Эссе Мектеп - екінші үйім

Раздел Другое
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектеп - менің екінші үйім

Иә, Мектеп, Мектеп десе кез -келген адамның көз алдынан қаншама өмір мен қимас, ұмытылмас, қызықты да, кейбір көлеңкелі сәттер бейнесі кино лентасындай немесе слайд сияқты біртіндеп, елестеп өтері сөзсіз.

Мектеп - ана, мектеп - тарих,

Мектеп - ән, мектеп - өмір,

Мектеп - кеме, мектеп - теңіз,

Мектеп - көрме, мектеп - жыр.

Мектеп - бейне, мектеп - алтын ұя

Мектеп жылда ұшырады,

Шәкірттерді қаншама.

Қабылдайды жыл басында

Шәкірттерді соншама..., - дегім келеді мен өз ойымда.

Өзім мектеп қабырғасында істеп жүргеніме барлығы (студенттік шақтарды есептемегенде) отыз жылдан да асып барады. Бұл менің өмірімнің тең жартысынан көп. Өзім қазір ойласам, өмірімнің тең жартысынан көбін отбасыма, туған - туысыма, жақындарыма да арнамай, күнделікті уақытымның тең жартысынан көбін мектеп қабырғасында, яғни мектепте өткізеді екенмін. Өз басым бұл туралы әліде ойлап, өмірімнің қалай өтіп жатқанына да мән бермепін...

Шынында да біз, әсіресе бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбегін ешкіммен де, жоғарғы сынып мұғалімінің еңбегімен салыстыруға да, бағалауға да болмайды. Неге?... Бұның артында сан сұрақ әрине. Біздің өміріміздің көп уақыты мектепте өтеді, мектеп - біздің екінші үйіміз. Біз мектепке шәкірттерден бір сағат бұрын келіп, сыныпты дайындап, көрнекі құралдарымызды реттеп, одан оқушыларды қабылдап, қыстыкүні болса, олардың киімін шешуге (1 - сынпта сумкаларынан оқу құралдарын алуға көмектесіп, сабақты бастағанымызша (берілген отыз бес минутта кейде жетпей қалады), одан сабақ біткеннен кейін, киіндіріп, оқу құралдарын салуға, киімдерін киюіне көмектесіп, кейбір жекелеген оқушыларды алып қалып, үйретіп, жаздырып, оқытып, жібергенімізше тағы біршама уақыт кетеді. Кейде түнімен отырып , әр баланың жазу мен математика дәптерін тексеріп, әр оқушыға қате жазған әріптері мен цифрларын бір - бірден жазып шыққанша, әрқайсысына жекелеген тапсырма дайындау үшін қаншама уақыт қажет?... Одан ертеңгі болатын сабағыңа дайындалуың керек,.. Үй шаруасы, одан қала берді күтетін қонағың бар, кейде той - томалақ, өлім - жітім, т. б. жағдайларда болады, міне, осының бәріне де уақыт керек. Кейде уақытың да жетпейді, біз басқа жақтардан қалсақ та мектептен, сабақтан қалмаймыз, себебі біз бастауыш сынып мұғалімдері алдымыздағы халықтың баласын өз баламыз жасап алғанбыз, алдымыздағы әр бала ерекшелігі саған ғана таныс, ауырып жатып қалсақ та ойлайтынымыз, сол сыныптағы балаларымыз. Мүмкіндігің болса сол алдыңдағы баларға жағдай жасап, қорлыңнан келгеніңше көмектесеміз. Кейде үйге барып түскі асыңды ішіп, қай оқушы келмеді, неге келмеді, оны анықтау үшін ата - анасына хабарласасың, одан кейбір жекелеген отбасыларының үйіне барып, оқушының отбасы әлеуметтік жағдайына назар аударып, ата - анасымен сөйлесесің, әрине бұның бәрін күнде жасамайсың, әр аптада міндетті түрде бірлі жарым оқушы шығады. Ал осындай әр түрлі оқушылар жағдайы сенің санаңды жаулап алатыны соншалық, «Тауық түсіне тары кіреді» демекші, ұйықтасаң мектеп (демалыс болсын, басқа да жағдаймен алыста жүрсең т. б), ондағы әріптестерің мен шәкірттерің, олардың ата - анасы кіреді ғой. Сонымен қысқасы біз мұғалімдер уақытымыздың көбін үйде емес, мектепте өткіземіз, кей күндері ертеден кешке дейін мектепте жүруімізге де тура келеді. (Жиналыс, байқау, тексеру, әртүрлі мектепішілік жағдайларда) әйтеуір қонбаймыз, ал егерде мектепте қонатын жағдай болса, әрине қонып та қалуымыз да мүмкін. Өзіміздің де мектепке бауыр басып кететіндігіміз соншалық, ондағы өз сыныбың, әр партаң, мектептегі әрбір зат, әр әріптесің мен әр оқушың өзіңе ыстық, тіпті оларды өзіңнің отбасыңнан артық көріп, құрметтеп, кей жағдайларда біреудің баласы үшін жарыс, сайыс, байқауларда жан сала қорғап, өзіңнің сыныбыңдағы оқушыны қорғап, қолдап шыға келесің немесе олар үшін өз ата - анасымен, кейде әріптесіңмен де «араздасып» та қаласың. Себебі сенің сыныбыңдағы әр оқушы сен үшін - жеке тұлға, оның орны бөлек. Отбасыңдағы өз балаларыңның жағдайын, сабағын да қадағалауға уақытың да жоқ.Олардың әйтеуір қарнын тоқтап, киімін бүтіндеп ел қатарлы жүргенін көрсең болды. Ол балаға аналық мейір - шапағатыңды да көрсете алмайсың. Не істеп жүр? Қайда? Кіммен? Ол туралы ойламайсың да. Тек әлдеқандай жағдай болып немесе қажеттілігін сұрағанда ғана «оқу құралдары мен кейбір жекелеген заттарын шұғыл әзірлеп жібергенің де білмей қалатын кездерің болады». Сондықтан да «Өз баласын аямаған, кісі баласын аялаған» - деген мақалды қандай көреген айтқан деп таң қаламын. Өз баламыздың басынан сипауға, еркелетуге, бірге болуға уақыт таппасақ та, алдымыздағы халық баласын «болашақ халықты» мадақтап, олардың жетістіктеріне кәдімгідей - ақ марқайып, бастарынан кейде сипап мадақтауға уақыт табамыз. Әрине осының бәрін ата - ана білсе ғой, кей ата - аналар баласына көңіл бөлмей. Сабағына, киіміне де назар аудармай жүрсе, біз оларды үйден киім апарып болсын киіндіріп, қарны ашса тамақтандырып, ауырса дәрігерге де қаратамыз және түнімен соларды уайымдап, мектепке кірген бойда бірінші кезекте сол бала - шағамыздың амандығын ойлап, түгендеп, ұзақ уақыт болмай қалса сағынамыз, іздейміз. Кейде алдыңа келген шәкірттеріңе бауыр басып кететіндігіміз соншалық, ата - анасы отбасы жағдайымен көшіп немесе басқа жаққа ауысып жатса, жүрегіміз ауырып, көзімізден ыстық жас та шығып кетеді. Ал бірақ та ата - аналар оны ойламайды, әр мұғалім үшін сыныптағы әр бала оның отбасы мүшесі, мектеп оның екінші үйі екенін бәлкім ешқашан түсінбейтін де шығар. Ал мен үшін мектеп - Екінші үйім, ыстық тұрағым. Кейде жазғы демалыс кездерінде де мектеп жанынан өтіп бара жатқандай болсам, міндетті түрде мектепке кіріп, бір тыныс алып қайтамын, ондағы мектеп қызметкерлерімен ең жақынымды көргендей рахаттана бір әңгімелесіп те аламын. Өзім кейде мүмкін қатты шаршап, қажығандықтан да болар, ең болмаса бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбектерін ескеріп, ертерек жиырма бес немесе отыз жыл еңбекпен зейнеткерлікке шығарса деп те ойлаймын. Одан онда мен қалай өмір сүремін, не істеймін шәкірттерсіз? - деген ойға да қаламын. Себебі маған мектеп - екінші үйім, мен үшін ол өте ыстық, әрі қымбат!

