Оқыту мен оқудағы өзгеріс

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Муратбаева Клара Чекалиновна мұғалім портфолиосы С есебі

І топ ІІІ деңгей

Ақтөбе қаласы 29.04.2014 жыл

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізгендігін және ол басқарылғандығын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгендігі туралы рефлексивтік есеп

«Білім алудың жолы көп,соның ең төтесі-жақсы мектеп,білімді мұғалім» деп Халел Досмұхамедұлы айтқандай,жақсы мектепті білімді мұғалімсіз елестету мүмкін емес.Сол бәсекеге қабілетті болашақтың балғындарын дайындайтын біздер,ұстаздар қауымы өз білімімізді үнемі жетілдіріп, қолданатын әдіс тәсілдерімізді түрлендіріп отырсақ,сапалы білім саналы тәрбие берудегі мақсатымыздың орындалғаны.Тәжірибе кезінде "тіпті,мен секілді өзге де әріптестерім де осы курсты игерсе екен"-деген ой келді, себебі балалардың барлығы аталған бағдарлама аясындағы жеті модульді қамтыған сабақтарды өтсе, жақсы оқитын оқушылардың жанындағы сыныптасын жанашырлықпен жетелей өзара әрекеттесу арқылы сыныптасының жақсы оқуына жақсы әсер берер еді.Өзімнің бұрынғы талапшыл тек бір ғана дұрыс жауап іздейтін,оқушы сәл қателік жіберсе шыдамай, қойған сұрағыма өзім жауап беретін кейіпімді бойымнан боржолата алып тастадым.Өйткені осы курсқа дейін оқушылардан тапсырманы тек қатаң талап етіп, оқушының бойында үрейді қалдырғанымды, баланың еркін дамуына шектеу қойғанымды, баланы да өзімді де бір формада ұстағандығымды түсіндім.Тәжірибе кезінде өзімде үлкен өзгеріс болғандай сезіндім.Мектептегі іс-тәжірибемді бесінші сыныптан бастадым. Алғашқы күннен бастап оқушылардың оқуға деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру үшін көп ойланып,сабақты түрлі әдіс-тәсілдерді қамтып жоспарладым.Бұл тұрғыдан сабақ құрылымдау мен үшін қиын болды,дәстүрлі сабақ құру әлдеқайда оңай ма деген де ой келді.Себебі сол күні өтілетін сабақ тақырыбын білсең,сабақтың жоспарын жасау еш қиындық туғызбайтын.Өткізілетін сабақтарымда пайдаланылатын модульдер идеясы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылымдалды.Алғашқы бетпе-бет кезіндегі алған теориялық материалдарды зерделеу,саралау нәтижесінде төмендегідей болжамдар жасадым:

-Оқушылар оқу материалдарын өздерінің ішкі қалауымен оқып үйренуге ынталанады;

-Оқыту түрленеді, барлық оқушылардың оқуы оңтайланып, оқушының табысты еңбек етуі мен интеллектуалы тұрғыдан өздерін дамытып,оқу өнімді болады;

-Оқушылардың көбі іштей өзін ынталандырады, өйткені олар жүйелі түрде өзінің үлгеріміне назар аударады;

