Поэзия! Менімен егіз бе едің?

Б.Сағантаев «Поэзия! Менімен егіз бе едің? » әңгімесі бойынша сахналық   көрініс жазған  Бекпанова Б.Т. (Сахна айналады. Қазақ Ұлттық Университеті .Аудиотрия іші. Бақытбек Мұқағали өлеңін оқып жүр.Аудитория ішіне Дәуірхан мен  Жасұлан кіреді.) Дәуірхан . Жасұлан ,осы сенің оқымайтын кітабың,білмейтін жазушың жоқ.  Жасұлан . Мені қойшы,ана Бақытбекті айтсаңшы.Оған жету қайда! Әдебиет туралы  әңгіме қозғасаң ,тоқтата алмайсың. .Күндіз қолында,түнде жастығының астында.Оқитыны-Мұқағали Мақатаевтың ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Б.Сағантаев «Поэзия! Менімен егіз бе едің? » әңгімесі бойынша сахналық көрініс жазған Бекпанова Б.Т.

(Сахна айналады. Қазақ Ұлттық Университеті .Аудиотрия іші. Бақытбек Мұқағали өлеңін оқып жүр.Аудитория ішіне Дәуірхан мен Жасұлан кіреді.)

Дәуірхан . Жасұлан ,осы сенің оқымайтын кітабың,білмейтін жазушың жоқ.

Жасұлан . Мені қойшы,ана Бақытбекті айтсаңшы.Оған жету қайда! Әдебиет туралы әңгіме қозғасаң ,тоқтата алмайсың. .Күндіз қолында,түнде жастығының астында.Оқитыны-Мұқағали Мақатаевтың жыр кітабы.Қолынан бір тастамайды -ай сабазың! Мұқағалидың поэзиясы десе, ішкен асын жерге қояды.Сол кітапта бір сиқыр бар сияқты,дуалап қойған ба? Әне,өзі де келе жатыр. Мен қазір бір әңгіме қыздырайын.( Бақытбекке бұрылып)

Бақытбек, қазір қазақ совет әдебиетінде шындық ашық жазылмайды. Шыңғыс Айтматов пен Мұхаметжановтың бірігіп жазған «Көктөбедегі кездесу» атты пьесасы ғана ірі жаңалық болды.Кешегі көрген Оралхан Бөкейдің «Құлыным менің» атты спектаклі қандай сәтті шыққан. Жастардың өмірі әдемі сомдалған.

Бақытбек. Ақындардан кімді айтасың?

Жасұлан. Фариза,Тұманбай,Қадыр,Сағи

Бақытбек. Мұқағалиді тастап кеттің.

Жасұлан. Жай ақын ғой ол.Өз басым өлеңін оқыған емеспін.Әркім өлең жаза береді ғой.-Ана Әшірбек те бірінші курста «Балапан» деген поэма жазған.Содан бері үш жыл өтті.Жарық көрген жоқ.Енді балапаны өсіп,бүркіт болатын шаққа жетпеді ме? Ақын көп.Нағыз ақын әлі туған емес

Бақытбек. Нағыз ақын туды.Тыңда енді данышпан (өлең оқиды)

Поэзия !

Меніменен егіз бе едің,

Сен мені сезесің бе

Неге іздедім?

Алауратқан таңдардан сені іздедім

Қарауытқан таңдардан сені іздедім

Қандай екен,ә?(ол танауын қолымен сүртіп)

Жасұлан. Абайдың сарыны бар екен өлеңінде.Сен жершілдікке салынып отырсың.Мұқағали сенің ауылыңнан емес пе осы? Сонда сыршыл Сырбай, парасатты Қадыр, қыршын кеткен Төлеген қайда кетеді? Бұлардың шоқтығы биік.Мұқағали олардан әлдеқайда төмен жазады.

Дәуірхан. Мұқағали көкең мықты болса,журналдардың бірін басқарып,

бұрқыратып өлең жазбай ма? Атақ алған жоқ. Атақсыз ақын ақындардың мықты тобына ілінбей қалады.

Бақытбек. Сырбай ақынды профессор Қабдолов мақтаса,Мұқағалиды мен пір тұтамын.(орнынан қарғып тұрады)

Жасұлан. Нағыз ақын болса,мемлекеттік сыйлық алмай ма? Бос қаңғыған ақын көп Алматыда.Өздерін өздері ұлымын екінің бірі кездесу сайын кеудесін қағады.Таланттарын Мұхтар Әуезовпен қатар қояды. Мен Мұқағалиды мойындамаймын.

Бақытбек. Мойындамайсың ғой сонымен ?Ашығын айт.

