• Преподавателю
  • Другое
  • Сыныбы: 5 Пәні: Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Аңыз әңгімелер. «Асан Қайғының Жерұйықты іздегені»

Сыныбы: 5 Пәні: Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Аңыз әңгімелер. «Асан Қайғының Жерұйықты іздегені»

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алданагарова Умут Сагдатовна

Сынып: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Аңыз әңгімелер. «Асан Қайғының Жерұйықты іздегені»

Сабақ мақсаты: Қазақ халқының бай қазынасы- ауыз әдебиетінің балаларға лайықты таңдаулы үлгілерімен танысады. Халық ауыз әдебиетін сүюге, өнекті сөз бен асыл ойдың мәнін терең ұғуға үйренеді. Балардың тілін ұстартып, дүние танымын кеңейту, жалпы адамгершілік рухта тәрбиелене отырып, Асан қайғының жерұйықты іздеудегі елге, жерге деген сүйіспеншілік қасиеті мен жолдарының мағынасын терең түсініп, білік, дағдыны қалыптастыра өмір сүруге дайындалады.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: зерттеу-іздену сабағы

Сабақтың технологиясы: Қ.О.Бітібаева технологиясы бойынша ( дамыта оқыту, проблемалық оқыту, даралап, саралап оқыту)

Әдіс-тәсілдері: іздендіру, зерттеу, талдау, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: ҚР картасы, «Асан қайғының Жуалы жерін көруі» суреті

Пәнаралық байланыс: тарих, география, тіл

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сәлемдесу

Ә) Оқушылардың сабаққа қатысымын, дайындығын тексеру.

Б) Оқушыларды топқа бөлу.

Балалар, сендерге берілген үй жұмысы бүгінгі сабағымызбен тікелей байланысты. Жаңа сабағымыз « Асан қайғының Жерұйықты іздегені» жайында болмақ. Әуелі оқушылардың үйде дайындап, өз беттерімен іздену нәтижесінде тапқан материалдарымен танысамыз.

Мотивация кезеңі: І. Қызығушылықты ояту.

І. «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын жер» деген сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді?

А) (жеке, топта талқыланады) Қоныс.

Ә) Топ атынан қорғайды.

ІІ. Мағынаны ашу.

А) «Асан қайғының зары» өлеңін үнтаспадан оқу. (Қ.Мырзалиев)

Ә) Өлең мазмұнын қалай түсіңдің?

Б) Бұл қандай адамның зары деп ойлайсыңдар?

В) Аңыз туралы. Асан Сәбитұлының тарихта болғаны туралы айтылады.

ІІІ.Дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушыларға «Асан қайғының жерұйықты іздегені» шығармасын алдын ала оқып, мазмұнын танысып келу тапсырылған. Сұрақтар қоя отырып, шығарманың қысқаша мазмұнын баяндау.

  • Шығармада не жайлы айтылған?

IV. Проблемалық сұрақ қойып пікірталас туғызу.

  • Асан қайғының жерұйықты іздеу мақсаты, арманы не?

  • Барған жеріне қонымды баға берудің мәнін қалай түсінесің?

  • Кім Асан қайғы сияқты тұрған жерлеріне баға бере алады?

V. Ойтолғаныс.

А) «Асан қайғының жүрген жолдары» деген тақырыппен суретті мазмұнды жоба жасайды және оны қорғайды.

Ә) Қазақстан қалаларын ата.

Б) Біздің Қазақстанның жерұйығын тауып айта аласың ба? (әр топ пікір айтады)

VI. Деңгейлік тапсырмалар.



© 2010-2022