Мен алғаш сабағымда оқушылардың өздеріне топ ережесін шығартуды жөн деп санадым,өздері топ ережесін құрды.Сабақты бастамас бұрын сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін түрлі сергіту сәттерін өткіздім. Сергіту сәттері үнемі сабақтарымда жасалған жоқ , курс аясында сергіту сәтінің маңыздылығын түсіндім.Сабақтарымда мынадай сергіту жаттығулары орын алды: «Мен сізді таныстырғым келеді», «Екі ұқсастық,бір айырмашылық», «Біз мұнда не үшін жиналдық»т.бсергіту сәттері жасалдыАлғашқыда топқа бөлуде қиыншылықтар болды,жақсы оқитын оқушылар бір топқа отырғысы келді,сондықтан кездейсоқ түрлі тәсілдер арқылы топқа бөлгендіктен, уақыт өте келе ол қиыншылықтарды жеңе отырып, оқушылармен жақсы нәтижелі жұмыс жасауға тырыстым.«Мерсер мен Литлтон» (1,39) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейіне өсуіне үлес қосатынын атап көрсеткен. Зерттеулерде достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер еткендігі айтылған (1,39). Білім беру модулі оқушының диалог құру нәтижесінде орын алады. Сондықтан оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше.Бағдарламада көрсетілген оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз сабағымда төмендегідей ықпалдастырдым.«Үндестік заңы.Буын үндестігі» тақырыбындағы алғашқы сабағымда - сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану,талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу,оқытуды басқару және көшбасшылық сынды модульдерді ықпаластырдым. «Оқушылар оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек:олар өздерінің сұрақтары мен болжамдарын құрастырады,бір -біріне кеңес береді,өз алдына мақсат қояды,алынған нәтижелерді қадағалайды»(1,33) деп көрсетілгендей жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында «Ассосация» әдісін қолдандым.Бұрын жаңа сабақтың тақырыбын сұрақ етіп қоямын,жауапты тек жақсы оқитын оқушылардан күтетінмін.Ол оқушы сұраққа дұрыс жауап бермесе,соңына дейін күтпей,отырғызып тастайтынмын.Осы тұста байқағаным -сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулімен ықпалдасыра отырып,оқушылардың бұрынғы білімдерін сыртқа шығарып,өздерінің әлсіз және күшті жақтарының бар екендігі туралы метакогнитивті түсініктерін қалыптастыру еді. Жаңа ақпаратпен танысу үшін жұптық талқылауға тапсырма бердім.Осы тапсырмада оқушылардың диалогқа түсуі арқылы оқу барысында олардың қандай деңгейде екенін білу еді.Менде осы тақырыпты талқылауда бір-біріне қаншалықты түсіндіре алады деген қорқыныш болды.Топтардың талқылауын біраз уақыт бақыладым.Оқушылар диалогқа түсіп,барынша талқылады.Байқағаным оқушыларда бір-біріне сенбеушілік болды.Себебі осы уақытқа дейін жаңа тақырыпты тек өзім түсіндіріп келгенген болар деген ой келді.Сабақтағы мәселені талқылап дәлелдеуге «Фишбон»сызбасы ұсынылды.Талқылау барысында әр оқушының «мені» өте жоғары болды.Себебі бір-бірінің пікірін сыйламай,өз сөздерін дұрыс деп тапты.Жұптық талқылауды жүргізу қиынға соқты.Осыны ескере келе келесі сабақтарымда жұптық талқылауды одан әрі жүргізу үшін салыстыру,зерттеу,проблемалық сұрақтар беру керек екенін түсіндім. Осы әдісті қолдануда оқушыларда қызығушылық пен қорқыныш қатар болды.Себебі бұрын соңды проблема шешіп көрмегендіктен оқушылар тапсырманы орындауда топ болып жұмысты болжап,себептері мен дәлелдерін және қорытындысын құруда бірігіп орындады.Сонымен қатар барлық оқушыға міндетті деңгейлі фонетикалық сатылай кешенді талдау жасауға тапсырма бердім. «Сатылай кешенді талдау» технологиясының бастау көзі-фонетикалық бірліктерді сатылап кешенді талдай отырып,әр дыбыстың өзіндік ерекшелігін,олардың бір- бірінен айырмашылығын зерделеп меңгеру,олардың өзіндік табиғатын зерттеп ұғыну» »(2,45) дегендей сөздерге сатылай кешенді талдауды оқушылар әртүрлі деңгейде орындады.Оқушылар тапсырманы орындауда дыбыстардың өзіндік сырын әлі де шатастырып,есте сақтамағандары көрінді,сондықтан келесі сабақтарымда бұл жұмысты жүйелі жүргізуді ойладым.АКТ-ны қолдану оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетеді,мағлұматты ғаламтордан алып,оны саралап,салыстырып,ІІІ деңгейлі тапсырманы орындауда А.