Қазақ тілі пәнінен Буын, оның түрлері тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________

Сабақ жоспары № 4

Пәні: Қазақ тілі

Топ: ________ Мерзімі: ___________

Сабақтың лексикалық тақырыбы: Қазақтың кіндік қаласы.

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Буын, оның түрлері

Эпиграф: Сарыарқа елім,

Кең- байтақ жерім.

Мекені болған бар ұлттың.

Көңілі толып,

Астана болып,

Ақтарсың елдің үмітін.

Сабақтың мақсаттары:

а)Білімділік: оқушыларға сөздерді буынға бөлу, буынның түрлерінің жасалу жолын үйрету. Буын түрлері туралы білімдерін кеңейту;

ә)Дамытушылық: Буын түрлерін ажырату дағдыларын дамыту;

б)Тәрбиелік: оқушыларды буынның жасалу жолын үйрете отырып білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Оқыту әдістері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап.

Оқыту құралдары: компьютер, тірек сызбалар, слайд.

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі «Слоги».

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Дауыссыз дыбыстар қалай жіктеледі?

Оқушыларды екі топқа бөлу.

1 топ: «Сарыарқа» сөзіне фонетикалық талдау жасау.

2 топ: «Астана» сөзіне фонетикалық талдау жасау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Сызба № 1

Қазақ тілі пәнінен Буын, оның түрлері тақырыбы бойынша сабақ жоспары



Сызба № 2

Қазақ тілі пәнінен Буын, оның түрлері тақырыбы бойынша сабақ жоспары




Қазақ тілі пәнінен Буын, оның түрлері тақырыбы бойынша сабақ жоспарыҚазақ тілі пәнінен Буын, оның түрлері тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Қазақ тілі пәнінен Буын, оның түрлері тақырыбы бойынша сабақ жоспары

АШЫҚ (открытый) ТҰЙЫҚ (полузакрытый)


БІТЕУ (закрытый)

А-ВА АВ ВАВ

а-та аң жер

те-ре-зе ән бұлт

Сабақтың лексикалық тақырыбына көшу.

«Қазақтың кіндік қаласы» мәтінін мазмұндау.

ІҮ.Бекіту.

Тапсырма: «Қазақтың кіндік қаласы» мәтінінінен үзіндіні талдау:

Қазақстанның астанасы Алатау бауырынан Сарырқаға қоныс аударды. Тарихи қысқа мерзім ішінде Астана Отанымыздың жүрегіне айналды. Бүгінде оны бүкіл дүние жүзі біледі.

Үзіндідегі әр сөздің құрамындағы буындардың түрлерін ажыратыңдар.

Тапсырма:

1)Адасқан буындарды тауып, сөздер құрастыру:

Ас, бей, та, қа, на, біт, ла, ме, лік,ел, кен, ор, да.

(Астана, Отан, бейбітшілік, қала, мекен, Елорда)

2)Бұл сөздердің құрамындағы буындарды түрлеріне қарай ажырат.

Ашық буын

Тұйық буын

Бітеу буын


Тапсырма: «Қазақстан» сөзіне фонетикалық талдау жасау

V. Қорытындылау:

Астана - Қазақстанның, тәуелсіз мемлекетіміздің астанасы, еліміздің жүрегі. Қазақстанның астанасы Сарыарқаға қоныс аударуы - тарихта алтын әріппен жазылатын үлкен тарихи оқиға. Астана біз үшін Қазақстанның жаңа айнасы іспетті.

Астана қатардағы қалалардың бірі емес. Ол мемлекеттік, ұлттық әлеумет орталығы. Сондықтан, мұнда ұлттық қоғамдық назардағы адамдар шоғырлануы тиіс.

Әбіш Кекілбаев, жазушы

ҮІ. Үй тапсырмасы:

  1. 12 бет, 8 жаттығу

ҮІІ. Бағалау.

Сабақ барысында тапсырмаларды орындаған, белсенді қатысқан оқушыларға баға қою.


Оқытушы: С.Ботантаева



© 2010-2022