Доклад на тему Мемлекеттік тіл

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мемлекеттік тіл проблемалары мен болашағы.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстанның болашағы мектептен басталады" деп өсер ұрпақтың терең білім беру арқылы өркениетті елдер көшіне ілесу үшін бүгінгі білім ордаларында жаңарту үрдісіне дұрыс ұмтылыс серпілісі байқалады. Білім беру - тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі заңды нәрсе. Бұл үрдістегі басты тұлға - мұғалім. Ұлы ғұлама А.Байтұрсынов ХХ ғасырдың басында "Ең әуелі мектепте керегі - білімді, педагогика мен методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім деген екен". Өткен ғасыр басында айтылған бұл сөз бүгінгі күні де маңызын жойған жоқ. Ендігі жерде бізге керегі қазақ тілді жетік білетін, білікті ұстаз, жұмысқа қабілетті, компьютерді меңгерген және ақпараттан хабардар болатын мұғалімдер. Мемлекеттік тілде сөйлетуді үйретуде, тілдік қатынас жолдарына жағдай жасамау мүмкін емес. Сондықтан тіл үйретуде мұғалім "араласу", " сөйлесу", "үйрену" дегеннің айырмашылығы мен жақындығын дәл сезініп білу керек.

Әр адам қоғам мүшесі, сондықтан өз ортасындағы өзі секілді адамдармен аралысуы оның қоғамдық инстинкті. Әр адам өз міндетін сөйлесу, тыңдау, мазмұндау, оқу, жазу, паралингвистика (интонация, екпін, пауза), қимыл, әрекет арқылы жүзеге асырады.

Ана тілі адамға ана сүтімен енеді. Ол тілді бала естіп, түсініп, үйренеді. Ал қазақ тілі басқа ұлт өкілдеріне бөтен, жат, шет тілі болып саналады. Мұғалімдердің мақсаты - басқа ұлт өкілдерін қазақ тілінде сөйлету үшін, белгілі бір тиімді жолдарды табу, оларды іс жүзінде қолдану, озық ғалым-педагогтардың зерттеген жұмыстарымен практикадан өткізу. Міне, сол жолдардың бір әдісі -қатынастық жол. Осы жолмен жүрген адам белгілі бір шаблонды жаттамай, өмірде керекті мәселеге көңіл бөледі. Мысалы өз ана тілімізде араласу, қарым-қатынас кезінде біз бір-бірімізбен мазмұны мағаналы мәтінмен жұмыс жүргізуіміз керек.

Қарым -қатынастың әдістің жаңалығы неде? Ол тілдік практикалық мақсатты ғана көрсетіп қоймай, оны үнемі қолдануын байқатады. Тілді үнемі практикалық жұмыста қолдану, оқушыларды лингвистикалық манипуляцияларға дұрыс қарауына жаттықтырады. Үйретуді, үйренуді тартымды көрсетеді. Тілдік ойлау - қарым-қатынастық әдістің негізі деуге болады. Оқушының ішкі дүниетаным қызметі жұмыс істесе, ол ойлау қызметіне себеп болады. Ал тілдік ойлау қызметі тілде сөйлеуге себеп туғызады.

Тілдік дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығуларды орындауда негізгі екі топқа қою керек: тұрақты және тұрақсыз. Тұрақты талаптарға сөйлеушінің тілдік мақсатының болуы мен ситуациялық қарым -қатынастың болуы. Оқушының өз ойын дұрыс, тиянақты құрастыра білуі. Тұрақсыз талаптарға үйретілген сөздердің дифференциалды болуы. Материалдың бір тақырыпта немесе логикалық байланысты болу керектігі. Тілді жетілдіру үшін оны күнделікті өмірде жиі қолдану керек. балаларды оқуға баулитын үш күш бар. Олар қызығу, мақсат қою, тіл алу. Қанша дегенмен жасөспірімнің миының жұмыс істеу қабілеті шектеулі, сонымен қатар ол ойнауы қажет, теледидар көру, әдеби кітаптар оқу, т.с.с.

Тіл мәселесі - үнемі даму үстіндегі мәңгі тақырып. Тіл туралы бурын да айтылған, қазір де аз жазылып жүрген жоқ. Мемлекеттік тілдің іргетасын қалайтын - мектеп. Қоғамның саналы азаматын тәрбиелеп шығаруда мектептің ролін айтпауға болмайды. Қазіргі таңда орыс мектебінде қазақ тілін оқыту - үлкен проблемалардың бірі. Орыс мектебіндегі қазақ балаларының да тәрбиесі, олардың болашағы, тағдыры бәрімізді ойландырады. Жасыратыны жоқ, қалалы, ауылды жерлерде де көптеген қазақ балалары да әлі де орысша ойлап, орысша сөйлеуде. Кейбір мектептерде жабдықталған қазақ тілі пәніне арналған кабинеттердің жоқтығы жанға батады.

Тіл адамдар арасындағы қарым-қатынастың құралы ғана емес, дүниетанымның құралы. Қазақ тілі - әлемдік тіл кеңістігіндегі ерекше орны бар, сөз байлығы мол, кемел тіл. Қазақ халқының сұлу, әдемі тілін басқа ұлт өкілдері оқып-үйреніп, таза сөйлеуі - мемлекеттік тілге деген құрмет. Жас ұрпақ білімді, талапты, талантты болуы керек. Қай мамандық иегері болмасын мемлекеттік тілді меңгеруі қажет.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Баяндама

Мемлекеттік тіл проблемалары мен болашағы.



Дайындаған: Молдахмет Г.Н.


© 2010-2022