және П. деген оқушылар зеректік танытып, презинтация да жасап үлгірген екен.Дарынды балаларды анықтау үшін мәтінге қатысты эссе жазуға тапсырма берген кезімде Т. өзінің сыни көзқарасының ерекшелігімен көзге түсті. «Тек тіл дыбыстары ғана үндесіп үйлесім таппайды,табиғаттағы барлық нәрсе өзара үндесіп тұр..»деген. Топ оқушылары эссені өздері бағалады, үздігін өздері таңдады.Сабақ кезеңдерінде үш шапалақ,бағдаршам арқылы оқушылар өз -өздерін және бірін- бірі және топта бағалды.Осы уақытқа дейін оқушылар бағалау үдерісіне еш тартылмағандықтан бағалау олар үшін өте қызық болды.Себебі оқушылардан бағалаудың мақсатын түсінбегендері көрінді.Сондықтан бағалаудың мақсатын оқушыларға түсіндіруім керек болды.Нәтижесінде оқушылар өзара әрекетесіп,ақпаратты қаншалықты меңгергендерін білу үшін «Ассосация» әдісі арқылы сабақ басындағы білімдерін саралады.Бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда бұл жұмыс жүргізілмегендіктен оқушылар қызықты. Мерсер сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе пікір алмасу барысында тең құқылы серіктестер болып табылады дегендей, сабақта оқушылар топтасып,жұптасып жұмыс жасаудың алғашқы баспалдағынан өтті,бірақ шу басым болды,әр оқушыда өз пікірі құнды болып қалғандай көрінді.Сабақ соңында «Сабақ сіздерге ұнады ма,не қиын болды?» деген сұрақтар арқылы оқушылардан кері байланыс алдым.Оқушылар тек ұнады деп бірыңғай жазған.Кері байланыс мәнін түсінбеген,сондықтан бұл жұмыс түрі ойымдағыдай шықпады.Екінші сабағымды құрылымдау барысында бірінші сабағымдағы бағалауда,топтық жұмысты жүргізуде және кері байланыста кеткен сәтсіз тұстарды жетілдіру үшін көп ойланып,түрлендіруді көздедім.«Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар» сабағымда үй тапсырмасын «бас бармақ» әдісі арқылы оқушылардың өздеріне бағалаттым,бұл бағалау оқушылардың эмоциялық тұрғыдан өздерін- реттеуге де оң әсерін тигізді.Топтық ережені қатаң сақтау керек екенін айтып өттім.Қызығушылықты ояту мақсатында «ББҮ» кестесін толтыру берілді. «Егер мұғалім мен оқушының білім игеруде бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса,онда оқуда табысқа жету күмәнді болады»(1,33)дегендей бұл тәсілді пайдаланған себебім-тұтас сынып оқушыларының білімдерін сыртқа шығарып алу,көзқарастары мен өз идеяларын еркін жеткізуге жол ашу,қате жауап бергендеріне қорықпай тең серіктестік орнату еді.Бұл әдіс мен үшін де оқушылар үшін де сәтті болды.Нәтижесінде барлық оқушы болмағанымен сыныптағы үнсіз оқушыларда сәл белсенділік байқалды.Мағынаны тану кезеңінде ақпаратты өз бетінше оқуға ұсындым. Менің тарапымнан топтасып талқылауға бағыт- бағдар берілді.Бірінші сабағымдағы түсінбей қалады деген қорқынышым сейілді. Тақырыпты жұптасып, топтасып талқылады,бірінші сабағыма қарағанда оқушылар арасындағы шу басылып,талдау тиімді екеніне оқушылар да түсінгендей болды.Сұрақтарға «Қалам үстелдің ортасында» әдісі арқылы жеке жауап берді.Қателескен оқушылардың жауаптарын дұрыстау мақсатында қайта бағыттау сұрақтары қойылды,оқушылар сұрақтарға толық жауап берді.Оқушылардың ойлануы үшін кідіріс уақытын созып,ойлануларына мүмкіндік бердім.Сұраққа жауап беретін оқушылар саны алдыңғы сабағыма қарағанда көп болды. Топтық жұмысты жандандыру үшін үш топқа постер қорғауға тапсырма бердім.Постер қорғау бағалау критерийлер арқылы жүзеге асты. Алдыңғы сабақта постерді тек топтар ауызша ғана бағаласа, бұл жолы критерийлерді оқушылардың өздерімен бірге талқылап,жүзеге асырылды..Оқушыларға бағалау оңайлау болды.Диалогтің бір түрі «зерттеушілік әңгіме» сабағымда орын алды. Бұл зерттеушілік әңгіме жүргізуге алғашқы дайындық еді.Ақпаратты меңгергенін білу үшін перфокартамен жұмыс жүргіздім,мақсатым-оқушының жаңа ақпаратты қаншалықта меңгеріп ықыластана орындауы,жасаған жұмысы бойынша талдау жасау дағдыларын қалыптастыру еді.Дәстүрлі сабақтарымда сұрақ қою арқылы білімді қаншалықты меңгергенін анықтасам,бұл жұмыс тұтас сыныптың білімін ой елегінен өткізуге мүмкіндік берді.