту

· тірек және тірек конспектілер арқылы оқыту

· деңгейлеп оқыту технологиясы

· тесттік жүйемен оқыту

· иммитациялық әдіс

· мультимедия мүмкіндіктерін қолданып оқыту

· ойын технологияларын қолдану

· интеграциялық сабақ

· топпен жұмыс

· проект әдісі (жоба)

· рольдік ойындар

· Лекция - семинар сабақтары

· «Мозайка» сабақтары

· Проблемалық оқыту әдісі

· «Миға шабуыл» әдісі

· Эвристикалық әңгіме әдісі

· Экскурсия сабағы

· Қашықтықтан оқыту технологиясы

· Ынтымақтастық технологиясы

· Жеке адамға бағдарлы (Личностно-ориентированное обучение)

· Дөңгелек үстел

· Дебат сабақтары

· Саяхат сабақтары

Осы технологиялардың ішінен проект (жоба) әдісін қолдану барысында колледж бітіруші болашақ тәрбиешілермен балабақша жобасын жасап шығардық. Мақсатымыз- мектепке дейінгі тәрбие мамандығына оқуға түскен 1 курс студенттерін балабақшаның жай күйімен таныстыру болды.

Публикация на тему Жастардың қазіргі хал-ахуалы

Осы инновациялық технологияларды мүмкіндігімізше өз пәнімізде қолдансақ болашақ маман иесі тәжірибелі ұстаз болып білім және тәрбие алатынына сенімдімін.

«Әлем өзгереді,әлеммен бірге бізде өзгереміз сондықтан барша әріптестеріме білімді, тәрбиелі оқушыларды даярлап шығару жеткіліксіз, өзбетінше өмір сүре алатын, адамдар арасындағы қарым-қатынасты меңгерген, бүгінгі күннің талабына сай азамат тәрбиелеу міндетіміз»- дегім келеді.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.2014 жылдың17 қаңтар күні жария етілген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007
3.С. Көшімбетова «Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары», Алматы,2008.
4.М. М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде», Алматы,2002.

5. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. - М., 1989.


© 2010-2022