10 сынып Егемен елім - ай

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10 -сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Егемен елім-ай

Жалпы мақсат

Тақырыпқа байланысты сөздік қорды молайту.

Егемендіктің қадір-қасиетін түсіне білу.

Достық пен ынтымақтастықты сақтап, ел болашағының өркендеуіне үлес қосу.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығы, үлестірмелі кеспелер.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері

Шығарманы толық түсінеді. Мәтін бойынша сұрақ дайындайды, қойылған сұраққа жауап береді. Диалог құрастырады. Егемен еліміз жайлы өз ойларын айтады.

Түйінді идеялар

Қазақ халқы, қонақжай, ежелден, қарсы алу, асқар тау, ынтымақ, тәуелсіз ел т.б.

Сабақта қолданылатын материалдар

Оқулық, кеспелер, слайдар, бейнебаян

Оқыту әдістері

Интербелсенді әдістер, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, диалогтік оқыту, эссе, синквейн

Дерек көздері

Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар.

Тапсырмалар

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1

2

3

1.Қызығу-шылықты ояту

Жаңа сабақты бастамас бұрын бейнебаян көрсетіледі. Бейнебаянды тамашалағаннан кейін

«Ой шақыру» сұрақтарын береді. Сұрақтарды жалпы сыныпқа айтады.

Бейнебаяннан не байқадыңыздар?

Не сезіндіңіздер?

Қазақстан қандай ел екен?

Несімен ұнады?

Сұрақтарға жауап беру барысында қиындық туындаса, мұғалім сол сұрақтарды жеңілдетіп қайта құрастырады.

Тыңдалым.

Мұғалімнің сөзін тыңдап, түсінеді.

Айтылым. Ой шақыру сұрақтарына жауап береді. Оқушылар көргендерін айтады. Көргендерін баяндау арқылы сабақтың тақырыбын өздері ашады.

ІІ. Мағы-наны тану.

Әр оқушыға мәтінді ішінен бір рет оқуға ұсынады. Бір оқушы дауыстап оқиды.

Оқылым. Оқушылар мәтінді іштен оқиды. Бір оқушы мәнерлеп оқиды.

Сөздік жұмысы. Жаңа сөздермен танысу.

Жаңа сөздермен танысады. Дәптерге жазады, орыс тіліне аударады.

Мәтіннің мазмұнын талдау.

Сұрақтарға жауап береді:

Қазақстан қандай ел?

Асқар тау, шалқар көл кімдердің мекені?

Қазақ жері кімнің мекені?

Өлеңде қазақ еліне қандай тілектер айтылған?

Айтылым. Тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

" Өзара оқу стратегиясы"

1 топ. Синонимдер , антонимдер

2 топ. Диалог құрастыру "Қазақ елі"

3 топ. Сөз құрамына талдау жасау

Егемен, қонақжай, мейірбан, бабалар, азаттық, есімін.

Жазылым, сөйлесім, талдау жұмыстары.

1 топ. Егемен еліміздің тарихи хронологиялық кестесі

2 топ. Еліміздің жетістіктері

3 топ. Болашақ Қазақстан

1 топ. кесте толтырады

2-топ. еліміздің жетістіктері жайлы өз ойларын постерге түсіріп, қорғайды.

3-топ. «Болашақ Қазақстан» тақырыбына өз ойларын постерге түсіріп, қорғайды.

ІІІ. Ой толғаныс.

1 топ. "Менің елім-Қазақстан" эссе

3топ. "Бес жолды" өлең қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде

2 топ. Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу

1 топ. "Менің елім-Қазақстан" тақырыбына эссе жазады.

3топ. "Бес жолды" өлең қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде

2 топ. Мақал-мәтелдердің мағынасын ашады.

Бағалау.

Формативті бағалау.

Өзін -өзі және өзара бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Өлеңді жатқа, мәнерлеп айту.

2-тапсырманы орындау

ҮІІ. Рефлексия



© 2010-2022