Бұл жұмысты оқушылар эталон арқылы тексерді.Сабақта АКТ көрнекілік құрал ретінде қолданылды.Ал ойтолғаныс сәтінде «Сабақтан алған әсерім...»атты оқушылардан кері байланыс алдым.Оқушыларға кері байланыстың мәнін түсіндірдім.Оқушылар оқудағы қиыншылықтарын да жазған.Мен өткізген екінші сабағымда - сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модульдерін ықпалдастырдым.Бұл модульдер «ББҮ», «Қалам үстел үстінде», зерттеушілік әңгіме, постер қорғау жұмыстары арқылы жүзеге асты.Бұл сабақтың сәтті тұсы оқушылар жуан және жіңішке сұрақтарға сыни тұрғыдан жауап іздеуге тырысқандары және бағалау үдерісіне сәл де болса жауапкершілікпен қарай алды.«Дыбыс үндестігі»үшінші сабағымда бесінші тезисте «оқушылардың бірін- біріоқытуына мүмкіндік беріңіз»(1,35)деген тұжырымдаманы басшылыққа алдым.Дәстүрлі сабақта ережені,мысалды өзім айтып,оқушылар тыңдайтын. Сыныптағы тек белсенді оқушылар ғана атсалысып,үнсіз оқушылар тыс қалатын.Ал талқылауға қатысу барысында үнсіз оқушылар да өз білімдеріне үлкен жауапкершілікпен қарай бастады.Бұрын ол оқушылар менің айтқаным дұрыс емес шығар,менің пікірім кімге керек?деген ойларынан арылып,өз оқуы үшін саналы болып,оң нәтиже берді.Себебі сыныптасының алдында ұятқа қалмас үшін оқушы бойында ішкі уәжі пайда болды.Жаңа тақырыпты ашуға «Кубизм» әдісі арқылы тапсырмалар бердім.Бұл әдісті қолданудағы мақсатым- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытып,жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды оңайдан күрделіге қарай орындату,сонымен қатар талантты және дарынды оқушылардың оқуға деген қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік беру еді.Бұрынғы сабақтарымда барлығына бірдей тапсырмаларды беріп,Чиксентмихайдің «өзіндік мақсатты» қалыптастыруға арналған тұжырымдамасымен таныс болмағандықтан төменгі деңгей оқушыларында мазасыздану,ал жоғары деңгей оқушыларында зерігу болатынын ескермеппін.Бұрын үнсіз оқушыларға сенім артпай тек жіңішке сұрақтар қоятынмын.Кубизмді қолдануда мені қуантқаны орташа деңгейде оқитын Е. есімді оқушы төртінші қырындағы тапсырманы таңдады,қатесіз орындады.Бұл әдісті пайдалануда мені таң қалдырғаны оқушылардың өзінің күшті және әлсіз жақтарын сезініп,тапсырмаларды орындауда өз оқуына қатысты таңдауы жүзеге асырылды.Бұл әдісті қолдануда қалай оқу керектігі туралы,сыни тұрғыдан ойлауды дамыту ,талантты және дарынды оқушыларды оқыту және жас ерекшелігіне сәйкес оқыту модульдері ықпалдастырылды.Ой толғаныс кезінде дыбыс сөзіне сенкуйн жазуға бердім.Мерсер мен Фишер (1993) көпірше деп саналу үшін оқыту мен оқуда оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырма орындауға мүмкіндік беру(1,29)бұрынғы сабақтарымызда бұл әдіс мүлдем қолданылмағандықтан оқушыларға көпірше орнаттым.Оқушыларға бұл тапсырма қиын болды.Себебі бұрын қалай орындау ерек екенін тәмпіштеп түсіндіреміз.Тапсырманы орындауда бәрібір қателіктер кетіп жатты,қайта бағыттау арқылы тапсырманы орындауда Н.деген оқушыға топ көмектесті.Алдағы уақытта эссе жазу,бес жолды өлең,шығармашылық жұмыстарды ұдайы жүргізуім керек.Сыныптағы бағалау баланың дамуы,оқуы және ынтасы туралы түсінік ,сонымен қатар өзін өзі бағалау қабілеттілік және күш жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтары жатадыАлександер(2001)(1,56)дегендей,сабақтағы бағалауда бірін-бірі бағалау,үш шапалақ және бағдарщам арқылы бағалау жүзеге асырылды.Бағалау үдерісі кезінде оқушылар бірін-бірі бағалауда әділетті бола алмады,себебі әлі де болса метатанымдық қабілеттерінің төмен екенін көрсетті.Формативті бағалаудың мәнін терең түсіндіру әлі де көп жұмысты менен талап етедіБағалауды түрлендіріп,оқушылар бойында дағды қалыптастыруым керек.Сабақ соңында оқушыларға не қиын болды және не оңай болды?деген сұрақтарға кері байланыс жазу ұсынылды.Себебі «Оқушы үні жобасының» мақсатында көрсетілгендей оқушының бүгінгі сабақ бойынша пікірін алу еді.Алдыңғы сабақтарға қарағанда кері байланыс жазуда оқушылар тарапынан үлкен белсенділік байқалды.Мәселен Е.