Жасұлан. Енді не істейсің .мойындамаймын.

Бақытбек. Мә,ендеше(Жасулан екеуі арпалысады.)

Жасұлан. Көрсетем көресіңді саған.Мә, саған поэзия (екеуі алысады).

(Сырттан Әшір кіреді.)

Әшір. Ей,жігіттер ,сендерге не болды? Бұларың не? (екеуін ажыратады.)

Жасұлан. Әшірбек ,ашық әңгімеге көшейік,сіз поэзияны ұнатасыз ба?

Әшір. Сонда не, поэзия деп сендерді жын ұрған ба? Мен керек болса,Жамбылдың өлеңдерін жатқа білем.Ал не болды сонша? Тура Ташкенттегі бәдірен сататын өзбектің саудагерлері сияқты алқа-салқаларың шығып.Керек болса,Омар Хаямды да жатқа білем.Онда тұрған не бар екен?

Бақытбек. Мұқағалиды саған мойындатамын әлі.

Назерке. Жігіттер,жақсы жаңалық! Ертең Мұқағали ақынды мына Жаңабек біздің курспен кездесуге алып келеді.Кітабын сатып алыңдар.Арзымайтын тиын.Өлеңі мықты.Бірақ мұқабасы өте нашар.

Жаңабек . Сәке,теңге жағынан қалайсың.Ертең кездесу болады дейді.Кітап сатып алайын.

Дәуірхан .Өзіңде қанша бар?

Жаңабек . Жоқ болып тұрғаны.Қарайласшы.

Дәуірхан . Көк тиын жоқ.

Сая. Менде бар.

Гүлдана.Маған да қосшы.Кітап сатып алайық.

(Бәрі кездесуге дайындалады)

Назерке. Қыздар,жігіттер.Мұқағали ақынмен кездесуге дайындалайық.

Сая. Бари ағай келе жатыр.

Гүлдана. Ағай кездесу болатынын біле ме?

Бари ағай. Ал,балалар,кәне сабақты бастайық.Жаңабек қайда,бүгін тағы жоқ па?

Жаңабек. Сәлеметсіз бе ,ағай!

Бари ағай.(ашулы) Сен сабақтан қашан да қашып жүресің.Деканға дәл бүгін айтамын.

Бақытбек. Жігіттер,жүрегім лүп-лүп етеді. Мұқағали ақынмен кездесетін болғасын қатты толқып тұрмын.

Жасулан. Ақын көкең алдап кетті-ау сені.( Мұқағали кіреді)

Бақытбек. Әне,кірді Мұқағали ақын.

Мұқағали. Армысыңдар,қарақтарым.Шақырған екенсіңдер.,келдім орталарыңа. Мені іздегендеріңе рақмет. Ризамын сендерге.(Бәрі қол соғады)

Бари ағай. Сәлеметсіз бе,Мұқа.Қазір поэзия кеші емес.Стилистика пәнін өтіп жатыр едік.Бұл қалай болды?

Мұқағали .Кім десем,Бәке,өзіңіз екенсіз ғой.(амандасады)Бір сағатыңызды бізге қиыңыз.Мені студентіңіз арнайы шақырып келіп отыр.Талантты жігіт ол(Жаңабектің арқасынан қағады)

Бари ағай. Жаман бала емес,Мұқа.Тек сабақтан қаша береді(Жаңабекке қарап басын шайқайды) Мақұл,кештеріңді бастаңдар.(орындыққа отырады)

Сая. Ағай ,қандай ақынды пір тұтасыз.Кімнің өлеңіне табынасыз?

Мұқағали. Өте орынды айтылған сөз.Абай бабамнан бастап ана орталарыңда отырған жас ақын Үмітбектің өлеңдеріне дейін оқимын.Бәріне табынып,басымды иемін.Ақын әулетін пір тұтамын.Сүйінбай мен Жамбылдан оқып ержеттім.Дарындыны да,дарынсызды да дос еттім. Әр ақын өз шамасына қарай бәйгеге түседі.Көмбе қашық болса,оған Ілияс ақын сияқты Құлагер ғана жетеді.Орта жолда шаң жұтып ,шашалып қалатындар да кездеседі.(саусақтарын салалап,қара шашын артына қайырып қояды)

Жасулан. Ағай, сізге екінші сұрақ. Біз көп ақындармен кездесу өткіздік.Ол кісілер алдағы поэмаларын,романдарын қалай жазатындықтарын,еңбектерін жоғары бағалайтындықтарын , шабыттарына шабыт қосатындарын жасырмайды.Талант деген осы емес пе?

