Фонетикадан өткенді қайталау Тест

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Фонетикадан өткенді қайталау ТестФонетикадан өткенді қайталау ТестФонетикадан өткенді қайталау ТестФонетикадан өткенді қайталау ТестФонетикадан өткенді қайталау ТестФонетикадан өткенді қайталау ТестФонетикадан өткенді қайталау ТестСабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Тіл дыбыстарынан өткенді қайталау, оқушылардың білімдерін бекіту;

Тілдік-эстетикалық сезімге тәрбиелеу, ойындар арқылы қабілетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру;

Мақал - мәтелдерді пайдалана отырып ой түйінін шеше білуге, халқымыздың тіл байлығын бағалауға тәрбиелеу, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Бағдарлаушы сұрақтар арқылы оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіру.

Сұрақтар:

1.Фонетика нені зерттейді? (тіл білімінің дыбыстық жақтарын зерттейтін сала).

2.Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде? (Әріп дыбыстың таңбасы. Дыбыс естіледі, көзге көрінбейді).

3.Сөйлеу мүшелерін ата. (Өкпе дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, таңдай,тіл).

4.Әліпби сөзі қандай сөздердің бірігуі арқылы жасалаған? (Араб алфабитінің алғашқы екі әріпі алиф пен би атауының бірігуі арқылы жасалған).

5.Қазақ халқы қашан орыс әліпбиіне көшті? (1940 жылы)

II .Фонетикадан өткенді қайталау.

1. «Арқан тарту» ойыны.

Тақтадан шағын арқан ілулі тұрады. Мақал - мәтел жарысы. Айтқан сайын

жүгіріп барып арқанды тартып қалуы тиіс. Қай топ көп мақал айтса сол топ жеңеді.

2. «Ұйқасын тап» ойыны.

Өлеңнің екі жолы беріледі, соңын жалғастыру және авторын қоса айту керек.

1-топ.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

2-топ.Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

1-топ.Таулардан өзен ағар сарқыраған

2-топ.Ғылым таппай мақтанба.

3. «Жәрменке» ойыны.

Тақтада қолдан жасалған бірнеше заттар ілулі тұрады. Қалаған заттарын өз білімдерімен сатып алуы тиіс (домбыра, қоржын, сандық, қамшы, құты, текемет).

4.Графикалық тест.

Б

Ә

А

  1. 2 3 4 5

1.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

а)жапон ә)түрік б)қытай;

2.Қазақ тілінде жуан дауыстылар нешеу?

а)3; ә)4; б)5;

3.Дауыссыз дыбыстардың түрі нешеу?

а)2; ә)3; б)4;

4.М,Р,Л дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады?

а)үнді; ә)ұяң; б)қатаң;

5.Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?

а)7; ә)9; б)10;

6.Оқулық пен жұмыс 281-285 - жаттығулар. Бірыңғай дауысты дыбыстармен бірыңғай дауыссыз дыбыстарға мәтін құрау.

1.Терме диктант.

Айақ, қойан, баяндауыш, хайуан, айяз, қария, қою, тайақ, тақия, бойа (Дұрыс жазылған сөздерді теріп жаз).

III.Сабақты қорытындылау.

1.Бекіту сұрақтары беріледі.


© 2010-2022