есімді оқушы ауызша топ алдында сабақ айтуға ұяламын,сондықтан орнымда отырып тапсырма орындау маған жеңіл болды және күрделі тапсырма орындауға тырыстым деп жазған.Төртінші сабағым «Орфография және орфоэпия» деп аталды.Оқушылардың диалог арқылы сыни ойлауын дамыту үшін «Әңгіме-дебат», «Зерттеушілік әңгіме» жүргіздім.Бұл жұмыстарды жүргізудегі мақсатым- оқушылардың көзқарастарын дәлелдей алуға мәселені шешуде өз дәлелдерін ұсынуға үйрету болатын.Бұрын мұндай жұмыс жүргізілмегендіктен әңгіме дебат жүргізу үшін дайын сөз тіркестерін беріп,көпіршелер орнаттым.«Білімді бірлесіп алуда пікір алмасу барысында тең құқылы серіктес болып табылады,пікір алмасу оқушылармен диолог құру арқылы іске асады,дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында анықтай алады» (1,40) дегендей оқушылардың өзіндік пайымдау,өзіндік пікірді білдіре алу дағдыларын одан әрі дамыту үшін осы жұмысты төмендегідей құрылымдадым.Оқушылардың ұялы телефондарына қате жазылған sms жібердім.Мақсатым-оқушылардың сандық технологияларды қолдануда хат алмасу кезіндегі сөздердің орфографиялық және орфоэпиялық нормаға сай жүргізілуін көздедім.Оқушылар өздерінің хат алмасу барсында көптеген сөздерде қателік жіберетіндерін айтты.Оқушылардың жоғары деңгейде ойлауын қозғалысқа түсіру үшін сұрақтар қойдым.Оқушылар өз ойларын барынша қорғауға тырысты,бірақ ойлары шашыраңқы және сыңаржақты болды.Осы тұста оқушыларға зерттеушілік әңгіме де ұйымдастырдым,бұл жұмыс та бұрынғы сабақтарымда жүргізілмегендіктен оқушылар жұмысты өз мәнінде жасай алмады.Алдағы уақытта әңгіме дебат пен зерттеушілік әңгімені оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес құруды жоспарлаймын.Сыныптағы дарынды оқушылар жүргізілген жұмыстардан бөлек тапсырмаларды қажет етті.Олардың білім алуға деген қажеттіліктерін өтеу үшін де күрделі тапсырмаларды бердім. Пікір алмасу оқушылармен диолог құру арқылы іске асады(1,40) деп көрсеткендей- Мен М. сыни көзқарасының дұрыс қалыптасып келе жатқанына риза болдым.Оқушылар бүгінгі орфография яғни сөздердің дұрыс жазылу және орфоэпия дұрыс айтылу нормаларын меңгерді .Өтілген тақырыптар бойынша он сұрақтан тұратын тест тапсырмасын алдым да жауаптарын бірден интербелсенді тақтадағы жауаппен дәптерлерін бір- бірлерімен алмастырып тексерттім..Ой толғаныс сәтінде «РАФТ» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгендерін,«автор орындығына» отырып айтты,жұмыстарын оқуға мен шығайын деп көп оқушы белсенділік танытты.Кейбір оқушылыр өздерінің жұмыстарын хат түрінде сыныптастарына арнады.Барлық оқушылар оқу үрдісінде танымдық қызметке тартылды,оларға бұрынғы білетіндерін айтуға,ойын білдіруге,рефлексия жасауға мүмкіндік берілді.Танымдық үдеріс кезінде оқушылар бірлесе жұмыс жасай отырып,жаңа тақырыптарды бірге меңгерді,әрбір оқушы сабаққа өз үлесін қосты,білім,идея,тәжірибе,іс-әрекет тәсілдерімен алмасты.Мейірімділік,ізгілік,бір -біріне көмек беру жағдайында жүзеге асып,оқушылардың жаңа білім алуына ғана емес,олардың коммуникативті қабілеттерінің дамуына да әсер етті.Ал бұрынғы сабақтарымда тек бірсарынды өткізіп,оқушылардың ішпыстырарлық тапсырмалармен оқуға деген қажеттіліктерін өтемегеніме көзім жетті.Оқу үрдісінде барлық оқушыларды талдауға жұмылдыру,оқушылардың психологиялық дайындығын қамтамасыз ету,жұмыс кезеңдерін уақытпен белгілеу,негізгі түсініктерді визуализациялауды ұйымдастыруымда бұрынғы басшылық қызметім ұйымдастырушы,бағыт бағдар беруші,қолдаушы рөліне ауыстырылды. Кембридж бағдарламасын меңгере отырып, оның оқытылатын әдіс тәсілдерін үйрене отырып, менің болашаққа қадам басқан жаңашыл, бүгінгі күннің жас ұрпаққа үйретері мол мұғалім ретінде түйген ойым бұл бағдарламаның маған және мен оқытатын жас ұрпақтың болашақтағы өміріне түбегейлі өзгеріс енгізіп, нық сеніммен қадам басуға көмегі зор. Мен өз іс-тәжірибем мен білім беру тәсілдерімді өзгерту арқылы оқушыларымның да білім алуға деген өзгерген көзқарастарын байқадым. Алдағы уақытта бастамамның жалғасын тауып,әрі қарай дамыту үшін нақты нәтижелі іс-әрекет керек екендігін түсіндім.Курс бағдарламасын меңгеруде түйгенім:

