Урок по казахскому языку на темуДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР, ТҮРЛЕРІ (5 класс)

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по казахскому языку на темуДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР, ТҮРЛЕРІ (5 класс)Урок по казахскому языку на темуДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР, ТҮРЛЕРІ (5 класс)Урок по казахскому языку на темуДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР, ТҮРЛЕРІ (5 класс)Урок по казахскому языку на темуДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР, ТҮРЛЕРІ (5 класс)Дауыссыз дыбыстар, түрлері


(Ашық сабақ, 5-сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушыларға дыбыстардың жіктелуі, дауыссыз дыбыстар олардың түрлері, жасалу жолдары туралы толық мағлұмат беру; тәрбиелік - оқушыларды сауаттылыққа, көркем жаза білуге, талдау жұмыстарын жүргізуге тәрбиелеу; дамытушылық - ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, ойын, талдау

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, суреттер

Техникалық құралдар: Компьютер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу. 2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

3. Оқушылардың ынта-зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен тақырыптарға шолу жасау

  1. Анықтау сұрақтары

    1. Фонетика нені зерттейді?

    2. «Әліпби» сөзі қалай жасалған?

    3. Қазақ әліпбиі қандай әліпбилердің негізінде қай жылдары жасалды?

    4. Әліпбиде көрсетілген таңбалар?

    5. Әріп дегеніміз не?

    6. Қазақ тіліне тән қанша, қандай дыбыстар бар?

    7. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

  2. Дауысты дыбыстардың жіктелуі


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Дауыссыз дыбыстар, түрлері

  1. а - б, ә - в, о - п, ө - р, ұ - с, т.б

Берілген дыбыстардың айтылуындағы өзгешеліктерді салыстыра отырып, дауыссыз дыбыстың

ережесін шығару.

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

  1. Дауыссыз дыбыстардың түрлеріне сызба арқылы талдау жасау


  1. 262-жаттығу. (Интерактивті тақтадан орындау)

Көп нүктенің орнына тиісті жұп дауыссыздардың тиістісін қой


п-б

... айдасың, са...ар, са...тау, қа...ылда, ла...ылда, са...ақ

т-д

Ба...пақ, қа...ақ, са...ақ, ...ақ, ...абыс, ...алап, ...әрі, ...аналық

к-г

Ә...е, е...ін, кө...тем, кө...ер, ...үл, ...еремет, тө..., тер...еу

қ-ғ

Қа...аз, қа...ты, ба...дарлама, ба...ыр, ...асыр, ...арыш, ...асық, қа...

с-з

А...амат, ба...тыр, сү...бе, сү...істі, ...ағыз, қа...

ш-ж

Ша...пау, қа...ымас, қа...қын, ...апырақ, ...иен, ...аттық, ...алтылда


  1. Оқулықпен, дәптермен жұмыс


  1. 264-жаттығу

Көшіріп жазып, қатаң дауыссыздарды бір, ұяң дауыссыздарды екі, үнді дауыссыздарды ирек

сызықпен сызу

  1. 265-жаттығу

Берілген жұмбақтардың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама беру


  1. Сергіту сәті

Әзіл жұмбақ

Фонетикалық екі ұғым

Бірі мен бірі сыбайлас,

Бірі - айтылады да естіледі,

Екіншісі - жазылады а көрінеді. (Дыбыс, әріп)

Өз құрамында үш буын, жеті әріп бар,

Жалпы қарауындағы әріптері

Құрамындағыдан алты есе көп. (Алфавит)

Бір ағашта отыз жеті алма,

Оны алып жемек болсаң,

Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді

Қалғандары қақтығып барып өтеді. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар)

  1. «Кім тауып оқи алады?»

    1. Берілген тапсырманы дұрыс шеше алсаңыз мақал-мәтел шығады (Жауабы: Оқу - білім азығы)

    2. Дөңгелекке бір мақал жазылған. Оны сағат тілінің бағыты бойынша екі әріптен қалдыра отырып оқысаң, табасың. Ол не деген мақал? (Жауабы: Қарманған қарап қалмас)


ІҮ. Қорыту

  1. Бүгінгі сабақты қалай меңгергенін бақылау үшін сызбаны толтыру. Дұрыс жауабына қосу белгісін қою

Дыбыстар

Қатаң

Ұяң

Үнді

П,ч

+



В,г


+


Р,л,м



+

Щ,х,ч

+



Ж,з,д


+


У



+

Ц

+



К,қ

+



Й,л



+

Ш,с

+




  1. Әліпбиді сөйлетемін

Сабақтың бұл кезңіндегі сызба бетінде ретімен 42 сан тұрады. Әр санның астында әріптер берілген. Әр оқушы өзі қалаған сан астындағы әріптерді ашып, толық талдау жасаймыз. Соңында әліпби толық ашылады.


Ү. Үй тапсырмасын беру.

1. Дауыссыз дыбыстар, түрлері

2. 267-жаттығу

ҮІ. Бағалау

Сабаққа толық, жақсы араласа білген оқушыларды өз деңгейлерінде бағалау.


© 2010-2022