Демалыс кездерінде мүлгіген тыныштық. Егерде елден бұрын ешкім жоқта мектепке кірсең, Метептің құры қаңқасы ғана тұрғандай, егер біраз сол тыныштықта қозғалыссыз отырсаң құлағыңа таныс шәкірттер үні жаңғырып, әр қабаттан, әр бұрыштан естілгендей әсер де болғандайсың. Мектеп шәкірттерсіз айдала іспетті, балардың біреуінің томпаңдаған, біреуінің еркелей күлген, енді бірінің бірін - бірі қуалап ойнағаны, өздерімен мәре - сәре болған қызықты әңгімелері, кірсең орындарынан дүркірей тұрғаны, отырған орындары, сүйкімді де, алаңсыз бейнесі, бәрі - бәрі керемет жан - дүниеңе әсер етіп көз алдың мен құлағыңна үндері кетпей, елестеп өтіп жатады. Қалай сабақ басталады, мектептің жанды өмірі шәкірттермен думан болып басталып та кетеді. Мектепке барсаң әр бұрыш, әр қабаттан естілетін балалар үні жоқ, тым - тырыс, «балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» демекші балалар сол мектеп жаны іспетті, оларды сағынасың, олар келгенше не істеп, нені өзгертсем деп те ойланасың?...Әр күні мектепке бармай қалу мен үшін тыныс - тіршілігімнің тоқтауы тәрізді, қуанышым мен бар тірлігім мектептен басталмақ. Ойлаймын ,кім өз ісін, яғни мұғалімдік жұмысын жанындай жақсы көреді, оған атақ, даңқ та керек емес тек алдында жұмысы мен сүйікті шәкірттері болса болды, басқа ешкімде ешнәрседе керек емес пе қалай?.. Өмірден сол алдындағы шәкірттері өз орнын тауып, өмірдің көрсетер сан сынақтарынан мүдірмей өтсе, сол бақыт. Мектебім мен ондағы әрбір шәкірт, әрбір зат мен үшін орны толмас кең жаһан, асыл ордам.

Алматы облысы Шонжы ауылы

«Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Байсеркеева Нұрпия Сатыбалдықызы


© 2010-2022