Жас ұстаз бола отырып,шәкірттеріме қалай оқу керектігін үйрету,нәтижесінде өзін тәуелсіз ұстап, өзіндік уәжін сенімді жеткізетін, ынталы,әр нәрсеге сыни көзқараспен қарайтын,сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру. Өткізген сабағымды саралай келе алдағы уақытта оқушыларды бағалау үдерісіне толыққанды тартып,сыни ойларын дамытатын жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды құрып,сабақты жетілдіремін.Сонымен қатар тәжірибелі ұстаздар сабақтарына қатысып, өз сабақ жоспарларымды республикалық басылымдар беттерінде жариялап,өзімнің кәсіби біліктілігімді А.Байтұрсынов «Тіл-құрал», М.Жұмабаев«Педагогика», Ж.Аймауытов «Психология» еңбектерімен оқып танысу арқылы үнемі жетілдіремін.Пәнім бойынша әрбір тақырыптарға критерий құрастырып, деңгейлік тапсырмалар қоржынын жинақтаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бағдрламасы,Мұғалімге арналған нұсқаулық,ІІІ деңгеq

2. (Нұрша Оразахынова, «Сатылай кешенді талдау технологиясының өзегі-алаш арыстарының әдістемелік мұралары» мақаласы2012ж,Қазақ тілі мен әдебиеті журналы.) «Қазақ әдебиеті» әдістемелік нұсқау,2012;Астана «Арман-ПВ» баспасы


© 2010-2022