Күзгі серуен Фонетикадан өткенді қайталау

1.Білімділік: оқушылардың дыбыс және әріп тақырыбынан өткен материалды қорытындылауға, талдау машықтарын қалыптастыру. 2.Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. 3.Тәрбиелік: ана тілін ардақтап, бағалай білуге тәрбиелеу. Танымдық – қайталау сабағы жұмбақ өлеңдер, талдау, мәтінмен жұмыс, мағынаны ашу, салыстыру, іздендіру – Оқушылармен амандасу – Кезекшіні тыңдау   – Үй жұмысын тексеру Фонетикалық екі ұғым, Бірі мен бірі туыстас; Бірі - айтылады да естіледі, Екінш... үлестірмелі тапсырмалар, шығармашылық жұмыс
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күзгі серуен Фонетикадан өткенді қайталау.Күзгі серуен Фонетикадан өткенді қайталау.Күзгі серуен Фонетикадан өткенді қайталау.«Павлодар қаласының №39 инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебі»

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Баймагамбетова Н.А.

5-сынып

р/с

Сабақ кезеңдері

Мазмұны

1

Тақырыбы

Күзгі серуен

Фонетикадан өткенді қайталау

2

Мақсаты

1.Білімділік: оқушылардың дыбыс және әріп тақырыбынан өткен материалды қорытындылауға, талдау машықтарын қалыптастыру.

2.Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

3.Тәрбиелік: ана тілін ардақтап, бағалай білуге тәрбиелеу.

3

Сабақ түрі

Танымдық - қайталау сабағы

4

Әдіс - тәсілдері

жұмбақ өлеңдер, талдау, мәтінмен жұмыс, мағынаны ашу, салыстыру, іздендіру

5

Көрнекілігі

үлестірмелі тапсырмалар, шығармашылық жұмыс

Сабақ барысы

1

Ұйымдастыру

- Оқушылармен амандасу

- Кезекшіні тыңдау

- Үй жұмысын тексеру

Жұмбақ

Фонетикалық екі ұғым,

Бірі мен бірі туыстас;

Бірі - айтылады да естіледі,

Екіншісі - жазылады да көрінеді.

Бұл не?

Жауабы: Әріп пен дыбыс

Сұрақтар:

  • Дыбыс пен әріптің өзгешелігі неде?

  • Сөз неден тұрады?

  • Ал мәтін неден тұрады?

2

Сабақ тақырыбын ашу

Топтарға бөлу: шешендер, білімділер, полиглоттар

  1. Жұмбақ өлең арқылы

Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады?

Күз айында

Ой қозғау

  • Күз мезгілін ойша қалай елестетесіңдер? (топпен жұмыс-плакаттар арқылы жауап береді)

  • Оқушылар өз ойларын жазып, бір-бірімен бөліседі.

3

Мәтінмен жұмыс

Күз- жылдың төрт мезгілінің бірі. Бұл мезгілде Жер шары өз орбитасының күн мен түннің күзгі теңелу нүктесінен Күннің қысқы тоқырау нүктесіне дейінгі аралығында болады. Әдетте, қыркүйек, қазан, қараша күз айлары болып есептеледі. Күзде күн суытып, көлдер мен өзендер тартылып, өсімдіктер қурап, ағаштардың жапырағы түседі. Күн қысқара бастайды. Егін піседі, мал семіреді. Жыл құстары тізбектеліп, жылы өлкелерге ұшып кетеді. Шаруашылықтың жиын - теріні аяқталып, жұрт қыс қамына кіріседі. Жаздай демалған балалар мектебімен қауышады.

4

Мәтінге мазмұндық талдау

Түрі

Мазмұны

Берілетін баға

Мәтін

Қыркүйек айының ерекшелігі

  1. Қыркүйек - күздің қандай айы?

  2. Қыркүйек айында адамдар не істейді?

СЕРГІТУ СӘТІ

5

Фонетикалық талдау

Қыркүйек

  • Сөзде неше буын бар?

  • Буын түрлерін ата

  • Қанша дауыссыз дыбыс бар?

  • Қанша дауысты дыбыс бар?

  • Дауыссыз дыбыстарға мінездеме бер.

  • Дауысты дыбыстарға мінездеме бер.


Күз мезгілінің ортақ қасиеттері мен ашық және бұлтты күндегі аспанды салыстырайық

Ортақ қасиеттер

Ашық күндер

Бұлтты күндер



  • Өздерін тексереді.


Берілген сөздерде қанша әріп, қанша дыбыс бар? Асты сызылған сөздегі дыбыстарға мінездеме беріңіздер

Күзде, суық, құстар.


Қорытындылау

"Ойлан, тап" ойыны

Қыркүйек қоңырауы

Алтын ______________ Қыркүйек.

_________________ қара. Күн жылы.

Жарқын ____________, қыркүйек.

Жайнайды ________________ күні.

Сырбай Мәуленов

Керекті сөздер:жер, күз,бұл,күз.

Парақтар таратып беру, өз ойларын жазғызу.

Бүгін сабақта

Нені еске түсірдім?

Нені үйрендім?




Үй жұмысы

«Күз мезгілі» тақырыбына жазбаша мәтін құр және мазмұнда.


Бағалау

Бағалау парағы арқылы





© 2010-2022