Сценарий на тему «Қарттарым, аман-сау жүріңдерші!»

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарттарым, аман-сау жүріңдерші!

Кештің мақсаты:

Көпті көрген, қариялардың өмір жолымен оқушыларымызды таныстыра отырып, қарттарға құрметпен қарауға, еңбек пен өмір жолдарын үлгі ретінде көрсете білуге, Отаншылдық, ұлтжандылыққа, адамгершіліккке жетелеу, баулу.

Өткізілетін орны:

Өткізілетін уақыты: 01.10.2015, сағат 16.00

Жүргізуші: Ахметова Айзат, айтқали Мадиан

  1. Музыкалық номер:

Ж: Дүниеге келер бір рет,

Ел - іші жомарт еңселі.

Дән иесі жүрген қасында,

Даламның бір-бір бөлшегі,

Қарттарым, аман-сау жүріңдерші!

Ж: Армысыздар, пәк жанды, дархан көңіл, дана ойлы, абзал аталар, ақ жаулықты, асыл жанды, мейірбан да жарқын жүзді әжелер!

Ж: Құрметті ата-апалар! Біз үшін атаулы мереке - «Қарттар мерекесі» дәстүрге айналды. Бұл күні барлық жақсы тілектер тек сіздерге ғана айтылып, болашақ жас ұрпақ атынан шын жүректен жылы лебіздер жолданады. Бізді осындай жарқын да, жарық күнге жеткізген қарттарымыз аман болсын. Мерекелеріңіз құтты болсын!

  1. Музыкалық номер:

Ж: Қарттары бар жұрттың қазынасы бар. Қарттар бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа өмір жолдары өнеге, еңбек жолдары үлгі боларлық данагөй тұлға, саялы бәйтерек. Ісі ұрпаққа үлгі - өнеге болатын қадірменді қариялардың елге сіңірген ерен еңбектерінің ешқашан өшпей, ұрпақтар санасында мәңгілік сақталынып, олардың жалпы өзекті мәселелерді шешуде даналық ақыл-кеңестерінің, ағалық ақылдары мен иманды сөздері маңыздылығын жоймайды.

Ж: Біздің аталарымыз бен әжелеріміз біздің өміріміздің жақсы болуы үшін барлық жағдай жасады. Сіздердің үміттеріңізді ақтап, тәуелсіз еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етуге уәде береміз, себебі осы жас ұрпақ жолында сіздердің еңбектеріңіз ұшан-теңіз- деп білеміз! Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, араларыңыз еш сиремесін, дендеріңіз сау-болып, немере-шөбере қызығына қуанып жүре берулеріңізге тілектеспіз. Орындалатын әсем ән тек өздеріңізге арналады.

  1. Муызыкалық номер:

Ж; Өмірдің көрген талай жол торабын,

Әкедей кім аяйды қолда барын.

Әке мен ананың ақ тілеуін өтеу парыз,

Мен бүгін соны ойлап толғанамын!

Ж: «Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмаған. Халық арасында ауызы дуалы, әңгімесі бәтуалы ақсақалдар барда ел ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастары жөнсіз кетпейтіні белгілі. Біздің қоғамымыздағы түсіністіктің, сыйластықтың орнауында Елбасы жүргізіп отырған сындарлы-салиқалы саясатпен бірге аға ұрпақтың да үлесі бар. Сондықтан, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері - ерік-жігерін ұрпағының жарқын болашағы үшін құрбан еткен қариялармыздың да арқасы.

Ж: Сіздердің ерең еңбектеріңіздің алдында бас ие отырып, құттықтау сөзін ауылымыздың әкімі - Ерік Базарханұлына береміз!

(Құттықтау сөзі сөйленеді)

  1. Муызыкалық номер:

Ж: Қарттарым, қартайдым деп қайғы жеме,

Ажары ақ бетімнің тайды деме.

Ұл қызың жұлдыздар алабында,

Көлеңке түсірмейміз қабағыңа.

Ж: Аспандағы ай мен күндей жарқыраған немерелеріңіздің әсем әнін қабыл алыңыздар!

  1. Музыкалық номер:

Ж: Қайратың сіңді халқыңа,

Балаға, шалған ақ самай,

Осынау елшіл қалпында,

Өмір сүр ұзақ қарттарым!

Ж: Сіздерге қанша сый-құрмет көрсетсекте артық етпес, сіздердің арқаларыңызда біз бүгін бейбітшіл өмір сүрудеміз, әулие қарттарымыз!

  1. Муызакалық номер:

Ж: Ердім де бір сиқыр ғаламға,

Шығардым белге жыр көшін.

Болған жоқ алаң даламда,

Әулие қарттар жүргесін.

Ж: Сағынып талай ән салар,

Оралсын әлі-ақ сан жыршы

Даламның исі бұрқырап,

Қарттарым, аман-сау жүріңдерші!

  1. Музыкалық номер:

Ж: Жетелеп арман- қиял атымды алға,

Алатау биігіне шақырғанда,

Тәңірдей табынарым өзің ғана,

Ең қымбат туыстан да, жақыннан да

Ж: Тәңірдей дүниеге табынарым -

Өзіңе шын берілген жаным, арым.

Қасында жүрсем, еркін еркелеймін,

Сәл шырқап шалғай кетсем, сағынамын!

Ж: Мейірлене құшағына алатын, баланың барлық еркелігін көтеретін атамыз бен апамыз емес пе? Ендеше барлық немерелер атынан ата-әжемізге мың алғыс!

Ж: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің кәсіподақ ұйымының төрайымы Бибигүл Габиткановнаға беріледі.

(Сыйлықтары таратылады)

Ж: Арналған алғыспенен шырын әнім,

Балаңның айтар шыны, сыры мәлім.

Шілдеде көлеңкеңнен сая тауып,

Қаңтарда мейіріңнен жылынамын,

Жылынамыз! Жылынамыз! Жылынамыз!

Ж. Өтті өмірден алдамшы, талғамсыз күн,

Көбі еріді қалған сыздың

Еліме ризамын, ұмыттырмас...

Артымда ұрпағым бар - Армансызбын!

  1. Музыкалық номер:

Ж: Қазақта жақсы сөз бар - «Төрінен қарт кетпесін» деген, жасы үлкенге құрмет көрсету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу - біздің ата-дәстүріміз. Осы орайда әрбір жасқа айтарымыз, өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.

Ж: «Саналы ұрпағы бар елдің қариясы бақытты, ақсақалды атасы бар елдің балалары бақытты» дегендей, асыл жандарымызға ұзақ ғұмыр, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз.

Ж: Сөз кезегін өздеріңізге берсек...

(Сөз сөйлеу керек қонақтар, рахмет айту)

Ж: Айналайын абзал жандар, өздеріңізге ынтымақта бейбіт күн тілейміз!

Ж: Арайлап атқан әр таңдарыңыз тек шаттық пен қуанышқа толы болсын!

Ұрпақтарыңыздың қызығына бөленіп, ортамызда ұзақ жасап жүре беріңіздер!

Ж: Ел аман жұрт тыныш болсын!

Ж: (бірге) Келесі кездескенше қош-сау болыңыздар!





© 2010-2022