Мұқағали. Інішегім,мен жай ақынмын ғой.Әбділдадай ақынның баулыған шәкіртімін.Қасым ақынды аға тұттым.Төлеген інім еді.Фариза қарындасым.

Өлеңді атақ алуүшін жазбаймын, жаным. Өлең шіркіннің өзі мойныма мініп алып,тепкілеп жаздырады.Жазбасыма қоймайды.Қағаз бен қаламнан басқа досым жоқ.Жансеріктерім солар ғана.Ауруханаға жатып әл үстінде жатсам да,қыр соңымнан қалмайды.Қашсам ,ұстап алып оңаша бөлмеге қамайды.Нағыз талант қара өлең ғой.Оған атақ-даңқтың түкке де керегі жоқ.Солай емес пе,інішегім?

Бақытбек. Ағай,өлең оқыңызшы.

Мұқағали. Ақын іні айтқанда жан қала ма .Оқиын,тыңда, інім.

Алтынай. Мұқағали ағай, ақындықты мансапқа айналдыратындар бар ма?

Мұқағали. Кім біледі? Кейбір замандастарым төрде отырған үлкен кісілерге арнап,поэма,дастандарын жазып,пәтер алып жатқандарын естимін. Мен өзім ондаймен айналыспаймын.

Назерке. Ағай осыған жауап ретінде сіздің өлеңіңізді оқысам бола ма?

...Өлең -менің бар тынысым,

Жақсы сөзім -жаны игі халқым үшін.

Атақ қуып,бақ қуып,даңқ қуып,

Біреулерден жүргем жоқ арту үшін.

Ойлы жас!

Өлең -менің сырласымдай,

Сырлассам да құмарым жүр басылмай .

Айтып өткен ақында арман бар ма,

Жүрегінің түбіне кір жасырмай...

Бари ағай.Мұқа,қолға түсе бермейтін ақын едіңіз.Өлеңді қай мезгілде жазасыз?

Мұқағали. Мен мезгіл таңдап,таң күтетін данышпандарды жек көремін.Жай Мұқағалимын ғой.Жазу,жазбау өзіңе байланысты.Көп ақындар бірінің жазғанын бірі көре алмай,қайтсем басып озамын дейді.Бұл бос әурешілік.Ақын болу үшін көрген,білгенің көп,зердең болу керек.Қазақтың қара өлеңін бала күннен жаттап өскен зерек балалар ғана ақын болады.Талап қана емес,талант шіркін де санаңа берік қону керек.

Алтынай. Ағай,ақындық жол қандай ?

Мұқағали. Ақындық жол -жолдың ең ауыры.Ой мен пікірі жоқ өсекші пенделерден бойымды аулақ ұстап жүремін.Олар кітабымды қиып,мылжа-мылжасын шығарды.Не жазып ,не қойғаныңды білмейсің сонда.Баспадағы мықтылар өлеңімді өзгертіп,сүрлеп,жонып тастайды.Соғыстан соңғы кезде өлең қадірін білетін жандар азайып барады.Сәкен,Ілиястар сияқты асқар ойлы жандар неге ортамыздан шықпайды екен күні бүгінге дейін. Шықса ,

кәне,аяғына жығылып,басымды иер едім.Мұңымды айтып,мауқымды басып,өлең жазар едім.Мына алдарыңда тұрған мен -тіршіліктің тауқыметін арқалап,басымды тау мен тасқа соққылаған Мұқағали Мақатаевпын. Азын-аулақ өмірде жинаған қазынам бар еді.Соны ешкімге қиғым келмейді.

Сая.

...Қазынам бар,

Қисапсыз шектеледі.

Қызғанады,біреулер жек көреді.

Бермеймін де, сатпаймын,көрсетпеймін.

Алам десең,

Алдымен зертте мені...

Ағай сіздің ойыңызды дұрыс түсіндім бе?

Мұқағали.

Кім білсін, қаншама әлі шырқарымды,

Кім білсін , қай күні сенің қырқарыңды,

Мұқағали жоғалса,қайтер дейсің,

Жоғалтпаса болғаны ұрпағымды.(Бәрі қол шапалақтайды)

Жаңабек . Жүріңіз,шығарып салайын.

Дәуірхан.Мұндай ақынды бірінші рет көріп тұрмын.Бойында таланты бола тұра,өзін-өзі мақтамайды.

Бақытбек. (Жасұланға бұрылып) Мойындадың ба,Мұқағали ақынды?

Жасұлан. Мойындадым,бауырым. Құдірет екен.Поэзияның Хантәңірі!

(Шымылдық)








© 2010-2022